Home » Мақалалар » Мектепке жасына дейінгі балаларды мүсін өнеріне үйретудің негізгі шарттары

Мектепке жасына дейінгі балаларды мүсін өнеріне үйретудің негізгі шарттары

Мүсін жасау. Мүсін жасауда балаға балшықтың, ермексаздың кесегін қайта өзгертуге, алуан түрлі формалар алуға, бейнелер жасауға мүмкіндік беретіндей қол қимылдарын дамыту қажет. Балалар бірте-бірте үлкен балшықтан ұсақ кесек балшықтарды үзіп алуды, түзу қимылмен шиыршықтауды, айналма қозғалыстар жасауды игереді. Олар кесектерді жаншуды, ішіне қарай басып енгізуді бейнелердің ұсақ бөліктері мен детальдарын созуды үйренеді. Оларды саусақтармен мүсіндеудің әр алуан тәсілдеріне, стекаларды пайдалануға баулиды, тұтас бөліктен және бөлшектер бойынша мүсін жасауға үйренеді. Мүсін жасау техникасы меңгеру қол қимылының дамуына жәрдемдеседі және балалардың шығармашылығын дамытуға мүмкіндік береді. Мүсін жасауда балаға балшықтың, ермексаздың кесегін қайта өзгертуге, алуан түрлі формалар алуға, бейнелер жасауға мүмкіндік беретіндей қол қимылдарын дамыту қажет.

Балабақшада мүсіндеуге үйретуге жүргізілген жұмыстар балалардың мүсін өнеріне деген қызығушылығын арттыра отырып ұсақ қол моторикасының дамуы мен қол еңбегінің негізі болып табылады. Тәрбиеші мүсіндеу бойынша іс-әрекеттер ұйымдастыру кезінде төмендегі нұсқауларды ұстануы қажет:

1.Саз балшық қоюланып, балалардың қолдарына жабыспау үшін оны ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті басталмас бұрын алдын ала әзірлеп қояды.

2.Дайын саз балшықты полиэтиленді пакетке салып оны дымқыл шүберекпен орап тастау керек.

3.Саз балшықтан мүсіндеу жұмыстары кезінде балалар заттың бір бөлігін екінші бөлікке біріктірулері үшін және пішінді тегістеулері үшін су құйылған орташа тегеш немесе сулы шүберек дайын тұру керек.

4.Мүсіндеу жұмыстары басталмас бұрын үстелге сазбалшық салынған ыдыс пен жалпақ  таяқша қойылады. Ол мектепке дейінгі балаларға мүсіндеу үшін сазбалшықты керегінше алуға үйретеді.

5.Сазбалшықпен жұмыс жасау кезінде айналмалы қондырғылар қолданған жөн. Оның үстіне тек затты (халық ойыншығын, кіші көлемді скульптураны) зерттеп көріп қана қоймай оның пішінін бұзбай мүсіндеуге де болады.

6.Мүсіндеу пластмассадан, ағаштан, темірден жасалған арнайы стека таяқшасын қолдану керек. Балалар стекалармен мүсіндеп жасаған бейнені өңдеуді үйренеді.  Себебі, мектепке дейінгі балалар заттың сыртқы пішінімен белгілерін (ұзын, қысқа, жуан, жіңішке) көрсете білулері тиіс.

7.Мүсіндеу жұмыстарынан кейін балалар үстелдің үстін дымқыл шүберекпен сүртеді. Тек қолдарын құрғақ шүберекпен сүрткеннен кейін ғана жылы сумен жуады. Мектепке дейінгі балалар тапсырмаларды түсіндіру кезінде-ақ ермексазды қолдарымен уқалай алатындықтарын естен шығармаған жөн. Алайда ермексаздан жасалған бейнені тегістеу көп уақыт алады.

Мектепке дейінгі балалармен жұмыс жасау кезінде мүсіндедің үш түрі қолданылады:  заттық, сюжеттік және сәндік мүсіндеу. Мүсіндеудің бұл түрлерін әрқайсысының өзіндік ерекшеліктері бар.

Заттық мүсіндеу.

Сурет салудан көрі заттық мүсіндеуде балаға  жеке заттарды бейнелеу жеңіл келеді. Заттық мүсіндеуде тәрбиешінің міндеттері:

  • мүсіндеуде балаларға заттардың орнаған пішінімен олардың өзіндік айқын белгілерін бейнелей білуге үйрету;
  • қарапайым пропорцияларды көрсете білуге, бейнені бөлшектермен толықтыра білуге, пішіндердің күрделі емес қимыл-қозғалыстарын көрсете білуге үйрету.
  • пішін бөліктерін бекітудің әртүрлі техникасын қолдана білуін, бөліктерді нық етіп біріктіре алуын қалыптастыру.

