Өткен тарихымыз бізге талай-талай тағылым қалдырды. Халық өзекті өртер өкінішті сәттерді бастан кешті. Ал бүгін қазақстандықтар өз тағдырына өздері ие. Жаңа ғасыр келіп, Қазақстанның тарихындағы жаңа белестер бағындырылуда.
Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың жаңа «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласында қазақ тілін латын қарпіне аудару қажеттілігі туралы мәлімдеді. Тәуелсіз еліміздің латын әліпбиіне көшуі тегін емес, ел үшін жеке басын сипаттайтын, ешкімге еліктемей ұлттық қадамымызды одан әрі нық қалыптастыру мақсатында іске асырылайын деп отыр. Ұлы дала елі үшін әр кезеңдерде және әр аймақтарда келесі жүйелер пайдаланылған:
Көне түркі жазуы (Орхон-Енесай жазуы деп те, руниалық жазу деп те аталады) — б.з. V — X ғасырларда түркі тайпаларының жазуы. Оның руниалық жазу деп аталу себебі — германдық халықтары өзінің ертедегі пайдаланған руна жазуына ұқсас болғандығынан. Көнетүркі жазуы қалпы Қазақстан жерінде тұрған, сосын қазақ этносына сіңірілген, көшпелі түркі тайпаларымен қолданған.
Бірнеше ғасыр бойы қазақ халқы араб графикасына негізделген әліпби жүйесін пайдаланып келгені мәлім. Қарахан әулеті мезгілінен X ғасырдан бастап Қазақстан жерінде түркі тіліндегі мәтіндерді жазып алу үшін пайдаланылған. XII—XIII ғасырлар аралығында Әрмен патшалығына көшіп барған қыпшақтар қыпшақ тілінде ауқымды діни, заңгерлік және тағы басқа әдебиетті шығарды. Ол қыпшақ тілінің көне қазақ тілінен айырмашылығы — әрмен-қыпшақ тілінде әрмен-християн ұғымдары көп қолданылады. Бұл мәтіндер әрмен әліпбиімен жазылды. Олардың бүкіл дүние жүзіне тарап кеткен ұрпақтары XIX ғасырдың соңына дейін шаруашылық жазбалары, жеке хаттар, т.б. секілді күнделікті жазбаларын әрмен-қыпшақ жазуымен жүргізіп келді.
Алғашқы қазақ кирилл әліпбиін XIX ғасырда Ыбырай Алтынсарин жасап шығарған. Кирилл әліпбиінің негізінде православ миссионерлері діни әдебиет және «орыс-түзем» мектептеріне арнап қазақ «миссионер» әліпбиі жасалды. Онда түрлі қосарланып жазылатын және диакритикалық таңбалар қолданылды. «Миссионерлік әліпби» 1917 жылға дейін шектеулі дәрежеде қолданыста болған. Біз дара, талантты халықпыз, біздің ұлтымызға әліпбидің ауысуы қиынға соқпайтындығы баршамызға мәлім. Себебі халқымызға бұл әліпби таңсық емес: 1929-1940 жылдары аралығында латын қарпі қолданыста болғандығынан.
Бүгінде кез келген азамат латын әліпбиін білмесе де оның ішіндегі әріптерді оқи алатынымыз айқын. Жазу тарихында қазақ тілінің әліпби жүйесі бірнеше тарихи кезеңдерді басынан өткізіп, ұлттық әліпби деңгейіне жеткен. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың латын әліпбиіне көшудің тиімділігі туралы мәлімдемесінен кейін де әліпби туралы пікірталастар толастаған жоқ. Өркениет өлшемі де, мемлекеттің келешегі де қашанда қоғамдағы білім деңгейіне тәуелді. Ұлы дала елінің тағдыры үшін, өткен ата-бабалар мен болашақ ұрпақ алдында ең бағалы құндылығымыз – егемендігімізді, тілімізді сақтау.
Өмірбек Гүлден Қуанышбекқызы
Көкшетау қаласының №2 орта мектеп лицейінің
тарих пәні мұғалімі