Home » Жаңалықтар » Мемлекеттік қызмет ардагерімен ғибратты кездесу

Мемлекеттік қызмет ардагерімен ғибратты кездесу

Бүгін ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Маңғыстау облысы бойынша департаментінде 1 қазан — Халықаралық қарттар күні аясында мемлекеттік қызмет ардагері, ел ағасы Айдарханов Тергеу Айдарханұлымен кездесу болып өтті.


Кездесу барысында ардагер қария өзінің Таушық ауылының орта мектебіндегі балалық шағы мен Алматыдағы Қазақ политехникалық институтында оқыған студенттік кезін, басты мамандығы геология саласына қалай келгендігін, еңбек жолы мен комосомол және партиядағы қызметі, Мұнайлы ауданының алғаш рет құрылғандығы, Жетібай кен орнынан Маңғыстаудың тұңғыш мұнайы алынғандығы, сол кездегі КСРО басшысы Леонид Брежневпен кездесудің сәті түскені жайлы сұхбат әңгімесін өрбітті.


Еркін ойлы сұхбат алаңы форматында өткен кездесу барысында мемлекеттік қызметшілер көкейіндегі сауалдарын қойып, қарияның өз аузынан тарихи сәттерге толы өмірі жайлы көп пайдалы әрі танымдық ақпаратты көкейлеріне тоқыды.


Іс-шара соңында аумақтық департамент басшысы Нұргүл Жанназарова Халықаралық қарттар күнінің тәрбиелік мәні, келешек ұрпаққа берер өнегесі зор екендігін айта отырып, мемлекеттік органдардың қалыптасуы мен дамуына елеулі үлес қосқан ардагер ағамызға ұжым атынан алғыс хатты табыс етті.


«Рухани жаңғыру» бағдарламасының «Өзгерістерді өзіңнен баста» кіші бағдарламасы аясындағы осындай мазмұны терең кездесулер одан әрі жалғасын табатын болады.

 

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің

Маңғыстау облысы бойынша департаментінің

баспасөз қызметі

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.