Затқа қарап мүсіндеу (тақырыбы «Көкөністер мен жемістер – күз сыйы, «Тостаған») балаларды заттың пішінімен және пропорциясымен таныстырған кезде жүргізіледі. Ұйымдастырылған оқу қызметінде балалар түрлі пішіндегі және көлемдегі екі үш затты мүсіндей алады.

Пішіндердің мазмұны түсінікті болуы үшін балалар адам мен жануарларды мүсіндеулері тиіс. Мүсіндеуде балаларға күрделі емес қимыл-қозғалыстарды бейнелеу ұсынылады: адамның бейнесінде екі қолын көтергізіп немесе екі аяғын алшайтып қоюды, жануарлардың алдыңғы екі аяғын алдыға көтеруін бейнелеу.

Адамның бейнесін мүсіндеу.  Мектепке дейінгі балаларға  күрделірек, сондықтан  мүсіндеуге кірісу алдында тәрбиеші көшедегі адамдардың серуен кезіндегі балалардың пішіндерін бақылауды ұйымдастырады. Бақылау өткізе отырып, балалардың назарын адамдардың дене бітімінің пішініне, дене мүшелерінің арасындағы пропорциялық байланысқа аудартады. Ересек адаммен бланың дене бітімін салыстыруды ұсынады.

Ұйымдастырылған оқу қызметінің басында тәрбиеші балаларға заттың ерекшеліктерін естеріне түсіріп, оны бейнелеу тәсілдерін ойластыруды тапсырады. Балалардың мүсіндеу кезінде заттың барлық қыры бірдей етіп орындалуы үшін керектігін білдіріп, заттың барлық жанынан зерттеп қарайды.

Затты айналмалы қондырғыға биік етіп қойып көрсету жөн. Осылайша бала заттың барлық қарама-қарсы жақтарын көре алады. Осыдан кейін затты бастапқы қалыпқа қояды. Осы кезеңде мектепке дейінгі балалар заттың құрылымы мен пішінін талдауға қабілетті. Тәрбиеші пішінге нұсқап балаларға ол туралы айтады. Оның өзіндік ерекшеліктері туралы сипаттауларын ұсынады. Балалар жауап беруге қиналса тәрбиеші өзі түсінідіріп айтып береді.

Балалар бақылау кезіндегі көру бейнесіне сүйеніп, мүсіндеу жұмыстарын атқарады. Осы кезде тәрбиешінің міндеті – баланың ойында жатқанды сезініп, түсініп сол ойды жүзеге асыру үшін керегінше көркем көрсету. Мүсіндеу тәсілдерін сәтсіз таңдаған балаларға өзге де ыңғайлы бөлшекті жапсыру тәсілдер – созу, шымшып созу, рельефті мүсіндеу қолдануға үйрету;

  • мүсіндеуде заттардың ара қатынасын бейнелеуге үйрету.

Сәндік мүсіндеу балаларды сәндік қолданбалы өнер заттарымен таныстырады. Мүсіндеу барысында тәрбиеші аспаптармен жұмыс істеуге үйретеді. Мысалы, кейбір әшекейлерді арнайы  түтік, шаршы, үшбұрыш тәріздес құралдарменен өрнектеуге болады. Осындай құрал ретінде шегені төбесінде жалпақшасы бар бұранды шегені қолдануға болады.

Жапсырмалы оюмен жұмыс баланың қолының ұсақ бұлшық етін дамытады, саусақтарының ұшымен жұмыс істеуге үйретеді. Саусақтардың пішіндерімен жұмыс істегенде икемді иілгіш етеді. Баланың әдемі ыдыс-аяқ жасап шығару мүмкіндігін еліктіреді.

Сәндік мүсіндеу тәрбиешінің берген тапсырмасы бойынша және балалардың өз ойлары бойынша жүзеге асырылады. Алайда өз ойлары бойынша мүсіндеу балалар сәндік заттарды (ыдыстар, ойыншықтар) мүсіндеуге тәжірибе жинаған кезде ғана жүргізіледі. Ойыншықтарды мүсіндеу сапасы олардың пішінімен ұсақ бөліктердің қалайша жасалғандығымен ғана емес, сонымен қатар заттың қалай тегістелгеніне де байланысты  анықталады.

Ұйымдастырылған оқу қызметі басында тәрбиеші жұмыс барысын түсіндіреді. Пішінге талдау жасайды. Мүсіндеудің түрлері туралы әңгімелеседі.

Мектеп жасына дейінгі балалардың шығармашылығының бірінші белгісі  қоршаған орта заттары мен объектісімен таныстыруда  тәрбиеші оның негізгі пішініне салыстыруға ұқсастығын ажыратуға үйретеді. Сол себептен балалар бір заттың түрліше пішінін суретін салуда мүсіндеуде және жапсыруда басқаша бейнелердің амалын меңгереді. Балалар еркін түрде сурет салуда басқа заттың ұқсас пішінін беруде қолданады. Сурет салуда түзу, қисық, жіңішке, қалың сызықтың түрлі амалын бала өзінің ойымен заттармен құбылыстардың бейнесін беруде пайдаланады. Мысалы, құстаың аузын ашып қояды. Бұл оның ойынша ән айтып тұр дегенді білдіреді. Осындай жолдар арқылы бала бейнелеу әрекетінде еркін шығармашылық мүмкіндігін көрсетеді.

