Home » Жаңалықтар » Мемлекеттік қызмет институтының жұмыс істеуінің заңнамалық негіздері  

Мемлекеттік қызмет институтының жұмыс істеуінің заңнамалық негіздері  

Бүгін Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаментінде «Мемлекеттік қызмет жүйесінің генезисі мен даму болашағы» атты халықаралық   ғылыми-тәжиребелік конференциясының шеңберінде «Мемлекеттік қызмет институты жұмыс істеудің заңнамалық негіздері» тақырыбы бойынша дөңгелек үстел өтті.

Іс-шараға Ресей Федерациясының Новосибирск облысының педагогикалық орта өкілі Виктор Зеленцов, тарих ғылымдарының кандидаты, доценті Жанар Туралина және Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының  Солтүстік Қазақстан облысы бойынша филиалының аға оқытушысы Сергей Могунов, ҚРМҚІ СЖҚІА СҚО бойынша департамент басқармасының басшысы Рамиль Бахриразиев, облыстың мемлекеттік қызметшілері қатысты.

Қосымша баяндамамен сөз алған Сергей Моргунов қазіргі бүгінгі күндегі мемлекеттік қызметке қатысты бірқатар маңызды аспектілерге тоқталып, үстелге қатысушыларды әңгіме үдерісіне белсенді қатыстырып, «Қазақстандағы мемлекеттік қызметті жаңғырту трендтері» баяндамасымен сөз сөйледі.

Талқылау барысында баяндамашылар мен шақырылғандар мемлекеттік қызметшілердің мансаптық өсуі, оқытуына қатысты мәселелер талқыланды.

«Мемлекеттік қызмет институтының жұмыс істеуінің заңнамалық негіздері» атты дөңгелек үстел соңында жиналғандар бейресми жағдайда ұйымдастырылған кофе-брейкте әңгімесін жалғастырды. Рамиль Бахриразиев барлық қатысушыларды мемлекеттік қызмет істері жөніндегі органдардың 20 жылдығымен құттықтап, баршаға денсаулық, амандық және халыққа, мемлекетке қызмет етудегі құрметті еңбекте табыс тіледі.

 

 

 

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.