Мектеп жасына дейінгі оқыту-тәрбиелеу жұмысында балалардың тілін дамыту, сөздік қорларын молайту, ауызша сөйлеуге үйрете отырып, үйренген сөздерін күнделікті өмірде еркін қолдану, одан әрі күнделікті іс-әрекет кезіндегі тілдік қарым-қатынаста қолдана білуге жаттықтыру ісіне ерекше мән берілген.
Мектеп жасындағы балалармен сөздік жұмысын жүргізу ісі-тіл дамытудың негізгі міндеттері болып есептелінеді.
Біз балалармен сөздік жұмысын жүргізе отырып, оларды айналасындағы заттармен таныстырып, атын атай білуге, қасиеті мен сапасын, түр- түсін және пішінін ажырата білуге, өмірдегі, қоршаған ортадағы түрлі құбылыстар жайындағы ұғым, түсініктерін дамыта отырып, белсенді түрде тілдік қарым-қатынас жасай білуге үйретеміз.
Мектеп жасындағы балалардың сөздік қорларын дамыту ісінде тәрбиешінің балалардың сөздік қорларын дамыту, жаңа сөздерді меңгерту, үйренген сөздерін тиянақтап, анықтап әрі байытып отыру басты міндет саналады.
Осы аталған міндеттерді тәрбиеші үнемі сөздік жұмысын жүргізуде басшылыққа алып отыруы тиіс.Балалардың сөздік қорын молайтуда ойын, тапсырма жаттығулардың орны ерекше.Соның ішінде ойын- баланың шын тіршілігі.Ойын арқылы бала айналасындағы нәрседен өзіне қызықтысына ықыласы ауып, таңдап алады. Баланың бір ерекше қасиеті сөйлеуден еш жалықпайды. Ойын бала тілінің дамуына ықпалын тигізіп, таным белсенділігінің дамуына жол ашады.Қай бала болмасын ойынмен өседі, өйткені бала табиғатының өзі тек ойынмен байланысты. Ойын үстінде бала еш нәрсеге тәуелсіз. Ол өзін еркін ұстайды. Ал еркіндік дегеніміз-барлық дамудың баспалдағы, бәрін білуге деген талпынысы мен құлшынысы. Баланың білуге деген құштарлығы, сөйлеуі ойын үстінде қалыптасады.
Халық даналығында «Ойнай білмеген- ойлай да білмейді», «Ойында озған – өмірде де озады» деген аталы сөздер сырына жүгінсек,мектепке дейінгі жастағы баланың ойынға деген құлқы, қарым қатынасы, мінез құлық көріністері олар өсіп есейгенде де жалғаса береді. Ойын барысында бала өзін қоршаған үлкендер сияқты,өзінің сүйікті әңгімелері мен кейіпкерлері сияқты өмір сүреді,әрекет жасайды.
Ойынды қолданумен бірге ойлауға,тілді дамытуға, шығармашылық әрекетін байытуға бағыт алады. Бала ойын арқылы бір әрекеттен екінші әрекетке ауыса отырып,өзіне түрлі ақпараттар алады.
Ойындардың негізгі мақсаты – балалардың ықылас зейінін,сөздік қорын,байқампаздығын, есте сақтау, қабылдауын дамытуға,икемділікті арттыруға, өзінің жеке құрбыларының іс –әрекетін бағалауын қалыптастыру.
Сонымен балалардың сөздік қорын дамытуда ойындарды,тапсырма –жаттығуларды қолдану үлкен нәтиже береді. Ойын арқылы балалардың сөздік қоры дамып,ауызша сөйлеумашығын игереді, таным белсенділіктері қалыптаса түсіп, ақыл –ойы өсіп жетіледі әрі адамгершілік қасиеттерді бойына сіңіреді.
Сөйлеу тілі мүшелері әрекетінің қозғалуларының дамуы қол саусақтарының нәзік қимылдарының дамуымен тығыз байланыста болғандықтан, бала қолының ептілігін толық жетілдіру , түзету –тәрбие жұмысын жүйелі жүргізуді қалайды.
Балалардың сөздік қорын ойын арқылы дамыту жолы.
Балабақшадағы тәрбиелеу –оқыту жұмысында балалардың тілін дамыту,сөздік қорларын дамыту,ауызша сөйлеуге үйрете отырып,үйренген сөздерін күнделікті өмірде еркін қолдану,әрі оны күнделікті іс –әрекет кезіндегі тілдік қарым –қатынаста қолдана білуге жаттықтыру ісіне ерекше мән берілген мектеп жасына дейінгі кезеңдегі балалармен сөздік жұмысын жүргізу ісі – тіл дамытудың негізгі бір міндеттері болып есептелінеді. Біз балалармен сөздік жұмысын жүргізе отырып,оларды айналасындағы заттармен таныстырып,атын атай білуге, қасиеті мен сапасын, түр – түсі және пішінін ажырата білуге,өмірдегі,қоршаған ортадағы түрлі құбылыстар жайындағы ұғым,түсініктерін дамыта отырып,белсенді түрде тілдік қарым –қатынас жасай білуге үйретеміз.Мектеп жасына дейінгі балалардың сөздік қорларын дамыту ісінде тәрбиешіге:
-балалардың сөздік қорларын дамыту
— жаңа сөздерді меңгерту
-үйренген сөздерін тиянақтап,анықтап әрі байытып отыру басты міндет саналады.
