Home » Жаңалықтар » Мектепке тағзым

Мектепке тағзым

Бүгінгі таңда мектептердің материалдық базасын жетілдіруге мемлекет тарапынан ерекше көңіл бөлінуде. Сонымен қатар, кейбір мектеп түлектерінің де өз еркімен материалдық тұрғыда, не қаржылай қолдау көрсетіп жататыны да бар.

2017 жылғы мамырда «Нұр Отан» партиясының облыстық филиалының бастамасымен, «Мектебіме тағзым» жобасы бастау алды. Жаңа оқу жылының басында алғашқы шығарылған қорытындыларға сәйкес, өз мектептері үшін жалпы сомасы 111 миллион теңгеден астам қаржылай қолдау көрсеткен мектептердің бұрынғы түлектерін, облысқа танымал адамдарды атап өтуді жөн санадық. Олар: Марат және Данияр Бақауовтар, Владимир Берковский, Илья Теренченко, Михаил Желнов, Ерғанат Үйсенбаев, Бағдат Мусин, Сергей Прокопьев және т.б. 500-ден аса түлек.

Мектептер қорына түскен қаражатқа 5 робот техникасының кабинеті, 8 шахмат кабинеті ашылды, арнайы музыка, тарих, биология, информатика, физика, ағылшын, қазақ тілі кабинеттеріне жабдықтар мен ұйымдастыру техникалары, оқушы жиһазы, стендтер сатып алынып, спорт залға, фойеге, ас блогының үй жайына ағымдағы және күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді.

Білім беру басқармасы,

Павлодар қаласы

 

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.