Home » Балабақша » Мектеп жасына дейінгі балалардың дамуында интеллектуалдық ойындардың қолдану тиімділігі

Мектеп жасына дейінгі балалардың дамуында интеллектуалдық ойындардың қолдану тиімділігі

Әр ұлттың қай кезеңде болмасын алдыға қойған мақсаты, ұлы міндеті өзінің ізін, ісін жалғасырар саналы, салауатты ұрпақ тәрбиелеу болған. Демек баланың өмірден татар несібесімен қатар еншісінің үлес салмағында ана-анасымен қоса бойына білім мен тәрбиені сіңіре білетін балабақшадағы алғашқы тәрбиешісімен ұстазының орны бөлек.
Балапандардың киелі ұясына айналған балабақша балалық шақтағы  қызықты күндер, бала бойындағы алғашқы талант ұшқыны мен қызығушылығын дамытып, ақыл –ойының дамуына ықпал етеді.
Астана қаласындағы ашылғанына 8 жыл болған 240 орындық №53 «Мерей» балабақшасы 12 топтағы бүлдіршіндерге тәлім-тәрбие беріп отырған білім ордасы. №1Психологиялық-медициналық педагогикалық кеңес беру орталығымен тығыз жұмыс жасайтын балабақшада қазақ, орыс топтарымен қоса балалардың тілдерін дамыту, сөздік қорын молайту, байланыстырып сөйлеуін қалыптастыру, сөйлеу тілінің грамматикалық жағын қалыптастыру мен бұзылған дыбыстарды түзету мақсатында логопед, дефектолог мамандар жұмыс жасайды.
Ал жаңашылдықтың лебі есіп,  әсемдігі арқылы бойды баурап алатын балабақшаның безендірілуі, заманауи құрал-жабдықтармен жабдықталуы ерекше. Заман талабына сай қос қабатты ғимарат ішіндегі жайлы атмосфераны келген жанныңсезінбеуі мүмкін емес. Ұжымына ұйтқы бола білген балабақша меңгерушісі Бакитова Малика Бакитқызы кез-келген шараны өз дәрежесінде өткізе білетін тәжірибелі маман балабақша әдіскері Талипова Әлия Сапарқызының әрине  ұжымның жемісті еңбегін жоғары деп бағалауға әбден болады.
Оған себеп желтоқсан айының 5 күні өткен қалалық семинардағы жоғары дайындық, тың ойлар мен кластер бағыты бойынша таңдап алынған тақырыпты толық аша білген шеберлік сағаттары, тәжірибелі мамандар баяндамасы болды.
Жетекші №80 «Ботақан»  балабақшасының  меңгерушісі Жанар Дүйсенова, №83 «Жансая», №14,№51 «Ақбөпе» балалақшаларының меңгерушілері Нүргүл Көлбаева және Гүлбақыт Жүсіповалар қатысқан шара нағыз тәжірибе алмасу алаңына айналды. Бір қатар балабақшалардан арнайы көруге келген тәрбиешілер мен әдіскерлер әріптестерінен талай нәрсені үйреніп, ой түйгендерін  жасырмады.
Әуелі балабақша әдіскері Ә.Талипова мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының кластер бағыты бойынша педагогтармен іс-тәжірибе алмасуды мақсат еткен семинарға арқау етіп алған бала дамуынаинтеллектуалдық ойындардың тигізер пайдасы жайлы баяндамасын оқыды.
Баланың танымдық қабілеті мен әлеуметтік дағдыларының негізін қалайтын , білім алу және тәрбие процесіндегі жетекші іс-әрекеттің түрі, өмір құбылыстарының сондай ақ баланың ақыл-ойын қалыптастыруға бағытталған әсерімен ерекшеленетін әрекет- интеллектуалдық ойындар.
Танымдық ізденімпаздықты дамытудағы оқыту әдістемесінің негізін қалаушы Я.А.Коменский «Таным бастамасы-сезімнен, бала сезіне білмесе, оның ой-өрісінде ешқандай өзгеріс болмайды. Оқытуды зат туралы сөзбен емес, сол затты бақылау арқылы шәкірттің ойын дамыту керек» ,-деп жазған. Сондықтан да танымдық әрекет –баланың білімге деген өте белсенді ақыл ой әрекеті. Жеке тұлғасында танымдық белсенділігінің дамуы бес-алты жасында қалыптасатын балаларға аталмыш ойын түрлерін жиі пайдаланудың пайдасы зор.
