Дүниетану — «дүние» және «тану» деп аталатын екі бөліктен тұрады. Алдымен нені танып — білу керектігін анықтауымыз керек. Балаларға танытқалы отырғанымыз — дүние. Сол дүниені танып -білу әдістерімен оларды қаруландыру жолын іздестіріп, тиімділерін іс жүзінде қолдануға ұсынамыз. Дүние — қоршаған орта, табиғат, бүкіл әлем, олай болса бұған енбейтін, оның құрамына кірмейтін бірде бір зат не құбылыс жоқ. Адам дүниені өмір бойы танып, білумен, оның таусылмас ерекшеліктерін бақылап, байқаумен айналысатыны анық. Бірақ оның сырын түгел біліп шегіне шыға меңгеру мүмкін емес. Дүниені өз дәрежесінде танып — білу әр адамның меңгерген білім деңгейі мен оның мазмұнына байланысты жүзеге асады.
Балалар әдетте өзіне түсініксіз оқиғалардың, құбылыстардың сырын білуге құмартады. Күн сайын олардың алдында жаңа сұрақтар туады. Сол сұрақтың жауабын олар ересектерден күтеді, өйткені, олардың түсінігінше, ересектердің білмейтіні болмайды. Мұндай ерекше сұрақтар балалардың ақыл-ой еңбегімен шұғылданудағы ниетін, ықыласын сипаттайды. Сондықтан ересек адамдар бала сұрағын жауапсыз қалдырмауға тырысқан жөн. Себебі сұрағына жауап ала алмаған бала келешекте сұрақ қоюдан жасқаншақтайды және бұл баланы дүниені тануына кері әсер етуі әбден мүмкін.
Дүниетанымның қалыптасуына адам,қоғам,табиғат тікелей қатысты.Адам, қоғам, табиғат – біртұтас дүние.Сондықтан адам, табиғат, қоғам арасындағы байланысты және олардың бірлікте дамитынын балалар мектеп жасына дейін түсінуі қажет.
Қоршаған ортамен және оның түрлерімен таныстыра отырып, балалардың ұғымын кеңейтеміз. Әрбір бала өзінің қоршаған ортасын айналадағы құбылыстарды тану арқылы жетіледі.
Қоршаған ортамен таныстыру арқылы тілін дамыту.
Қоршаған ортамен таныстыру бойынша балалар өзінің аты-жөнін, жасын, жанұясын, балабақшадағы тәрбиешілермен топтағы балалардың аты-жөніндерін тани бастайды. Балабақшаның ішкі құрылысымен таныстырылып, топ бөлме, асхана, дәрігер бөлмесі, т.б айырмашылықтарын ажырата бастайды.Сонымен қатар әр бөлмеде жұмыс түрін, қажетті құралдарды, олардың аты, не үшін қажет, неден жасағаны, қайда, кімде, қандай, кім не істейді сұрақтарына дұрыс жауап беруге балабақшада өздері немен шұғылданатыны туралы әңгімелейді.
Балалар әсіресе ұлдар жағы қызығы көлік түрлерін, яғни ұшақ, поезд, жеңіл,жүк машина және әртүрлі көліктер түрлерінің міндеттерін жақсы біледі.Балалар бос уақытында жүк машинасымен ойнағанды жақсы көреді.
Мектепке дейінгі кезеңде бала қоршаған ортаны танып біледі. Баланың табиғатты танып білуге деген қызығушылығын оята отырып, тәрбиеші оны табиғатпен таныстырып қана қоймай, оны түсінуге, өсімдіктер мен құстарды қамқорлауға, табиғаттың сұлулығын сезіне білуге үйретеді.
Қарапайым экологиялық түсініктерді меңгерту баланың қоршаған орта нысандарына танымдық қызығушылығын арттырумен тығыз байланысты болып табылады. Баланың танымдық дамуы ойын барысында, табиғи нысандар мен құбылыстарға бақылау жасау, заттарды қарап, зерттеу кезінде, табиғат пен табиғат күнтізбесіндегі ауа-райы жағдайына бақылау нәтижелерін айта білу, еңбек және басқа да әрекеттер барысында жүзеге асады.
Мектепке дейінгі балалық шақ кезеңінде баланың танымдық дамуы эмоционалдық қызығушылықпен қабылдайтын қарым-қатынастар арқылы қалыптасады. Әрбір жеке бала — қоршаған ортаны кішкентай зерттеуші. Бала белсенді әрекеттерге талпынады. Сондықтанда серуне арқылы бақылау мен зерттеу сияқты әдістер балаға неғұрлым жақын болып табылады.
Серуен: тәрбиешінің көмегімен атқарылатын іс-әрекет. Серуен барысында балалардың табиғатқа қызығушылықтарын арттыра отырып, бақылыу ж ұмыстарын өткізу.
