Наурыз қазақ күнтізбесінде бірінші айдың аты. Наурыз ˗ мұсылман халықтарының мейрамы. Бұл ˗ ұлт мейрамы. Наурыз сөзі «нау»-жаңа, «рыз»-күн дегенді білдіреді. Малдың төлдеп, ақтың молаюының белгісі. Күн мен түн теңеледі. Наурыз ˗ жаңа жыл тойы. Наурызды әр ел қуанышпен қарсы алады. Наурызда адамдар бірін-бірі құттықтап, мерекелік дастархан жаяды.
«Ақ мол болсын!», «Ұлыс оң болсын!» деп ақсақалдар бата беріп, ырымдарды айтып көрші-қолаңдарға қонаққа барады. Осындай керемет мерке біздің салтымызда да бар. Жыл басы наурыз мерекесінде айтыс өнері көрсетіліп, ұлттық ойындар ойнатылып, ән салып, би билеп үлкен салтанат құрады. Халықтар бұлақтарды тазалап, ағаш отырғызады.
Ағымдағы жылдың наурыз айында Астана қаласының №84 мектеп-лицейінің 4 «Ә» және 2 «Б» сыныптарында наурыз мерекесіне орай іс-шаралар өткізіліп, жалғасын табуда.
Мақсаты: ұлтжандылыққа, салт-дәстүрімізді қадірлей білуге, ұйымшылдыққа, ұжымдағы бірлікке, өнерге баулу болып табылды.
Өскелең ұрпақты іскерлікке, тапқырлыққа, ізгі қасиеттерге баулу, салт-дәстүрімізді қадірлей білуге, бақытты және табысты болуда тәрбиелік мәні де өте зор.
Сонымен қатар, іс-шараның маңыздылығы мектеп, оқушы, ата-аналармен тығыз байланыста болу жұмыстың бір түрі болып табылады.
Мерекелік іс-шарада оқушылар ата-аналарға арнап әзірлеген концертте қойылым көрсетіп, би билеп, ән салып, тақпақ, өлеңдер айтып, ұлттық ойындарды көрсетіп, өз өнерлерін ортаға салды.
Әр отбасына бақыт, ынтымақ тілеп, мерекелік көңіл-күймен іс-шараны аяқтады.
Бұл іс-шара мектеп, оқушы, ата-аналармен тығыз байланысының бір көрінісі болып табылады.
Астана қаласы №84 мектеп-лицейінің
мұғалімі Т.Т. Жағыпарова