Home » Жаңалықтар » Мемлекеттік тіл-тұғырым!

Мемлекеттік тіл-тұғырым!

Тіл адамзаттың басты қазынасы.Ол тек қана пікір алмасу емес бір халықтың тұнып тұрған тарихы, мәдениеті мен дәстүрі. «Тілінен айырылған жұрт –жойылған жұрт». Алаш арысы Халел Досмұхамбетұлы осылай деп кеткен. Ата тіліміздің қадірі туралы талай ғасыр айтылып келеді. Солардың бірі Елбасының Қазақстан халқына Жолдауында көрсетілген. «Төртінші өнеркәсіптік революция жағыдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» аясында 10 міндет қойылған. Біз жетінші міндетіне тоқталамыз. Адами капитал-жаңғыру негізі. Білім берудің жаңа сапасы. Қазақстандықтардың болашағы –қазақ,орыс және ағылшын тілдерін еркін меңгеруінде.Егер біз қазақ тілі ғұмырылы болсын десек,оны жөнсіз терминологиямен қиындатпай ,қазіргі заманға лайықтауымыз қажет.Осы тұрғыда қазір Қостанайда орналасқан ҚР Ұлттық ұланы 6697 әскери бөлімі көптеген жұмыстар атқарып жатыр. Қыркүйек айының бірінші аптасынан бастап тілдер апталығы өтті. Бұған облысымызда орналасқан 6697 әскери бөлім сардарлары мен сарбаздар ат салысты. «Тіл халық достығының елшісі» тақырыбында тиматикалық кештер өтсе,жеке құрамның арасында «Мемлекеттік тілде салт-дәстүрлер» жайлы іс-шаралар өткізілді.Тілдер басқармасының маманы Олжабаева Айгүл, 1-ші жедел мақсаттағы ротасымен «Мемлекеттік тіл-мерейім» тақырыбында сабақ өткізді. Сарбаздарымыз сұрақтар қойып, өздеріне керек жауаптарын алды. Сабақ барысында 2025 жылға дейін білім берудің барлық деңгейінде латын әліпбине көшудің нақты кестесі туралы айтылды.

 Қымбат ШҰҒАЙЫП
Кітапхана бастығы
Кіші сержант
6697 әскери бөлім

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.