Біріншіден, арнайы бағдарлама пайдалану оқу-тәрбие жұмысын жоспарлау кезінде жеңілдік туғызса, екіншіден,бақылауды жүргізуге қойылатын талаптар сақталады. Балалардың танымдық құзіреттілікті меңгеруі, бақылау нәтижесі тәрбиешінің қолданатын әдіс-тәсілдерімен бақылауды ұйымдастыруына тікелей байланысты болып келеді.
Баланың жан-жақты дамуы,оның қоршаған ортамен белсенді қарым-қатынасы негізінде қалыптасады. Бұл тұрғыда «Сезіну-танып білу- жүзеге асыру» — осы үш бағытта жұмысты ұйымдастыру қажет. Ол үшін тиімді әдіс-тәсілдерді таңдап алудың маңызы зор.
Әр бақылаудың өз мазмұны, мақсаты бар, басқаларын қайталамайды, бірақ бір-бірімен байланысты болып келеді. Айналадағы әлемді ойын,еңбек,серуен,тәрбиешімен,ересектермен, құрдастарымен қарым – қатынас кезінде танып біледі. Сондай-ақ 3-4 жастағы балалар заттарды түсіне,түріне,көлеміне қарап ажырата бастап,олардың құрылысын,пайдалану тәсілдерін білгісі келеді.Күнделікті өмір барысында бала шындық дүниенің құбылыстарымен заттарын анықтай білуге,адам баласының жинақтаған бай тәжірибесін үйренуге талаптанады және тілі дами түседі.Балалардың бір нәрсені құмартып білуге талаптану ынтанымын тасы дейді.Балалар өте байқағыш,еліктегіш,әр нәрсеге үңіле қарайды,көп нәрселер оларды ойлантады.Ойларын айтып жеткізгісі келеді. Сондықтан ересек адамдар бала сұрағын жауапсыз қалдырмауға тырысқан жөн. Себебі сұрағына жауап ала алмаған бала келешекте сұрақ қоюдан жасқаншақтайды және бұл баланың дүниенітануына кері әсер етуі мүмкін.
Балалар әдетте өзіне түсініксіз оқиғалардың, құбылыстардың сырын білуге құмартады. Күн сайын олардың алдында жаңа сұрақтар туады. Сол сұрақтың жауабын олар ересектер ден күтеді, өйткені, олардың түсінігінше, ересектердің білмейтіні болмайды. Мұндай ерекше сұрақтар балалардың ақыл – ойын бегімен шұғылданудағы ниетін, ықыласын сипаттайды. Мектепке дейінгі жас-естің және тілдің қарқынды даму жасы.
Тәрбиеші- педагог баланы ертеңгі болашағына дұрыс көзқарас пен қарай отырып, баланың мінез құлқынсана – сезімнің тілінің жетілу дәрежесін, таным үрдістеріні (түйсігі, қабылдауы, ес, ойлау, сөйлеу, зейінінің) дұрыс бағытта қалыптасып дамуын қадағалап, әрі дұрыс бағдар беру керек. Балалардың тілдерінің дамуы, байланыстырып сөйлеу дағдылары —
(зейін, қабылдау, есту, ойлау, естесақтау)- қабілеттерін қалыптастыруболып табылады.
Зейін дегеніміз-сананың қандайда болсада бір затқа, құбылысқа немесе іс-әрекетке шоғырлануы.
Ойлау дегеніміз-фактілер мен құбылыстарды дерексіздендіру, қорыту, жанама түрде жүргізу, байланыстарын белгілеу және олардың арасындағы қатынастарды анықтау арқылы қолжететін таным процесі.
Ес дегеніміз-есте сақтау және оны кейін жаңғырту болып табылады.
Балалардың ақыл-ойын, санасын дамыта отырып өздігінен жұмыс істей білуін еерекше көңіл бөлеміз. Ақыл–ойдың дамуымен тікелей байланысты. «Сөз ойдың көрінісі: ой бұлдыр болса, сөзде бұлдыр» депВ.Г.Белинский айтқандай,тіл-ойдың сыртқы көрінісі.
Ой дамыту – тіл дамыту мен ұштасады.Тіл дамытудың тиімді құралдарының бірі- жаңылпаш, жұмбақ айтқызып, оның шешімін табу. Себебі бұл ар баланың дүние танымын, түсінігін, болжағыштығын, ұғымын кеңейтуде және тілін ұстартып, ойын дамытуда маңызды рөл атқарады.Баланың тілін шыңдай түсіп, асықпай ,жатық еркін сөйлеуіне көмектеседі. Жаңылтпаштар балаға затты аңғаруға, ой-өрісін дамытуға игі әсерін тигізеді. Балаға жаңылтпаш үйретіп, оны айтқызу сөзді дұрыс сөйлеуге әдеттендіреді, кейбір тілі келмейтін дыбыстарды анықайтуға жаттығады. Жұмбақтарда аталған нәрсенің сипат белгілеріне қарап, балалар олардың шешімін табады. Балаларды тез ойлауға, шапшаң жауап беруге, алғырлыққа, тапқырлыққа үйретеді.
