Home » Мақалалар » МЕКТЕП КІТАПХАНАСЫ

МЕКТЕП КІТАПХАНАСЫ

Уразалина Г.Д.
Рудный қаласы әкімдігінің
«№19 орта мектебі» КММ
кітапханашысы

 

Қазіргі заман балалары мен жасөспірімдері үшін кітап оқу дегеніміз не? Кітапханаға жаңа оқырмандарды қалай тартуға болады? Оқушылардың ақпаратты «сорып алатын» адамдарға емес, керісінше ойлы оқырмандарға айналуына қалай көмектесу керек? Мектептегі кітапхана мен мектеп өміріне тартылғандардың барлығы: оқушылар, мұғалімдер, ата-аналар кез келген жағдайда тап болатын ерекше ақпараттық тіршілік ортасы қандай болуы тиіс?
Осы мәселелер үнемі кітапханашылардың назарында болады. Оның жауаптарын арнайы әдебиеттен, әріптестерінің тәжірибесінен, өз іс-тәжірибесінен, жүргізілген әлеуметтік зерттеулерден табады. Кітапханашы үшін оқырман оқушылардың, мұғалімдердің пікірлері де аса маңызды. Оқушылар не оқиды және замануи мектеп кітапханасы туралы не ойлайды? Оларға мұнда не қызықты, не қызықсыз? Олар нені күтеді?
Оқырманмен жақындасуға мүмкіндік беретін көптеген әртүрлі құралдар мен тәсілдер бар: жеке сұхбаттар, бұқаралық іс-шаралар барысындағы диалог, кітапханаға келетін оқырмандарды бақылау. Оқырманды зерттеу тәжірибесі көрсеткендей, барынша әсерлі әрі тиімді формасы – сауалнама алу.
Барлық оқушылар мектеп кітапханасын пайдаланады және қосымша орталық қалалық кітапхана мен оның бөлімшілеріне барады. Оқушылардың мәліметтері кітап оқудың негізінен іскер және танымдық сипатқа ие, балалар мектеп бағдарламасы аясындағы кітаптарды ғана оқиды. Классикалық және замануи фантастика жанры шығармаларының авторлары күткеннен аз оқылады. Қазіргі шетелдік (XX ғасыр) және орыс әдебиеті мүлдем оқылмайды.
Бүгінде кітап оқу білім алудың негізгі құралы емес. Көркем немесе басқа әдебиет оқығанның орнына балалар мен жасөспірімдер компьютерлік және интернет-ресурстарды қолданады. Қазіргі нарық жас тұтынушылардың сұраныстарын сезінеді, оларға қолжетімді бағамен барлық мүмкін ақпараттық және ойын-сауық жобаларын ұсынады. Интербелсенді  және медиақұралдардан көптеген қызықты ақпараттар туып, таныс актёрлердің ойыны арқылы көркем шығармадан ләззат алуға болады, сонымен қатар толықметражды, анимациялық, мультипликациялық фильмдер көруге болады және т.б. Соңғы кездері аудиокітаптар да кеңінен таралуда.
Кітапханашылар мен мұғалімдер серіктестігі оқушылар сауаттылығы деңгейін арттыруға ықпал етеді, оқу, есте сақтау, тапсырмаларды шешу машықтарын дамытуға, ақпараттық-коммуникативтік технологияларды қолдану машықтарын қалыптастыруға септігін тигізеді.
Мектеп кітапханасындағы жұмыстың кабинетте өтетін өзіндік, қосымша сабақтан тыс сабақтардан басты айырмашылықтары:

  • Алған білімдерін қайталау мен тереңдетудің ауқымды мүмкіндіктері;
  • Кітапхана қоры мен басқа да ақпараттық құралдарды қолдану.
    Осыған орай, мектеп кітапханасы кітапахана ісі үздік дәстүрлері мен ақпараттық-коммуникативті технологияларды парасатты біріктіру қажет. Қазіргі заман мектеп кітапханашысы мектеп кітапханасында танымдылық пен табыстылық атмосферасын құруға, жаңа ресурстар мен жаңа оқырмандарды мектеп кітапханасына тарту жолдарын ашуға жағдай жасау, өз кітапханасын мектеп пен жергілікті қоғамның орталығына айналдыруға тырысу керек деп ойлаймын.

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.