Home » Жаңалықтар »   Мектеп мақтанышы

  Мектеп мақтанышы

«Кеңгір селосының №2 ЖОББМ» КММ-нің талантты да дарынды оқушылары Қарағанды облысында өткен II Республикалық «Жас толқын» байқауына қатысып, жүлделі орындарға ие болды.Байқауға қатысқан оқушылар әр түрлі бағыт бойынша бақ сынасты.

Атап айтсақ, Көркем сөз номинациясы бойынша 5 сынып оқушысы Испандияр Нұрдаулет бас жүлдені иеленді. Жетекшісі қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі Ағыбаева Самал Оразқызы.

Көркем сөз номинациясы бойынша 4 сынып оқушысы Төребек Ізбасар жүлделі I орын алса, «Вокал» номинациясы бойынша 4 сынып оқушысы Жақсылық Санжар жүлделі III орын иеленді. Жетекшісі Умурзакова Динара Канатовна. Сондай-ақ «Аспапта ойнау» номинациясы бойынша Асылбеков Ақберді   бас жүлдеге ие болды.Сонымен бірге Астана қаласында өтетін «Жұлдызды балақай» байқауына шақырту алды. Сапабек Уалихан «Аспапта ойнау» бағыты бойынша жүлделі I орын иеленсе, Бұхарбай Рауан жүлделі II орын иегері атанды. Жетекшісі Асқар Дәулет Айтболатұлы.

Өнер додасына үкілеп қосқан өрендерімізді Қазақстан Республикасының халық әртісі, парасат орденінің иегері жұлдызды әнші М.Ильясова естелік сыйлықтар таратып алғыс хаттармен марапаттады. Сайысқа қаланың түкпір-түкпірінен жүзден аса өнерлі балалар қатысты. Оқушылардың алар асулары, бағындырар белестері көп болсын. Әрқашанда мектебіміз биіктерден, шығармашылықтың шыңынан көріне берсін!!!

 

Когамова Молдир Мукатаевна
«Кеңгір селосының №2 ЖОББМ»КММ
Қарағанды  облысы
Жезқазған қаласы

 

 

 

 

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.