Тіл дамытудың басқа түрлері сияқты сөздік жұмысы оқу-тәрбие жұмысының барлық саласында жүргізіледі.Балалар сөзді ұғу арқылы сөйлеу үстінде тілін дамытады. Оқу әрекеті барысында сөздік жұмысы балалардың ойын дамытумен тығыз байланысты.
Балаларды асығып-аптықпай немесе тым жайбара қатты қасалынбай, байсалды сөйлеп үйрену, өзін дұрыс ұстау мәдениетін қалыптастыру.
Тіл дамыту барысында ойынның атқаратын рөлі.
Ойын-баланың жеке басын дамытуда, сөздік қорын молайтуда, қоршаған ортамен танып-білуінде, өздігінен әрекет жасау дағдыларын қалыптастыруда, адамгершілік қасиеттерін қалыптастыруда ерекше орыналады. Жаңа стандартқа сәйкес мектеп жасына дейінгі балаларға арналған пәндік- дамытушы ортаны ұйымдастыруға қойылатын талаптардың бірі ретінде заттармен ойыншықтарды еркін қолдану мүмкіндігін қамтамасыз ету, ойыніс-әрекеті жағдайымен қамтамасыз ету сұрақтары айқындалған. Бала үшін ойын — өзін-өзі жетілдірумен өзін-өзі көрсетудің құралы.Ойында балаларды не қызықтырады?- деген сұрақ туындайды. Балалардың жас ерекшеліктеріне қарай ойын түрлеріде әр түрлі болып келеді. Баланы ойынға қызықтыра отырып оқу іс әрекетіне айландырып, ойын түрін күрделендіре түсу керек. Ойын тек балалар ойнайтын болып емес, оқу әрекеті барысында қолданылатын ойын түрлері.
Оқу әрекетіне қолданатын ойын түрлері мынадай топтарға бөлінеді:
- Дидактикалық ойын
- Сюжеттік рөлдік
- Қимыл-қозғалыс ойындары (ұлттық ойындар)
- Саусақтар ойыны
- Үстел үсті ойындары………
Дидактикалық ойындар оқу әрекеті барысында балалардың қызығушылықтарын арттыру мақсатында қолданылады. Мектеп жасына дейінгі ұйымдардың барлығындада, оқу әрекеті ойын түрінде өткізіледі. Оқу әрекеті барысында қолданылатын ойын түрлерін жас ерекшеліктеріне қарай қолданылады.
Баланың көп уақытын ойын мен өткізуінде емес, ойын кезінде баланың тілінің дамуы, психикалық өзгерістерінің болуында алайда баланың 3-4 жасында жаңаша өзгеруге, түрленуге деген қабілеті байқалады. Ал, 4-5жастағы бала өз ойынан шығаруға, яғни түрлі жағдайларға байланысты бейімдеп отыруға үйренеді.
Қорыта айтқанда балалардың тілдерін дамытуда көптеген өлең тақпақтар жаттату, ата-анасын құрметтеуге, отансүйгіштікке баулай отырып, тілдерін ары қарай дамыту жолында арттыру керек. Тілдің дыбыстық мәдениетінің барлық жақтарын жетілдіруге, сұраққа толық жауап беруге, тілі аса дамымаған балалармен болашақта жеке жұмыстар жүргізуге болады.
Қоршаған ортаны бақылау барысында да, ойындар қолдану арқылы оқу әрекеті жүргізіледі. Балалар тек ойнап қана қоймайды сонымен қатар, тілдері дамиды, қарым-қатынастары да жақсы дами түседі. Топпен біріге жұмыс жасау қабілеттері арта түседі. Өз жұмысымды бақылай отырып «Мектеп жасына дейінгі баланың дүниені тану арқылы тілін дамыту»- тақырыбын таңдап алдым.
Келешекте алдыға қойған мақсатым:
Баланың тілін дамыту сөздік қорын молайту, ойын арқылы ынталандыру нәтижесінде қоршаған ортамен тығыз байланыстыра отырып дүниетанымын арттыру.
Балабақша ішінде өткізілген мерекелерде әрбір бала өлең тақпақтарын, анық мәнеріне келтіріп айтуына, әр балаға жеке көңіл аудара отырып тілдерін жетілдіру. Оқу іс-әрекеті барысында «Ойын, еңбекке баулу, бақылау, тілін дамыту»- әрекеттерін терең түсініп қабылдау үшін инновациялық технологияларды қолданду, ары қарай жаңа технологиялар енгізіп, интерактивті оқу әрекеттерін енгізу мақсатым.
Сарсенбаева Динара Рымхановна
Қарағанды қаласы, «Жұлдыз» бөбекжайы КМҚК
тәрбиеші
Пайдаланылған әдебиеттер:
- Равновесие Нэше, свободная энциклопедия
- Қазақтың ұлттық ойындары
- Рудик Г. А. «Игры и их педагогическое значения» («Значение» 1949-90 стр)
- А.Ж.Едігенова «Ойыната отырып тәрбиелеу» 2010ж-40-50 бет
- Қазақстан мектебі №7, №8, №9. 5-36бет
- Сыр мектебі 15.10.2008ж