Еліміздегі мектеп оқушыларының көктемгі демалысы 12 күнге созылады. ҚР Білім және ғылым министрлігі баспасөз қызметінің хабарлауынша, оқушылар наурыздың 20-сы мен 31-і аралығында демалатын болады. 4-тоқсан сабағы 1 сәуірде басталады.
Еске салайық, оқу жылының 3-ші тоқсанынан бастап бітіруші сыныптар (9,11,12 сыныптар) санитарлық-эпидемиологиялық талаптар сақтала отырып, аралас оқыту (пәндердің 70 пайызын – дәстүрлі форматта, 30 пайызын – қашықтан) форматына көшірілді. Сондай-ақ ҚР Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің жаңа қаулысына сәйкес, 1 наурыздан бастап мектептерде білім беру аралас форматқа көшірілді. Оған сәйкес, 1-5-ші сынып оқушылары түгел мектептен оқи бастады.