«Ойын баланың алдынан өмір есігін ашып оның шығармашылық қабілетін дамытады. Ойынсыз ақыл ойдың қалыптасуы мүмкін емес».
(В. А. Сухамлинский).
Орыс тілін оқыту сабақтарында ойын технологиясын қолдану әдістері мен тәсілдері, ойынның түрлері (дайындық ойындары, шығармашылық ойындары, іскерлік ойындар) қарастырылады. Автор қазіргі мектепке дейінгі мекемелер мен мектептерде ойын әрекеті ойын пәнінің тарауын және тақырыбын түсіну үшін жаңа технология ретінде, жалпы технологияның элементі ретінде, сабақ немесе оның бір бөлігі ретінде қолданылады деген қорытынды жасайды.
«Ойынсыз ақыл — ойдың қалыпты дамуы жоқ және олай болуы мүмкін емес. Ойын дүниеге ашылған үлкен жарық терезе сияқты, сол арқылы баланың рухани байлығымен жасампаз өмірімен ұштасып, айналасындағы дүние туралы түсінік алады. Ойын дегеніміз — ұшқын білуге құмарлық пен еліктеудің маздап жанар оты» деген атақты педагог В. А. Сухомлинский. Ойын — мәдениет феномені. Ол – оқытады, тәрбиелейді, дамытады, ойын-сауық, демалыс уақыттарын сыйлайды. Бала өмірін ойынсыз елестету мүмкін емес. Сондықтан да педагогтар мен психологтардың негізгі мақсаты-ойын процесінде баланың жан-жақты дамуы, танымдық қызығушылығын арттыру, тілін дамыту т.б. Ойын әрдайым оқыту мен тәрбиелеудің мазмұнына сәйкес таңдалынады. Әр түрлі топтарда орыс тілі сабағын қызықты етіп өткізу үшін сабақтарда мынандай ойындар қолданады:
Бұл классификацияға төмендегі ойын түрлерін көрсетеміз:
♦ сенсорлық тәрбиелік ойындар.
♦ сөздік ойындар.
♦ табиғатпен таныстыру ойындары.
♦ математикалық ұғымдарды қалыптастыру ойындары.
♦ дидактикалық ойыншықтармен ойындар.
♦ үстел-үсті ойындары.
♦ сюжетті –рөлді ойындар.
♦ саяхат-ойындар.
♦ ойын-тапсырмалар.
♦ ойын –сөйлемдер.
♦ жұмбақ ойындар.
♦ диалог-ойындар.
♦ қимылды ойындар.т.б
Сабақ өткізгенде ойын тәсілінің мына негізгі принциптерін ескеру тиіс:
- Өтетін материалды игергенде бала тапсырманы ойын ретінде қабылдауы, қызығушылығының арттыру.
- Ұжымдық, яғни балалар ұжымын біріңғай топтастыру.
- Жеке және топтық тапсырмаларды қарсыластарынан бұрын шешу арқылы уақытты үнемдеу және достарына үлгі болу.
- Әр ойынның мазмұнында жаңа элементтер болуы тиіс.
- Балаларға ойынның пайдасын айтпау керек.
- Ойын ол сабақ емес, ол жаңа тақырыпқа балаларды қатыстыратын ойын әдісі.
- Тәрбиешінің эмоциясы сол іс-әрекетті қалай сезінуіне байланысты болуы керек.
- Ойын — ол диагностика құралы, бала ойын кезінде барлық жағымды, жағымсыз қасиеттерін көрсете алады.
Сабақта қолданатын ойындар алуан түрлі. Ойынның бір ерекшелігі, ол балалардың сабақта өздерін еркін ұстауына, ойларын қысылмай айтуға жағдай жасайды.
Педагогикалық ойынның маңызы зор. Ойын біріншіден, білу және үйрену, екіншіден, адамның ойнай отырып, өзіндік білім алуы өмір тәжірибесін жинақтауға көмектеседі.
Ойынның кәсіптік, әуестену, оқу — жаттығу ойындары сияқты түрлері бар. Ол дем алу, көңіл көтеру бола тұра оқуға, шығармашылықта, емдеуде, адам қарым-қатысының типтерінің модельдерінде, еңбекте көрініс табады. Ойынды ерте заманнан үлкендердің іс — тәжірибесін жеткіншек ұрпаққа жеткізу үшін пайдаланған. Қазіргі мектепке дейінгі мекемелерде және мектептерде де ойын әрекеті ойын пәнінің тарауын және тақырыбын түсіну үшін өздік технология ретінде, жалпы технологияның элементі ретінде, сабақ немесе оның бір бөлігі ретінде қолданылады.
