Home » Мақалалар » МЕМЛЕКЕТТІҢ БӘСЕКЕЛЕСТІК ДЕҢГЕЙІН КӨТЕРУ АРҚЫЛЫ ПЕДАГОГТІҢ  МӘРТЕБЕСІН АРТТЫРУ

МЕМЛЕКЕТТІҢ БӘСЕКЕЛЕСТІК ДЕҢГЕЙІН КӨТЕРУ АРҚЫЛЫ ПЕДАГОГТІҢ  МӘРТЕБЕСІН АРТТЫРУ

Бүгінде әлем  Төртінші өнеркәсіптік революция дәуіріне, технологиялық, экономикалық және әлеуметтік салалардағы терең және қарқынды өзгерістер кезеңіне қадам басып келеді. Жаңа технологиялық қалып біздің қалай жұмыс істейтінімізді, азаматтық құқықтарымызды қалай іске асыратынымызды, балаларымызды қалай тәрбиелейтінімізді түбегейлі өзгертуде. Осыған орай, Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты Қазақстан халқына Жолдауында бірқатар көкейкесті мәселелер қарастырылды. Соның ішінде, білім беруді жаңа сипатта дамыту, яғни:

  1. 5 жыл ішінде білім, ғылым салаларына барлық көздерден жұмсалатын қаражатты ішкі жалпы өнімнің 10 пайызына жеткізу;
  2. Мектепке дейінгі білім беру сапасын түбегейлі жақсарту;
  3. Орта білім беру жүйесі Назарбаев Зияткерлік Мектептерінің оқыту жүйесі мен әдістемесі мемлекеттік мектептер үшін біріңғай стандарт негізінде оқыту қажеттілігі;
  4. «Педагог мәртебесі туралы» Заң қабылдануы;
  5. Жоғары білім беру ісінде оқу орындарының маман дайындау сапасына қатысты (оқу бітірген студенттің жалақысы жоғары жұмыспен қамтылуы) талаптардың күшейтілетіндігі заңдылық.

Жоғарыда  аталған мәселелер нарықта бәсекеге қабілетті маман даярлап, жоғары сапалы білім беруді қамтамасыз етуді көздейді.  Ендігі   біздің міндет — осы жолдан айнымау. Көрсетілген бағытпен жүру. Жолдауда  жүктелген міндеттер ел халқының бірлесе қимылдауымен, еселі еңбегімен орындалатыны айқын.

Сол  себепті ХХІ ғасыр —  білім мен ғылым ғасыры. Олай болса, барша жастарды Елбасының мығым әрі мықты саясатын қолдай отырып, күш-жігерімізді бір арнаға тоғыстырып, еліміз үшін табысты да тындырымды жұмыс істеуге шақырамын. Демек, елімізді өркендету үшін білімді,  ғылымды меңгерген жастар керек. Өйткені ел ертеңі –жас  ұрпақтың қолында.

 

Шынар Тойганбекова
 ИТжҒЖГПО  кафедрасының меңгерушісі,
п.ғ.к, қ/профессор
Карлыгаш  Бектурганова
ИТжҒЖГПО кафедрасының аға оқытушысы

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.