Home » Жаңалықтар » Мектеп-лицейдің өз жылыжайы бар

Мектеп-лицейдің өз жылыжайы бар

Қызылорда қаласындағы №15 мектеп-лицейі БҰҰ Даму бағдарламасы аясында «SAMSUNG» компаниясының «Жылыжай» жобасы бойынша грант ұтып алған болатын.

Құны 2 млн 200 мың теңге болатын жоба оқушыларға тәжірибе жасауға, биология сабағындағы теориялық білімдерін практикалық жұмыспен ұштастыруға мүмкіндік береді. Мектеп мұғалімдері жаңа жоба оқушыларды еңбекке баулуға сеп болып, болашақта олардың ауылшаруашылығы саласындағы мамандықтарға деген қызығушылығын оятады деген сенімде.

Қазір жылыжай салынып бітті, енді оның жұмысын мектеп ардагерлері, мұғалімдер, оқушылар мен ата-аналар бірлесе атқарады.

М. Ақынұлы

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.