Ата-аналарға арналған кеңес
Қазақ тілі 3 жастан
3 жастағы баланы қазақ тіліне үйрету үшін оны оқулықпен үстел үстіне алып отырмай, емін-еркiн қарым-қатынаста меңгерткен ол үшін әлдеқайда қызық әрі оңай болады. Алдымен заттарға көрсетіп, оларды қазақ тілінде атаңыз. Бұл серуен кезінде, қуыршақтарымен ойнағанда немесе ойыншық жануарлармен ойнаған уақытында iстеуге болады. Ойнап отырып, бала онға дейiн санауға, жануарлардың атауларын, түстерді, киiм заттарының атауларын жаттап алады.
Бала жеке сөздердi түсiне бастағаннан «Менде бар» (У меня есть), » Маған ұнайды» (Мне нравится), «Бер маған» (Дай мне) деген конструкцияларды ендіре бастаңыз. Қазақ тiлiндегі көңiлдi жаттығуды баламен бiрге iстеуге болады. Ойнап отырып, бала онға дейiн санауға, жануарлардың атауларын, түстерді, киiм заттарының атауларын жаттап алады.
Сөздер және конструкциялардың жүйелi қайталануы орнықты нәтиже бере алады. Қиял-ғажайып нәтижелерді жұмыстардың алғашқы күндерінен бастап күтпеңiз. Егер бала әзірше қазақ тiлiнде айтпаса, бұл – сiздiң тырысуларыңыздың бекер жоғалатынын білдірмейді. Барлық балалар әр түрлi. Кейбір кезде – бала көп уақыт бойы жаңа бiлiмдер алып, бұны ешқалай көрсетпейді. Бірақ, бiрнеше айлардан кейiн сіздің балаңыздың есте сақтау қабілетінің қаншалықты дәрежеде өскенін байқайсыз.
Қазақ тілін үйрету процесі бала өз қызығушылығымен ғана қазақ тiлiмен шұғылданса табысты болады. Тiптi ересек адамдар да қызықсыз жаттауларды қиыншылықпен көтереді, ал 3 жастағы балалар тек шынымен өздерін қызықтыратын заттарға ғана зейінін аударады. Сондықтан, ең алдымен, ағылшын тiлiне үйрену ойын арқылы өтуi керек.
Қазақ сөзiн түсіну және сөздiк қорды кеңейту үшiн қазақ тiлiндегi мультфильмдерді қарау өте жақсы. Әйтсе де, толықтай үйрену үшін тек қана мультфильмдердi көру және дыбыстық жазбалардың тыңдаулары жеткiлiксiз. Психологтардың зерттеулері бойынша 3 жастағы баланы оқытуда табысты даму және нәтижеге жету үшін физикалық байланыс пен қарым-қатынас қажет. Егер ата-аналар балалармен бiрге мультфильмдерді қараса, ал алған білімдерін ойын кезінде немесе тұрмыста бекітетін болса, шет тiлiн меңгеруіне әлдеқайда тиiмдiрек болады. Кiшкентай балалар ықыласты көп талап ететiнi белгілі жайт, жас ата-аналар да уақытын орайластыра алмай жатады. Балаға мультфильм қаратуды өз істерімен шұғылдану үшін мүмкіндік деп қарауға болмайды. Бала аңдаусыз бұл талпынысты оны мультиктер арқылы жалтарыс тауып құтылатынындай қабылдап, осыған қарсы наразылық бiлдiреді. Бұл оқытылатын компьютерлік бағдарламаларға жатады. Бiздi компьютерлік бағдарламалар интерактивті деп сендірсе де, олар балаға қарым-қатынасты алмастыра алмайды.
Әндi оқытып, қазақ тiлiндегi мультфильмдерiн қарап, баламен бiрге сөйлемдi қайталауға тырысыңыз. Бұл нәтижеге жетудегі маңызды процесс әрі баланың қазақ тілін үйренудегі ниетін күшейтеді.
Үйде балаңызбен мейлінше қазақша сөйлесіңіз – серуенге шығарда, ойыншықтарын жинауды өтінгенде, т.б. Бұл қазақ тіліндегі сөздерді есте сақтауы үшiн табысты қадам.
Сiзге және сiздiң балаңызға сәттілік тілейміз!
«Отбасымен бірге оқимыз» тақырыбында
ата-анаға арналған пайдалы кеңестер
1. Балаңызға кітап сыйлаңыз. Кітапты қастерлеп ұстауға үйретіңіз.
2. Жеке кітапханаңызға балаға түсінікті және қызықты, мазмұнды, жасына сай кітаптар таңдаңыз. Қолда бар кітаптарды оқып болмайынша жаңа кітап алуға асықпаңыз.
3. Теледидар, компьютер және кітап үшеуінің біреуін таңдау керек болса, міндетті түрде кітапты таңдаңыз.
4. Кітапты оқи отырып ойынға ұластырыңыз. Баламен бірігіп ертегі құрастырыңыз, мазмұнына қарай суретті кітапша жасаңыз.
5. Егер балаңызды кітап оқуы әлі де дұрыс болмай тұрса сіз уайымдамаңыз. Оқыған уақытта әрбір кезең сайын баланы мақтап отырыңыз.
6. Балаңызға үлгі көрсетіп, өзіңіз оқыңыз.
7. Егер сіз кітап оқуды ұнатсаңыз, бір күні сіздің балаңыз да өзі қолына кітап алуы мүмкін.
Ата-ана, балаңызбен бірге:
1. Жаңа кітаппен танысар алдында оның мұқабасына қараңыздар, авторының фамилиясын, кітаптың атын оқыңыздар.
2. Кітапты парақтай отырып, иллюстрацияларын мұқият қарап шығыңыздар.
3. Иллюстрациялар бойынша кітаптың болжамды мазмұнын анықтаңыздар.
4. Кітапты беттері, тараулары бойынша ретімен оқыңыздар.
Ата-анаға кеңес:
1. Баламен бірге күніне 10-15 минуттан дауыстап оқыңыз.
2. Мәтін оқудан бұрын бөлмені желдетіп, үстел үстінен назар аудартатын артық-ауыс заттарды алып тастаңыз.
3. Егер бала шаршаса, сергіту сәттерін жасатыңыз.
4. Баланы оқығаны үшін мақтап қойыңыз.
Кітапты оқып болған соң:
1. Кітаптағы қиын не таныс емес сөздердің мәнін анықтап түсіндіріңіз.
2. Баладан кітап несімен ұнағанын, одан нендей жаңа нәрселерді білгенін сұраңыз.
3. Баладан басты кейіпкер туралы, кітапта өрістейтін оқиғалар туралы сұраңыз.
4. Оның есінде қандай сөздер немесе сөз тіркестері қалған екен?
5. Бұл кітап не нәрсеге үйретеді?
6. Бала кітаптың ең қызық жерін бейнелейтін сурет салу туралы немесе оны жаттап алу жөнінде ұсыныс жасаңыз.
Кітаптар әлемінде сәттіліктер тілейміз!
Темиралиева Жанар Талғатовна
«№4 бөбекжайы» МКҚК
қазақ тілі мұғалімі
БҚО, Орал қаласы