Алғаш әріптерді үйреткеннен бастап әрбір әріптен келетін затты көрсетіп өтсек, онда ол әріп баланың есінде қалады.
Мысалы:
А- арбуз
Б- барабан
С- снеговик
Тілдің дамуына ойын өте үлкен әсер етеді. Ойын ақыл — ой дамуына да әсер етеді, бала ойын үстінде заттар мен іс-әрекеттерді жалпылауды, сөздің жалпылама мағынасын қолдануды т.б. үйренеді.
Ойындар жаңа тақырыптарды өткенде, сөздерді, тұрақты сөз тіркестерін пысықтауға арналған жаттығулардың бір түрі ретінде пайдаланылады.
«Сыңырын тап ойыны». Бастапқы әріптері сәйкес келетін суреттерді қатар қою керек.
Мысалы: Арбуз – аист
Барабан – Банан
Вагон – велосипед
Груша — гармошка
Қазақ топтарының балалары орыс тілі пәнін ойын сабағы ретінде тез қабылдайды, мұның өзі педагогқа бүлдіршіндерді пәнге қызықтырудың қосымша шараларын іздестіруді қажет етеді. Мұндай қызықтыру шараларының қатарына: еңбек процестерін суреттеу, табиғат, өз қалаң туралы әңгімелеу. Қазақ тілінде оқытылатын балабақшада орыс тілін оқытудың негізгі мақсаты – тәрбиеленушілерді орыс тілінде сөйлеуге үйрету. Орыс тілін үйретудің бастапқы кезеңінде әр сабақ өз мәнінде көрнекі құрал қолдану арқылы тартымды өткізілсе, білім мазмұнының сапасы да артпақ. Мектепке баратын балалардың бұл кезеңде сабаққа қызығуын жоғалтып алсақ, кейін олардың тілді әрі қарай меңгеруі қиынға түседі. Сондықтан сабақ арасында ойын элементтерін қолдану сабаққа қызығуын, белсенділігін, ойлау қабілетін дамытуға, жаңа сабақты пысықтау кезеңін сапалын өткізуге материалды толық меңгеруге көмектеседі.
Ойындарды екі тарауға бөлуге болады. Бірінші тарау сөйлеу қабілетін дамытатын грамматикалық, фонетикалық, лексикалық және орграфикалық ойындар жатады. Бұл ойындар «Дайындық ойындары» деп аталады. Бұл тарау алдын-ала грамматикалық ойындардан басталады. Себебі грамматикалық материалдарды бірнеше рет қайталағанды қажет етеді және өзінің біркелкілігімен балаларды жалықтырып жібереді, ал жіберілген күш тез арада өз нәтижесін бермейді. Ойындар күнделікті жұмысты қызықты етіп өткізуге көмектеседі. Грамматикалық ойындардан кейін лексикалық ойындар жүреді. Фонетикалық ойындар сөйлеу қабілеті мен білігін дамыту кезеңінде дыбыстарды дұрыс айтып үйренуге арналған. Ең соңында жүргізілетін орфографиялық ойындардың мақсаты – лексика бойынша оқылған сөздердің дұрыс жазылуын үйрету.
Екінші тарау «Шығармашылық ойындар» деп аталады. Бұл ойындардың мақсаты – сөйлеу қабілетінің ары қарай дамуына ықпал ету. Тез ойлауға, қарым-қатынаста ойланбай жауап қайтаруға, әр түрлі жағдайлардан тез шығуға көмектеседі.
Дидактикалық ойындар оқушылырдың ой-өрісін дамытып, ойлау қабілетін артуымен қатар, үйретілген, өтілген тақырыптарды саналы да берік меңгеруге үлкен әсер етеді. Ойындар оқушылардың шығармашылық ойлау қабілеттерін жетілдірумен қатар, сөздік қорларын молайтып, сауатты жазуға да баулиды. Балалар ойын ойнау барысында үйренген сөздерін айтып қана қоймай, оның қандай мағыныда қолданылатынын да біледі. Ойын оқу пәндерінің мазмұнымен тығыз байланыста жүргізілгенде ғана дұрыс нәтижелер береді.
