Home » Балабақша » Мектеп жасына дейінгі балаларға ағылшын тілін ойын арқылы үйрету

Мектеп жасына дейінгі балаларға ағылшын тілін ойын арқылы үйрету

Қазіргі таңда мектеп жасына дейінгі балаларға ағылшын тілін оқытудың маңызы өте зор.Балабақшаның балаларына ағылшын тілін үйрету заман талабына сай болып келеді. Сонымен қатар ағылшын тілі XXI ғасырдың тілі. Қазір біз балаларымыздың қазақ тілімен қатар орыс және ағылшын тілдерін де белсенді меңгерулеріне барлық ынта жігерімізді салып ат салысудамыз. Мектепке дейінгі жастағы балаларға ағылшын тілін үйрету барысында ойын арқылы олардың қызығушылықтарын оята отырып, ауызша сөйлеудің алғашқы дағдыларын қалыптастырылады. Әрбір бала — ертеңгі маман ата-аналар мен педагогтардың қазіргі заман талабына сай балаларға ағылшын тілін меңгертуді мақсат етіп отыр. Үздіксіз білім берудің алғашқы баспалдағы – балабақша, сондықтан біз де ағылшын тілін меңгертудің түп негізін балабақшадан ойын-сабақ арқылы бүгінгі күн талабына сай болып келеді.

Мектеп жасына дейінгі баланың дүниетанымы, санасы, зердесі, тілінің дамуы, сөздік қорының молаюы, тілге қызығушылығы жедел қалыптасатыны ғылымда әлдеқашан дәлелденген. Мұнымен қоса ана тілінің базалық құндылықтарын меңгерген, мемлекеттік және ағылшын тілінде қатынасқа дайын үштұғырлы тұлғаны тәрбиелеу мақсаты туындауда. Өсіп келе жатқан бала дүниені шынайы, табиғи құбылыстарымен қабылдайтындықтан, бірқатар психологтар, тіл мамандары, ғалымдар өздерінің ғылыми зерттеулерінде балаларға ана тілімен қатар, екінші тілді меңгертудің ең тиімді кезеңі 2 жастан бастап, 5 – 6 жасқа дейінгі кезең деп көрсеткен. Өйткені, мектеп жасына дейінгі балалардың кез келген тілді қабылдау қабілеті жоғары, сөйлеу апараттары таныс емес тілдің дыбыстарын айтуға икемді болады. Ағылшын тілін үйрету 2жастан бастап 5-6 жас аралығында балалардың психофизиологиялық ерекшеліктеріне аса зор мән беріледі. Бұл жаста балалардың сөйлеуі сезім мүшелерінің заңдылықтарына бағынады. Ашық түрлі-түсті көрнекілік кіші жастағы балаларды оқытудағы таптырмас көмекші болып табылады.

Жаңа сөздерді суретпен немесе әсем көрнекіліктермен байланыстыра отырып түсіндірсе, оны белгілі бір іс-әрекетте қолданылып көрсетсе бала өте тез меңгереді.

Ағылшын тілін үйрету кезінде ойын элементтерін пайдалану баланың шет тіліне қызығушылығын арттырып, жаңа тақырыпты жақсы түсінуге әсер етеді. Заманауи технологиялық ойын арқылы балалар ағылшын тілінде жақсы қарым-қатынас жасай алады және ойын кезінде шаршағандығын сезбей, әсерлене, қызыға отырып ағылшын тілін тез үйренеді. Ойын белгілі бір білім беруді мақсат етіп ойнаған кезде ғана өз нәтижесін береді деп ойлаймын.

Ойын арқылы баланың:
-ой-қабілеті дамиды;
-өздігінен жұмыс істеуге үйренеді;
-сөздік қоры баийды, тілі дамиды;
-зейіні қалыптасады;
-байқампаздығы артады;
-өзара сыйластыққа үйретеді;
-ойынның ережесін бұзбау, яғни, тәртіптілікке баулиды;
-ұйымдастырылған оқу қызметіне қызығушылығы артады.

Оқыта үйрету ойындары: дидактикалық, ситуациялық, сайыстық, қимылды, ырғақты-музыкалық және көркемдік және т.б түрлерін үйретуге болады.

Қорыта келгенде, ойын әрекетінсіз ағылшын тілі лексикасын баланың есінде қалдыру тиімділігі аз және ақыл ой күшін көп қажет етеді. Сондықтан да мектеп жасына дейінгі балаларға ағылшын тілін үйретудің жолы күнделікті ұйымдастырылған оқу қызметінің тақырыптары қызықты,жеңіл және жанды етіп өткізуіміз керек. Үштілді оқыту-жас ұрпақтың білім кеңістігінде еркін самғауына жол ашатын, баланы жан-жақты дамытатын, өз қабілетін танытуына мүмкіндік беретін бүгінгі күннің ең басты талабы. Біздің «Болашақ» бөбекжай балабақшасы балаларының ағылшын тіліне деген қызығушылықтары артып әртүрлі байқауларда үлкен жетістіктерге жетеміз деп ойлаймын.

 

Аманқызы Айдана,
«Болашақ» бөбекжай — балабақшасының
ағылшын тілі пәнінің мұғалімі
Атырау обылысы
Мақат песелкесі,
Болашақ мөлтек ауданы.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.