Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің бастамасымен Қазақстан Республикасы Президентінің оқушылардың мектепке баруын толық қамтамасыз ету жөніндегі тапсырмасын орындауда Астана қаласында 2017 жылғы 1 тамыздан 30 қыркүйек аралығында «Мектепке жол» IХ дәстүрлі жалпыреспубликалық қайырымдылық акциясы (бұдан әрі — акция) «Менің таңдауым — балаларға көмек көрсету!» ұранымен өткізілді.
Акцияның мақсаты – аз қамтылған және көп балалы отбасылардың балалары мен жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған оқушыларға жаңа оқу жылына дайындық кезеңінде және әлеуметтік себептер бойынша балалардың мектепке бармауының алдын алу үшін материалдық және басқа да көмек көрсету.
Осымен 9 жыл бойы өткізіліп отырған акция аясында 48 956 мыңнан астам балаға жалпы алғанда 435 млн.теңге көлімінде заттай көмек көрсетілді. Соның ішінде демеушілер мен қайырымдылық қорлары арқасында 223 млн.188 мың теңге көлемінде (айта кету керек, 2016 жылы осы акция кезінде 6158 балаға, 72 437 300 теңге сомасына, оның ішінде 4632 балаға, 49 338 100 мың теңге демеушілер тарапынан көмек көрсетілді).
Жоба аясында 2017 жылы тамыз айының 19-20 және 26-27 күндерінде мектеп жәрмеңкесі ұйымдастырылды, онда мектеп формасы, оқулықтар, балаларға арналған ой-сананы дамытатын кітаптар, сөмкелер, портфельдер, рюкзактар, кеңсе заттары, мектепке арналған аяқ киім мен күртешелер, т.б. өнімдер төмендетілген бағалармен сатылды. Жәрмеңкеге 10 мыңнан астам адам қатысты. Соның ішінде «Фортуна», «Казлегпром-Алматы», «Sens fashion», «Қарағанды қаласы аяқ киім фабрикасы» фабрикалары және Астана, Қарағанды, Петропавл, Шымкент және Теміртау қалаларының 30-дан астам кәсіпкерлері.
27 тамыз күні қалалық «Арай» саябағында «Алғаш рет Бірінші сыныпқа барамын» атты қайырымдылық акциясы ұйымдастырылды. Акция барысында 175 балаға мектеп рюкзактары табыс етілді.
4-19 тамыз аралығында «Білім алғым келеді» атты жедел алдын алу іс-шарасы өткізілді.
Іс-шараның мақсаты – мектепке дейінгі жастағы балаларды оқытуға жатпайтын, табысы аз, көп балалы және әлеуметтік жағдайы төмен отбасылардағы балаларға, жетім балаларға және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға оқу жылының басталуына дайындалу, мектептерге тіркеп білім алуға жағдай жасау.
«Білім алғым келеді» шарасы аясында әртүрлі департаменттердің 102 өкілі тартылды. Соның ішінде 33 — кәмелеттік жасқа толмаған (ювеналды) полиция қызметкерлері, білім беру басқармасының өкілдері — 45, жастар саясаты жөніндегі басқарма — 1, қоғамдық көмекшілер — 23 және 3 көлік құралдары.
Сонымен қатар мектепке қабылданбаған 6 кәмелетке толмаған, мектеп жасындағы балалар анықталды.
Бүгінгі таңда бұл балалардың барлығы мектепке орналастырылды:
Мирбабаева Анэль Рафаеловна, 2005 ж.т. –№ 7 МГ;
Ганимат Аңсар Манарбекұлы, 2010 ж.т.– № 7 МГ;
Курасова Дарина, 2009 ж.т. – № 83 МГ;
Корбаницкая Евгения Романовна, 2008 ж.т. –№ 19 ОМ;
Корбаницкая Виктория Романовна, 2009 ж.т.– № 19 ОМ;
Калганова Анастасия Михайловна, 2007 ж.т. – үйде білім алады (Психологиялық-медициналық-педагогикалық кеңес қорытындысы бойынша).
Акция кезінде 6922 балаға, 75 326 598 теңге сомасына, оның ішінде 4270 балаға, 4 632 6598 теңге демеушілер тарапынан көмек көрсетілді.
Биыл «Мектепке жол» республикалық акциясының белсенді қолдаушылары қатарында Астана қаласының әкімдігі мен басқармалары, «Нұр Отан» партиясы, ҚР ІІД, ҚР ӘМ, ҚР ИДМ, ҚР ММ, ҚР СІМ, Цеснабанк, БанкЦентрКредит, Сбербанк, «Билайн», «Отан» ЖШС, Отель «Реддисон», әскери бөлімдер, қала тұрғындары және тағы басқалар.
Атап өтетін маңызды жайт – аталмыш науқан жыл бойы өз жұмысын жалғастыратын болады.