Home » Мақалалар » Мектеп жетістіктері

Мектеп жетістіктері

«ЛОРД дарынды балалар үшін мамандандырылған облыстық мектеп-лицей-интернаты» 1993 жылы құрылған. Біздің лицейдің мақтана аларлық өз тарихы бар.

Ұлтты ұлт етіп, дүниежүзілік деңгейге көтеретін бәсекеге қабілетті ұрпақ тәрбиелеу — біздің алдымызда тұрған басты мақсат.

Біз 25 жыл бойы еліміздің болашағы – Қазақстанда ғана емес, әлемде бәсекеге қабілетті түлектерді дайындап шығарудамыз. Түлектеріміздің 100 пайызы соңғы кезде еліміздің беделді университеттерінде, жақын және алыс шет елдерде білім алуда.

Бүгінгі күні лицейдің негізгі талабы осы білім негізінде өмірге өз көзқарасы қалыптасқан, қазіргі күрделі жағдайда өз бағытын бағдарлай алатын, өмірде бәсекеге қабілетті жеке тұлға ретінде өз орнын табуға қабілетті адамды тәрбиелеу. Осы бағытта мектеп, оқушы, ата-ана болып жұмыла жұмыс жүргізудеміз.

2018 жылы біздің лицей өзінің 25 жылдық еңбегі мен жемісін атап өтеді. Осы жылдардың ішінде біздің ғылым жолын таңдаған түлектеріміз өздерінің еңбек жолдарын әлемнің әртүрлі елдерінде жалғастыруда.

Лицейдің түлектері танымал Должниковтар жанұясының балалары – Дмитрий, химия ғылымдарының докторы, АҚШ-тың Чикаго университетінде ұлттық зертхана меңгерушісі, Алена – химия философиясының докторы, Голландия университетінің оқытушысы, ал Владимир – МГУ университетінің химия факультетінің 4 курсында оқиды. Олар халықаралық олимпиадалардан химия мұғалімі Любовь Павловна Чернявскаяның жетекшілігімен лицейдің қоржынына 14 медаль салды. Осындай мақтанышпен айта алатын түлектеріміз баршылық.

Лицейдің әр жылғы түлектері қазіргі уақытта Назарбаев Университетінде білімдерін жалғастыруда. Атап айтсақ, Амантаева Зарина (2012), Ысқақ Мадина (2013), Алекберова Наргиз (2013), Алиева Диана (2015), Сатрдинова Рената (2015), Аманбаев Чингиз (2016).

Жас ғалымдарды физика және астрономия мұғалімі Константин Андреевич Рыб тәрбиелеп, білім нәрімен сусындатты. Диана Асхатова, Кирилл Бородин, Мария Грызова, Вадим Усик, Рената Садртдинова, Людмила Рванова, Анастасия Мухаряпова астрономия бойынша олимпиададан Қазақстан Республикасының намысын жоғары дәрежеде қорғап, 13 медальмен мектеп мәртебесін тағы да асқақтатты.

Физикадан ғылыми және зерттеу жобалары бойынша халықаралық конкурста жоғары ұпайды Денис Жаровтың жобасы алды (ғылыми жетекшісі Рыб К.А.), Вера Гусева әдебиет бойынша (ғылыми жетекшісі Маторина Н. А.), Михаил Шмурыгин информатикадан – алтын және екі қола (ғылыми жетекшісі Грызов И.В.), Елизавета Иванова әдебиет бойынша (ғылыми жетекшісі Васильева О.В.), Ғалия Кайсина психология бойынша (ғылыми жетекшісі Симонова Е.Г.).

Лицейдің оқушылары халықаралық олимпиадалар мен ғылыми конкурстар бойынша 39 медаль, республикалық олимпиадалардан 75 медаль, облыстық пән олимпиадаларынан 337 жүлделі орындарды жеңіп алды.

2012-2013 жылдарда Республикалық олимпиадаларда жоғары жетістіктерге қол жеткізгеніміз үшін 2012 жылы «Ең үздік олимпиадалық мектеп» атағы берілсе, облыстық олимпиаданың нәтижесі бойынша «Ең үздік олимпиадалық команда» атағы берілді.

2017 жылы ЛОРД өсіп келе жатқан ұрпаққа сапалы тәрбие беріп, білім, ғылым саласына қосқан зор үлесі үшін «Халықаралық экология, инженерия және педагогика ғылымдар академиясы» ҚҚ рейтингі бойынша Қазақстан Республикасындағы 100 үздік оқу орындарының қатарына енді (14 орын). 2018 жылы пәндер бойынша облыстық олимпиададан ЛОРД 19 орын алды, оның ішінде 4 бірінші орын және олар Солтүстік Қазақстан облысының намысын республикалық олимпиадада жоғары деңгейде қорғады.

Ұлттық Бірыңғай Тестілеу нәтижесі мақтануға тұрарлық: жыл сайын өзінің білімді түлектерінің арқасында лицей облыстық инновациялық үлгідегі ең үздік мектептердің қатарына еніп келеді.

Қазіргі кезеңдегі басты мәселенің бірі жаңа технологиялардың дамуы кезеңінде болашақ ұрпақтың тәрбиесі мен білім алуында ұстаздардың атқаратын рөлі ерекше. Егемен еліміздің болашағы, оның әлемдік өркениеттегі өз орны, ең алдымен білім мен тәрбиенің бастауы – ұстаз қолында. Сондықтан да біздің лицейдің ұстаздары көп жылдар бойы шәкірттерін терең білім нәрімен сусындатып келеді.

Бүгінгі күні ЛОРД лицейінде жастардың сапалы білім, саналы тәрбие алу қажеттілігі бірінші орынға қойылған.

Елдің қуаты ең алдымен азаматтарының білімімен өлшенетін заманауи әлемде «қуатты ел» боламыз деп ойлаймыз!

 

Жақанова Гүлжан Шәмілқызы
«Облыстық дарынды балалар үшін мамандандырылған ЛОРД мектеп-лицей-интернаты» КММ директоры
СҚО, Петропавл қаласы

 

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.