Home » Мақалалар » Мемлекеттік тілді меңгеру – заман талабы

Мемлекеттік тілді меңгеру – заман талабы

     Егеменді еліміздің талабына сай мемлекеттік тілді меңгеру, оқыту, қазіргі заманға сай білімді де, тәрбиелі ұрпақ тәрбиелеу педагогтар еншісінде. Баланың тұңғыш рет мектеп табалдырығын аттап, білім алуға ден қоюуы – оның өміріндегі дамуының негізгі кезеңі. Осы кезеңнен бастап баланың мінезі және жеке ерекшеліктері қалыптаса бастайды.Мектепалды даярлық балаларын тәрбиелеу-оқыту жұмысында балалардың тілін дамыту, сөздік қорларын дамыту, ауызша сөйлеуге үйрете отырып, үйренген сөздерін күнделікті өмірде еркін қолдану, әрі оны күнделікті іс-әрекет кезіндегі тілдік қарым-қатынаста қолдана білуге жаттықтыру ісіне ерекше мән берілген.
Мектепалды даярлық кезеңіндегі балалармен сөздік жұмысын жүргізу ісі- тіл дамытудың негізгі бір міндеттері болып есептелінеді.
Балалармен сөздік жұмысын жүргізе отырып, оларды айналасындағы заттармен таныстырып, атын атай білуге, қасиеті мен сапасын, түр-түсі және пішінін ажырата білуге, өмірдегі, қоршаған ортадағы түрлі құбылыстар жайындағы ұғым, түсініктерін дамыта отырып, белсенді түрде тілдік қарым-қатынас жасай білуге қалыптастырамыз.
Сөздік қорды дамыту ісін ұйымдастыру жұмысында ойын сабағы ең негізгі орын алады.
Бақылау, заттарды қарау, сурет қарау, жұмбақ шешу және құрастыру, саяхат, ойын-сабақтарын ұйымдастыру барысында балалардың сөздік қорларын дамытады.
Ойлау және оқыту үрдісінде оның дамытудың жолдары.
Ойлау дегеніміз — әлеуметтік жағдаймен ұштасқан, тілмен тығыз байланысты психикалық процесс, сол арқылы болмыстың, дүниедегі нәрселердің жалпы және жанама бейнеленуі. Бұл бейнелену адам ойының талдау және біріктіру әрекеттері арқылы танылады.
Ойлау — сыртқы дүниедегі болмыстың жалпы жанама жолмен біздің санамыздағы ең биік сатыдағы бейнесі. Ойлау адамның өмір тәжірибесі мен практикалық іс-әрекеттері нәтижесінде пайда болып, тікелей сезім процесінің шеңберінен әлдеқайда асып түседі.
Ойлау — адам соның арқасында заттар мен шындық құбылыстарын олардың елеулі белгілері бойынша бейнелендіретін және олардың ішінде сондай-ақ арасында болатын әр түрлі байланыстарды ашатын психикалық процесс.
Ойымызды қорытындылай келе, баланың логикалық ойлауын дамыту бағытындағы жұмыстар жүйеленді және оны ұйымдастырудың тиімді жолдары, әдіс-тәсілдері айқындалады, ол өз ретінде, балалардың логикалық ой-қабілеттерін қалыптастыру жұмысының жағдайын бір шама арттыра түседі. Баланың ойлау және сөйлеу қабілетінің дамуы саусақтарының ұсақ бұлшық еттерімен, қолдарының қимыл үйлесімділігімен тығыз байланысты екенін ескерген жөн. Суретті жақсы салатын және әдемі жазатын балалардың байланыстырып сөйлеу және ауызша- логикалық даму деңгейлерінің жоғары болатыны белгілі. Бала саусақтарының ұсақ бұлшық еттерін дамыту үшін әр түрлі заттарды саусақтармен теру,алуан түрлі және әр түрлі көлемдегі тығындар мен бұрандаларды бұрау, илеу, жапсыру, сурет салу, үзік сызық сызу сияқты түрлі жаттығуларды пайдалануға тапсырма беріледі. Жаттығулар ішінде қарындашпен сурет салу мен үзік сызық сызудың мәні зор. Оқулықтағы тапсырмалардың осы түрлерін ұсынады. Оларды орындай отырып бала қолдарының қимыл үйлесімділігі мен саусақтарының ұсақ бұлшық еттерін дамытып қана қоймайды, сонымен бірге ерікті зейінін, есте сақтау, көру және ойлау қабілеттерін дамытады және қағаз бетінде бағдарлау мен  өз әрекетін бақылауды үйреніп, алдына қойылған міндеттерді орындау барысында тапжылмай жұмыс істеуге дағдыланады, ынтасы, талабы артады. Қоршаған орта құбылыстары, заттар туралы түсінігі тереңдеп, өз қабілет мүмкіндігі сезінеді. Графикалық тапсырмаларды орындау барысында балаға үзік сызық сызу мен сурет салуға қойылатын талаптарды қатаң сақтау және үзік сызықты көрсетілген бағытта ғана сызуды, олардың арасында бірдей қашықтық сақтауды, сурет шегінен шығып кетпеуді ескерту керек. Мұндай тапсырмаларды орындау үшін балаға жақсы ұшталған түрлі-түсті қарындаштар қажет. Бала суреттерді мұқият қарап, тапсырманы орындау кезінде тәжірибесін пайдаланып, бейнені толықтыра түседі. Ол жағдаяттарды қиыстырып, өз үлесіне икемдейді. Нәтижесінде оның өзіндік ішкі позициясы, негіздей алатын пікірі туады. Мұндайда баланың сөзін бөлмей оны тоқтатпай, асықпай тыңдау өз әрекетіне өзінің баға беруіне мүмкіндік жасау. Баланың шығармашылақ белсенділігіне қолдау көрсетіп, тіпті елеусіз деген табыстарын ескеру қажет. Әр сабақтан соң балаға парақ соңындағы жолақты өзі қалаған түске бояуға тапсырылады. Таңдаған түсіне қарап, сол сәттегі эмоционалдық – психикалық күйін аңғаруға болады. Кітап – дәптер бақылау тапсырмаларына құрылған. Тіл дамытудағы сабақ бір-бірімен пікір алысу, қарым-қатынас құралы болып қоймай, қазіргі кезеңде – кез-келген адамның мәдени және рухани өсуінің басты көрсеткіштерінің бірі саналады.
Сондықтан да жас ұрпақтың тіл дамыту жұмысын отбасында баланың кішкене күнінен бастап қолға алудың қоғамдық әрі тәрбиелік мәні зор. Өйткені мектепке дейінгі шақ баланың тіл құбылыстарына аса сезімталдығының байқалатын кезі сондай –ақ бұл шақта баланың өзін қоршаған дүниені танып білуі құмарлығы, қызығушылығы ерекше дамиды.    Ұстаз тарапынан барынша ынталылық пен табандылық қажет. Өйткені халық айтқандай, ұстаз тамшысымен тас тесетін бейне су тәрізді. Егеменді еліміздің жас ұрпағын жан-жақты дамыта отырып тәрбиелеу, басты міндет болып саналады..

Адамбекова Ж.Б.
№177 ЖББМ Бастауыш пәнінің мұғалімі,
Алматы қаласы, Жетісу ауданы

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.