Home » Жаңалықтар » Мектеп  зертханашыларына арналған курс басталды

Мектеп  зертханашыларына арналған курс басталды

«Өрлеу» БАҰО»АҚ филиалы Атырау облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты  2018  жылдың  8-12 қазан аралығында «Электрондық мультимедиялық зертханалар кешендерімен жұмыс жасау әдістемесі» тақырыбында жалпы білім беретін мектеп зертханашыларына арналған педагог кадрлардың біліктілігін арттыру курсын  өткізуде.

Жалпы  білім беретін мектептердің химия кабинетінің  зертханашысының АКТ дағдыларын меңгерудегі АКТ сауаттылығы мен кәсіби құзыреттілігін дамыту мақсатында ұйымдастырылған курсқа 33 тыңдаушы қатысуда.

Курс барысында  тыңдаушылар зертханашының кәсіби қызметін  нормативтік құжат талаптарына сай жүргізе білуді,  оқу үдерісінде ақпараттық технологияның мүмкіндіктерін смарт-сынып құрылғыларында жұмыс жасауды үйренеді.

Қаленова Гульзахира Сапаргалиқызы
«Өрлеу»БАҰО»АҚ филиалы Атырау облысы бойынша
педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты, 
Қоғаммен байланыс және баспа бөлімінің басшысы

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.