Интеллектуалдық турнир «Умники и умницы» тақырыбында балалармен және кейіпкерлер арқылы  ашық оқу қызметі сағатын көрсеткен білікті тәрбиеші Гауһар Жақсылықова алынған тақырыпты толық аша білді. Және оқытудың тиімді тұстары мен балалардың қалай қабылдайтынын және нәтижесін көрсетті. Логопед маман Айжан Имашова «Б.Никитин, З.Дьенеш, Д.Кюизенер дидактикалық құралдарын логопедтік топқа қоланудың пайдасын тәрбиешілерді ортаға шақырып шеберлік сыныбы арқылы көрсетті.
«Бәрін білгім келеді!» тақырыбында ұйымдастырылған интеллектуалдық ойындар көрмесі, «Интеллектум», «Логопед» бөлмелеріне саяхат жасауда жиналғандар өздеріне қажетті дүниелерін алып жатты. Көпшіліктің қызығушылығын тудырып, жоғары бағасын алған жүзу нұсқаушысы Костенко Ольга Николаевнаның қаншама мағлұматтарға бай қойылым арқылы өткізген хауыздағы жүзу сабағы болды.
Балабақша психологі А.Ахметованың шара соңындағы тренинг-жаттығуы қатысушылар есінен кетпес қызықты сұрақ-жауап ойыны түрінде өтті.
Ұжымдық бірлікті, тынбайтын еңбекті қажет ететін жауапкершілігі мол қалалық балабақшалардың семинарын өткізіп отырған балабақша ортасы тәжірибелі мамандармен толыққан орда. Ұжымның жақсы жетістіктерге жетуі, әрбір педагогтың  өз еңбегінің нәтижесімен, жаңалығымен біліктілігі мен білімдерінің арқасы. Атап айтсақ,  балабақшада  өз жұмысын жақсы білетін, бірінші,екінші санатты мамандар мен тәрбиешілер Ахметова Айгерім Станбековна,  Имашова Айжан Шенгельбаевна, Аскаров Бағлан Маратович, Жумабекова Гүлшат Атибековна, Костенко Ольга Николаевна , Алиева Мехрибан Бейкагаевна, Даулетова Зауре Танабаевна,Исаханова Айзада Абаевна, Аймаханбетова Жанар Ермековна, Джаксылыкова Гаухар Каиргожаевна, Смагулова Айжан Иргибаевна, Салкымбаева Казима Камидолловна, Шауменова Салтанат Сапарғалиевна,Коркытбаева Роза Галымжановна, Омаркулова Мира Кайсаровна нағыз өз ісінің мамандары.
Осындай маман иелерінің кәсіби шеберлігін  арқасында қалалық деңгейде  2015 жылы  Ағылшын тілінде VІ қалалық театрлық қойылымдар фестивалі, 2016 жылы»Балалар жол  көлік травматизмнің алдын -алуға   бағытталған «Брейн – ринг» қалалық байқауы, 2016 жылы «Менің әкем» атты қалалық қолдаңбалы өнер байқауы, 2016 жылы Қазақстан Республикасы Тұңғыш  президентінің музейімен ұйымдастырылған  Астана күніне арналған  «Жүрегімде мәңгі сенсің –Астанам» атты мерекелік ертеңгілік, 2017 жылы Тәуелсіздіктін 25 жылдығына орай өткізілген «Тәуелсіз елдің – ұланымыз» атты балалар шығармашылық байқауы, 2017 жылы  ХІ қалалық «Жұлдызды жол» интеллектуалдық олимпиадасы  және де қалалық деңгейде бірнеше  педагогтарға арналған семинарлар мен сынып шеберлер ұйымдастырып өткізген. «Мерейдің» биігін асқақтата түскен мұндай жауапкершілік жүгін тек өзіне сенетін білім ошақтары ғана көтере  алатыны және өз дәрежесінде өткізетіні баршаға мәлім. Басқадан оқ бойы озық келе жатқан балабақша ұжымына тек осы тұғырдан түспей биіктен көріне беріңіздер дейміз.

 Әлия Ғалымбекқызы,
«Білім айнасы», Астана қаласы

 

 

 

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.