Мектеп әндерімен жұмыс жасау, ең әуелі орындалар шығарманы жан жақты талдаудан басталады. Орындалар әннің мазмұны мен құрылымын, шығу тарихы мен коркемдің маңызын, орындау стилін анықтап алған жон. Әнді шығарған сазгер жайлы қысқаша мағлұмат берілсе оте дұрыс. Шығарманың қандай жағдайда жазылып нені суреттейтінін, олшемі мен ырғақ ерекшеліктерін, екпінін, дыбыс реңі мен құрылымын, оны сүйемелдеу түрін анықтап алу қажет. Аспапта сүйемелдемес бұрын әннің вокалдық партиясын, текстін әндете айтып, фразаның қай жерден басталып аяқталатын кезеңдерін, тыныс алып, ауыстыратын жерлерін айқындап алған жон. Содан кейін сол әуенді бұлжытпай сырнайдың сазымен әсерлі де мәнерлеп ойнап, оқушыға, ән айтушыларға жаттатқан дұрыс. Әнді жаттату кезінде интонация тазалығы туралы, музыканың озіндік дыбыс мәнерін, үндік бояуы мен ырғақ ерекшеліктерін оқушылардың есіне сала кеткеніміз жон. Сондай ақ осы кезде сырнайшы сүйемелдеушінің озі де әуенге қосыла әндетіп, бас изеуі арқылы тыныс алатын, фразаның басталып аяқталар жерлерін корсетіп отырса, оқушылардың музыкаға деген ынта қабілеттерінің арта түсері сөзсіз. Сөйтіп, сырнайшы сүйемелдеуші мұғалім тек аспапта ойнап қана қоймай әрі жетекші, жол корсетуші, басқарушы қызметін де атқаруы тиіс. Әннің создері анық, таза естілуі үшін сырнайдың дауысы әншінің дауысын басып кетпеуін қадағалап, әркез аспаптың дауысымен әншінің дауысының арасындағы үйлесімділікті, саздық, ырғақтық, коркемдік бірлестікті сақтауға тырысуымыз керек. Ән айтушы мен сүйемелдеушінің арасында озіндік музыкалық, коркемдік шығармашылық байланыс туады. Байланысты әрекеттердің бір мақсатта жүргізілуін мынандай дағдыларды меңгеру арқылы іске асыруға болады:
- Әннің әуен сазын сырнаймен қосылып бірігіп орындау;
- Сырнайдың сол жақ сүйемелдегіш аккордтарымен бірге әннің әуенін қосыла айту;
- Сүйемелдеусіз әуенді орындау;
- Сүйемелдеумен әнді бірге қосылып орындау;
- Әншінің дауысымен сырнайдың дауысын қадағалау;
Осы дағдыларды іске асыру мақсатындағы жүргізілген жұмыс нәтижесінде үлкен табыстарға жетуге болады. Қазіргі заман талабына сай музыка пәні мұғалімдерін жаңа технологиялардың жетістіктерімен, жаңалықтармен дер кезінде қаруландырып қажет. Сол себепті де болашақ музыка пәні мамандарын соңғы кезде қолданысқа ие бола бастаған Sibelius және Final нота редакторын жаппай меңгерту қажеттілігі туындап отыр.
Sibelius нота партитураларын жазатын танымал электрондық нота редакторы. Бұл бағдарламаны қазіргі кезде композиторлар, музыка оңдеушілер, орындаушылар, музыкалық баспаханалар, оқытушылар мен студенттер музыкалық партиялар жазу үшін кеңінен қолдана бастады. Sibelius бағдарламасын 1986 жылы Бен мен Джонатан есімді егіз фин азаматтары ойлап шығарған. Алғашында 199 Sibelius 3 жылы Acorn Risc PC компьютеріне, кейін 1998, 1999 жылдары Windous пен Mac компьютерлерінде қолдануға болатын болды. Sibelius бағдарламасының негізгі бәсекелесі Final бағдарламасы боп келеді және бұл бағдарлама да кеңінен қолданыста. Sibelius бағдарламасымен терілген ноталар партитурасын тыңдай аламыз. Бағдарламаның мүмкіндігі шексіз. Партитураның дыбыс жолын кинода, телевидениеде, театрда және басқа мақсаттарда қолданылып жүр. Бағдарламаның жүзден аса елдерде, жүз мыңдаған қолданушылары бар. Бағдарлама аты және оны шығарған фирма белгілі фин композиторы Ян Сибелиустың атымен сәйкес. Бірақ, ағайынды финдер бағдарлама аты мен композитордың еш байланысы жоқтығын айтады. Уақыт оте келе бағдарлама жаңарып келеді. 2011ж. Sibelius 7, 2015ж. Sibelius 8, ал 2016ж. 8.2 нұсқалары шықты. Өзім қазіргі кезде бұл бағдарламаны кеңінен қолданамын. Негізгі аспап (баян) пәніне қажетті коптеген материалдарды, күрделі шығармалардың партитураларын колледж студенттеріне лайықтап, жеңілдетіп жазып жүрмін. Студенттерге әдістемелік көмекші құрал ретінде «Полифониялық шығармалар», «Халық ән күйлері мен пьесалары» және «Мектеп және балабақша әндері» атты жинақтарымды осы бағдарламамен жазған болатынмын. Сонымен қатар бағдарламаны студенттеріме де үйретіп, олардың компьютерлеріне де енгізілді. Қазіргі таңда студенттердің бұл бағдарламаға деген қызығушылықтары оте жоғары.
Бакимов Бақытжан Нагимович,
БҚО, Орал гуманитарлық техникалық колледжі,
музыка кафедрасы меңгерушісі және
негізгі музыкалық аспап (баян) пәні оқытушысы