Іскерлік ойындар – оқушылардың сөйлеу қабілеттерін жетілдіретін, дамытатын тиімді тәсіл. Сабақ барысында іскерлік ойындарды қолдану арқылы балаларға сөйлеу үлгілері меңгертіледі. Мұндай ойындар оқушылардың жасқаншақтық, ұяндық қасиеттерін жойып, оның қиялына ерік береді.
Ойында келесі маңызды міндеттер: баланың қоғамдық қатынастарға бейімделуі, жалпы адамзаттық мәдени құндылықтар мен әр түрлі ұлт өкілдерінің мәдениеттерін меңгеруі, баланың шынайы адамгершілік коммуникацияға енуіне мүмкіндік беретін коммуникативті іс-әрекеттерінің көрініс табуы жүзеге асырылады. Баланың әр қырынан көрінуіне интеллектуалдық, шығармашылық, коммуникативтік жағынан және әр түрлі қиындықтарды жеңуге жағдай жасайды.
Ойынның оқыту мүмкіндігі жөнінде ертеден белгілі. Көптеген алдыңғы қатарлы педагогтар оқыту процесінде ойынды қолдану тиімділігіне әділ назар аударған. Ойында адамның, әсіресе баланың толық және кейде күтпеген жерде қабілеті танылады.
Ойын – ақыл-ой мен сезім күшін талап ететін ерекше ұйымдастырылатын сабақтар. Ойын әрқашан шешім қабылдауды ұсынады- қалай істеу, не айту, қалай ұту қажет? Осы мәселелерді шешу тілегі ойнаушылардың ойлау әрекетін арттырады. Ал егер қазақ тілінде сөйлейтін бала сонымен қатар орыс тілінде сөйлесе, ол оқытудың бай мүмкіндігін ашады. Балалар ол туралы ойланбайды. Ойын олар үшін ең бастысы-еліктіргіш сабақ. Сонысымен ол оқытушыларды, соның ішінде орыс тілдер оқытушалырынқызықтырады. Ойын кезінде барлығы тең. Ол тіпті тілақауы бар балалардың да қолынан келеді. Теңдік сезімі, еліктеу мен қуаныш атмосферасы, тапсырманың қолынан келетіндігін сезіну- сөзінде басқа тіл сөздерін еркін қолдануға бөгет жасайтын балалардың ұялшақтық сезімін жеңуге мүмкіндік береді және оқыту нәтижесіне жағымды әсерін тигізеді. Байқаусыз тіл материалы меңгеріледі- «мен басқаларымен бірдей сөйлесе алады екенмін»
Жасөспірімдердің білімі қалыпты болса да тәрбиесі жеткіліксіз болуының қоғамға тигізер кесірі мол. Қоғам өркендеп, заман көркейгенмен жаны азған, тілден, діннен безген,арбау мен алдау,кісі өлтіру мен ұрлық, әділетсіздік пен қайырымсыздық сияқты келеңсіз жағдайлардың кездесуі-ата-ана, мектеп, жұртшылық тарапынан тәрбиенің кеміс түсіп жатқанының айғағы. Сондықтан қазіргі таңда балабақша мен мектептің алдында тұрған өзекті мәселелердің бірі- білім берумен қатар тәрбие жүйесін жетілдіру. Жалпы білімді ізгілендіре отырып, тәрбие беру жолдары қандай? Тәрбие беру жолдарын қалай жетілдіруге болады? Міне, педагог қауымды ойландырып отырған осындай қитұрқы сұрақтар болып отыр. Ал бұл сұрақтардың жауабы тек мынада – білім беру үрдісінде балалардың өзіндік қабілет қарымдарын ескере отырып, бейіндік көзқараспен оқыту, оқыту үүрдісінде ойынның ең нәтижелі, тиімді үлгілерін пайдалану. Бұл жағдайлардың барлығы білім беру үрдісінің тәрбиелілігіне барып саяды. Сондықтан қай нәрсе де тек тәрбиеден бастау алады деу керек.Себебі ұлтына пайдалы қызмет ететін ұрпақ тек тәрбиелі оқушылардан шығады.
