Home » Мақалалар » Мектеп кітапханасы – сапалы білімнің сенімді кепілі

Мектеп кітапханасы – сапалы білімнің сенімді кепілі

Мектебімізде оқушылар мен ұстаздарға арналған, том-том кітаптар жиналған қасиетті орын бар. Ол — мектеп кітапханасы, кішкентай болғанымен атқарар қызметі үлкен. Кітапханашылар Үмбеткалиева Бибігүл және Тулегенова Айша апайларымымыз сұраған кітаптарымызды тауып беріп, алған кітаптарымызды ұқыпты, таза ұстауға кеңес береді. Біз осы жерден қажетті әдебиеттер жаздырып алып, білімдерімізді толықтырамыз. Кітапханада көптеген іс-шаралар, көрмелер ұйымдастырылады. Мысалы: «Кітап оқу күні» тәрбие сағаты, «Мейірім төгетін ана» атты С.А.Назарбаеваға арналған бұрыш жасақталып,  «Алтын  жүрек анамыз» атты мәнерлеп оқу сайысы, т.б. бірнеше көптеген іс-шаралар өткізіліп тұрады.«Балалар көркем әдебиеті», «Салауаттылық және денсаулық», «Әдістемелік құралдар», «Мәңгілік ел-менің арманымның мекені», «Атырау -туған өлкем» т.б. бұрыштар жасақталған.
Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан-2030» бағдарламасында «ХХІ ғасырда білімсіз мүмкін емес. Халықты салауатты да сауатты бағыттауымыз керек» бүгінгі күні жас ұрпаққа берілер білім мен тәрбиенің өз мәнінде сапалы болуы бірінші кезекте тұрғаны анық. Осыған орай еліміздегі бірден-бір рухани қазына ордасы – мектеп кітапханасының алар орны ерекше» — деген еді.

 

Аружан Амангелдиева,
Атырау қаласы,
№26 С.Датов атындағы орта мектептің
5 «б» сынып оқушысы

 

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.