Осы аталған міндеттерді тәрбиеші үнемі сөздік жұмысын жүргізуде басшылыққа алып отыруы тиіс.балалрдың сөздік қорын дамытуда ойын,тапсырма,жаттығулардың орны ерекше. Соның ішінде ойын- баланың шын тіршілігі.Ойын арқылы бала айналасындағы нәрседен өзіне қызықтысына ықыласы ауып, таңдап алады.Баланың бір ерекше қасиеті сөйлеуден еш жалықпайды. Ойын бала дамуына жол ашады.Қай бала болмасын ой ынмен өседі,өйткені балатабиғатының өзі тек ойынмен байланысты. Ойын үстінде бала еш нәрсеге тәуелсіз. Ол өзін еркін ұстайды. Ал еркіндік дегеніміз– барлық дамудың баспалдағы, бәрін білуге деген талпынысы мен құлшынысы.Баланың білуге деген құштарлығы,сөйлеуі ойын үстінде қалыптасады. Сөздік қорды дамыту ісін ұйымдастыру жұмысында ойын сабағы ең негізгі орын алады. Тәрбиеші бақылау, заттарды қарау, жұмбақ шешу және құрастыру,саяхат,ойын сабақтарын ұйымдастыру барысында балалардың сөздік қорын дамытады. Арнайы ойын сабақ және сабақ мазмұнына қарай танымдық, дамытушы ойындарды,тапсырмаларды қолдану,балаларды заттарды бір – бірімен салыстыруға, оларды қасиетіне қарай ажыратуға және оны танып білуге үйретеді. Сөйтіп, бала топтағыжасына сәйкес бағдарламалық міндетті меңгереді. Ойын ұйымдастыруда тәрбиеші өзі жетекші бола отырып, балаларды ойнай білуге, ойын ережесін сақтауға әрі оларды ойната отырып, ойлануға бағыттайды, заттың атын немесе қасиетін есінде сақтап қалуға жол ашады, ойынға қызықтыра отырып зейінін, қиялын дамытады. Сонымен қатар ойын барысында бала үлкендермен, өз құрбыларымен қарым-қатынас жасайды. Әр бала өз жетістігіне қуанып, мәз болады. Сондықтан да ойын-тапсырмаларды таңдауда және іріктеуде балалардың жас және жеке ерекшелігін ескерген жөн. Тәрбиеші балалармен ойынды (заттармен, үстел үсті және сөздік ойын) үш түрлі етіп өткізуіне болады. Заттармен ойналатын ойын ойыншықтарды, табиғи заттарды қолдану арқылы өтіледі. Мысалы: «Дәл осындайды тауып ал», «Салыстыр да , атын ата», «Қай ағаштың жапырағы?», «Бірдей ойыншықты тап», «Қайсысы көп, қайсысы аз?», т.б. Үстел үсті ойын ұйымдастыруда домино, лото, суреттер қолданылады. Мысалы: «Суретті құрастыр», «Қандай затқа ұқсайды?», «Қай сурет тығылды?», «Бір сөзбен ата», «Кім байқағыш?», «Қиылған суреттер», «Ұқсасын тап», «4-ші не артық», «Есіңде сақта». Ал сөздік ойын арқылы сөзді орынды қолдана білуге, дұрыс жауап айтуға, сөз мағынасын түсінуге, орынды сөйлеуге үйренеді. Мысалы: «Сөз ойла», «Сөз құра», «Жұмбақ ойла», «Жақсы-жаман», «Жалғастыр», «Үш сөз ата».
Сонымен қатар балалардың сөздік қорларын дамыту жұмысына ойындарды қолданумен қатар, «Пішіндер көрмесі», «Өрнекті есіңде сақта», «Қиын жолдар», «Суретті жалғастыр», «Биші адамдар», «Көңілді таяқшалар» тәрізді жаттығу, тапсырмаларды да пайдаланып отыру өз нәтижесін берді. Бұл аталған жаттығу, тапсырмалар балалардың сөздік қорын дамыта отырып, таным белсенділіктерін және саусақ бұлшық етін дамытады. Жалпы ойынды ұйымдастыру ойынды өткізуге әзірлік, ойынды өткізу, ойынды талдау сияқты үш бағытта қамтиды. Ойынға қажетті құрал, заттарды даярлау ойынды өткізуге әзірлік болып табылады. Балаларды ойынның мазмұнымен таныстыру ойынды өткізу болып табылады. Ойынды талдау, бұл ойынның өз мақсатына жетуі, балалардың белсенділігі және олардың іс-әрекеті болып табылады. Сонымен балалардың сөздік қорларын дамытуда ойындарды, тапсырма-жаттығуларды қолдану үлкен нәтиже береді. Ойын арқылы балалардың сөздік қоры дамып, ауызша сөйлеу машығын игереді, таным белсенділіктері қалыптаса түсіп, ақыл-ойы өсіп жетіледі әрі адамгершілік қасиеттерін бойына сіңіреді.
Мыңжанова Фариза Жалғасбайқызы
Маңғыстау облысы, Бейнеу ауданы
Бейнеу селосы
«Балауса»бөбекжайы»МКҚК тәрбиеші