Қорыта келгенде, балабақша тәрбиеленушілердің, мектеп оқушылардың білім, білік шеберліктерінің жан-жақты дамуына, қалыптасуына, тілдік материалдарды жақсы біліп, сөз іскерліктерін меңгеруіне ойындар көп көмек береді. Олар арқылы түрлі дағдыларды меңгеру барысында оқушылар белсенділікке , өз бетінше жұмыс істеуге, қорытынды жасауға дағдыланды.Орыс тілі сабақтарында дұрыс ұйымдастырылып, пайдаланылғанойындар балалардың таным-түйсігіне жағымды әсер етіп,алған білімдерін жаңа жағдайларда шығармашылықпен қолдана алуына ықпал етеді. Ойын баланың ой –өрісін дамытады. Икемділік, сергектілік, тапқырлыққа шақырады. Ең бастысы ойынды мазмұнды, қызықты ету, ой-санаға лайықты ету ойыншының өз қолында.
Баланың өмірге қадам басқандағы алғашқы қимыл әрекеті – ойын, сондықтанда оның мәні ерекше. Жас баланың өмірді тану, еңбекке танысы, психологиялық ерекшеліктері осы ойын түрінде қалыптасады. Мектеп жасына дейінгі балалардың қоғамдық құбылыстарды, қоғамдағы ересек адамдардың іс — әрекетін өз түсінігінше әрекеті арқылы бейнелеуі ойын болып саналады. Ойынның шығу тарихына шолу жасауда көңіл аударатынымыз ол еңбекпен, өнермен, қоршаған ортамен тығыз байланыста дамыған, яғни ойынды өмірден ажыратып қарай алмаймыз балалар тек ойнап қана қоймайды, сонымен бірге ойлайды, аңғарады көп нәрсені білуге, зерттеуге талпынады. Олар бірдеңе жасап қана қоймайды, сондай — ақ заман ағымына да белсене қатысады.
Балабақшаларда оқыту – тәрбиелеу жұмысында балалардың тілін дамыту, сөздік қорларын молайту, ауызша сөйлеуге үйрете отырып, үйренген сөздерін күнделікті өмірде еркін қолдану, одан әрі күнделікті іс — әрекет кезіндегі тілдік қарым — қатынаста қолдана білуге жаттықтыру.
Ойын дүниеге ашылған үлкен жарық терезе іспеті. Ол арқылы баланың рухани сезімі жасампаз өмірмен ұштасып, өзін қоршаған дүние туралы түсінік алады. Адамды өжеттілікке, шапшаңдыққа, ептілікке, батылдыққа, байсалдыққа, тапқырлыққа үйрететін де ойын. Бала үшін ойын өзін — өзі жетілдіру мен өзін — өзі көрсетудің құралы. Баланы ойынға қызықтыра отырып оқу іс — әрекетін ойын түрінде күрделендіре түсу керек.
Ойын баланың ойлау қабілетін жетілдіре отырып, оның қиялын дамытады. Бала жалғыз ойнағанды ұнатпайды, ол қатар құрбыларымен бірлесіп ойнай отырып бір — бірімен қарым қатынас жасайды.
Оқу ісі — әрекетінде қолданатын ойын түрлері мынадай топтарға бөлінеді. Ойынның түрлері:
- Ұлттық ойындар
- Сюжетті рольді ойындар
- Педагогикалық ойындар
- Дидактикалық ойын
- Шығармашылық ойын
- Қимылды ойындар
Педагогикалық ойын технологиясы дегеніміз — педагогикалық жұмысты ойын түрінде ұйымдастырудың әдістері мен тәсілдерінің жиынтығы.
Дидактикалық ойындар арқылы оқу іс — әрекеті барысында балаларды қызықтыру мақсатында қолданылады және мектеп жасына дейінгі ұйымдардың барлығында да, оқу іс — әрекеті ойын түрінде өткізіледі. Оқу іс — әрекеті барысында ойын түрлері жас ерекшеліктеріне байланысты қолданылады.
Тәрбиеші ойынға тек қана баланы қызықтырып қоймай, бес саланы білім берудің негізгі құндылығы деп түсінсе ғана өз мақсатына жете алады.
Ойын түрлерінің тәрбиелік мәні зор, ол әрбір адам денесінің дамып жетілуіне пайдасы мол. Ойын үстінде балалардың бойындағы барлық дерлік психологиялық процестері, сезімдері мен эмоциялары, ерік — жігер қасиеттері шыңдалады, мінез — құлық айқындала түседі.
Бала өзіне жаңалық болып сезілген әрқилы нәрселерге еліктегіш келеді. Бала осы қасиетімен өз қабілетімен ерекшеліктерін аңғартады. Баланың жағымсыз мінезінің байқалатыны да осы тұста. Тәрбиеші ойын барысында тілдің дыбыстық мәдениетінің барлық жақтарын жетілдіруге, сұраққа толық жауап беруге, баланы үйретіп отыруы керек.
Үлкендер өзіне тән ерекшеліктерін еңбектену барысында көрсетсе, мектеп жасындағы балалар сабақ үстінде, ал мектеп жасына дейінгі балалар өз психологиясын ойын үстінде байқатады. Балалар ойын арқылы күрделі әрекеттерді, білімді үйренеді және үлкендер де үйретуге тиісті. Ойынның өз мақсаты, жоспары болады. Ойын мен еңбектің бір — біріне ұқсас сипаттары көп, кейбір педагогтар, ғалымдар «Жақсы ойын — жақсы жұмыс сияқты да, ал жаман ойын — жаман жұмыс сияқты» деген. Баланың қуанышы мен реніші ойын арқылы байқалады
Ойын кезіндегі баланың психологиялық ерекшеліктері: бала ойланады, эмоциялық әрекетке ұшырайды, белсенділігі артады, ерік қасиеті, қиял елестері дамиды. Мұның бәрі баланың шығармашылық қабілеті мен дарынын ұштайды. Ойын үстінде бала бейне бір өмірдің өздігіндей қуаныш, реніш сезімге бөленеді. Ойын арқылы балалардың сөйлемдерді айту, сөйлем құрай білу, сурет бойынша әңгіме құрап айта білу, сондай — ақ әр баланы сөйлете отырып өз ортамен қарым — қатынасқа түсіп ашылуына себеп болады.
Ойындарда күтілетін нәтижелер:
- Ойын — тәрбие құралы, ақыл — ойды, тілді ұштастырады, сөздік қорды молайтады, өзін қоршаған ортаны танып, мейрімділік сезімге тәрбиелейді.
- Еркін мінез – қасиеттерін бекітеді, адамгершілік сапаны жетілдіреді.
- Ұжымдық сезім әрекеттері өсе түседі.
- Эстетикалық тәрбие беру құралына айналады.
- Еңбек тәрбиесін беру мақсаттарын шешуге мүмкіндік береді.
- Дене күшінің жетілуіне көмектеседі.
Демек, ойын баланы жан — жақты жарасымды тәрбиелеудің психологиялық және физиологиялық негіздері болып табылады. Ойын баланың көңілін өсіріп, бойын сергітіп қоймай, оның өмір құбылыстары жайлы танып түсінуге де әсер етеді. Балалар ойын арқылы тез тіл табысып бір – бірімен жақсы қатынаста болады. Ойын үстінде де бала өз денсаулығын қимыл арқылы нығайтады. Ойынның қандай түрі болмасын атадан балаға яғни ұрпақтан ұрпаққа ауысып отырады. Халық ойындары өмір қажеттіліктерінен туады. Психологиялық жақтан денсаулықты нығайтуға негізделген.
Қорыта келе айтқанда:
Ойын мектепке дейінгі балалардың негізгі іс — әрекеті. Ойын балалар өмірінің нәрі, яғни оның рухани жетілуі мен табиғи өсуінің қажетті алғы шарты. Ойын арқылы балалар қоғамды тәжірибені меңгереді, өзінің психологиялық ерекшеліктерін қалыптастырады.
Бір сөзбен айтқанда, ойын баланың жан — жақты дамуын көздейтін, оның тілін жаттықтыратын, қимыл — қозғалысын жетілдіретін, белсенділігін арттыратын, басқа адамдармен қарым — қатынасын реттеп, құрдастарымен ұйымшылдығын арттыруға негіз болып табылады. Ойын — бала үшін біліктіліктің қайнар көзі. Сондықтан жас өрендер ойнай отырып ойлай білсін.
Мусаева Раушан Шалданбаевна,
Оңтүстік Қазақстан облысы
Түркістан қаласы
«Айгөлек» балабақшасы
Орыс тілі мұғалімі