Мектепке дейінгі балаларда  болатын  шығармашылықтың екінші белгісі затқа жаңа қызмет беруі баланың затпен әрекетінде байқалатын құбылыс бір затты екінші заттың орынбасары ретінде қолданып, қиялында таза образын жасап алуы, сол сияқты бейнелеу әрекетінде де көз алдына елестету арқылы жаңа бейнелер құрастырады.

Сюжет  бойынша мүсіндеу

Балаларды мүсіндеудің үйреншікті әдістерімен біліктіліктерін жаттықтыру арқылы заттардың өлшемдік қатынастарын дұрыс бере білуге үйрету (қоян  үлкен, ал көжек кішкентай). Бейненің ерекше қасиетін адамның қимылын анық көрсетуге сырт келбетін әдемі безендіруге үйретуді сюжеттерде түрлердің ерекшеліктерін, қимыл-қозғалысын, фактурасын (күрделі рельефтеу мен жапсыру арқылы) әртүрлі кескіштерді қолдана отырып, жасай білу шеберлігін қалыптастыру. Кейіпкерлдердің өзіне тән бөлшектерін (мүрын, ауыз, көз) жасай білу композияция мазмұнын қосымша заттармен элементтердің көмегімен (ағаш түбіртегінің, шөптің, гүлдің, мысықтың алдына тостаған, қыздың қолына себет) мейлінше көркемдеп жеткізе  білу.

Затты тұғырға орналастыру техникасын қалыптастыру. Бірыңғай заттармен сюжеттер жасауды үйрету. Бірнеше денені бір тұғырға орналастыру. Бірыңғай заттардың бейнесін жасаудан мазмұнға сәйкес әр қилы бейнелерді жасауға көшу, балаларға таныс күнделікті өмірде балабақшамен  үйде  қыдыру мен  саяхат кезінде кездесетін оқиғалар сюжет тақырыптары бола алады.

Сондықтан, өнімді әрекеттің көркем-шығармашылық бағыттарын қамтамасыз ету маңызды. Балалардың шығармашылық қабілеттерін дамыту еңбекке деген рухани адамгершіліктің қалыптасуына негіз болады. Бірақ бұл қажеттілік балаға күш салмай іске асуы мүмкін емес, сондықтан оны еңбек сүйгіштікке, шыдамдылыққа, ұқыптылыққа, дербестікке, белсенділікке және өз еңбегімен айналасындағыларға қуаныш сыйлауға талпынуына тәрбиелеу қажет.

Сюжетті  мүсін құрастыру сабақтарында тәрбиеші балаларға қолөнер суретшісі өзінің безендіру жұмыстарына ою-өрнектерді, шынайы табиғаттағы заттарды құбылыстарды қарап оларды қалай өрнекке айналдыратыны жөніде айтып көрсетеді. Әрине табиғаттағы өсімдік жапырақтарын, жан-жануарларды стильдік, сәндік суретке айналдыру бірден оңай меңгерілетін жұмыс емес. Сондықтан, бұл жерде бірінші баланың заттан қарап мүсіндеу  сабақтарында алған білімдерін еске түсіру қажет болады. Онда балалар зат бейнесін мүсіндемес бұрын оны белгілі  мүсіндеу кезеңдері бойынша жазықтық бетіне түсіреді. Бірінші заттың жалпы жазықтық бетіндегі алатын орны белгіленеді. Сол бейнеленген заттың жалпы сыртқы бейнесінің үстіне оның пропорциялық ерекшеліктері түсіріледі. Екінші белгіленген пропорциялық ерекшеліктері бойынша заттың жалпылама бейнесі анықталады. Міне заттан қарап мүсіндеудің осы кезеңіндегі пайда болған бейнені заттың стильдік бейнелеудің алғашқы қадамы ғана стильдік бейнелеуде заттың немесе құбылыстың құрылысының ырғақтығына симметриялы, ассиметриялағына, түстің үйлесіміне мән беріледі.

Сонымен сюжеттік  мүсінді меңгеру үшін басқа да сабақтармен байланыс жүйелілігі үнемі сақталуы керектігі айқындалады.

Тәрбиеші әр топқа бір тақырып бойынша балаларға қандай жаңалық ұсынатындығын белгілеп жоспарлағанда оқытудың үдемелі жүйелілігі мен бірізділігі сақталады.

Сазбалшықпен, табиғи материалдармен, ермексазбен, түрлі-түсті қағаздармен жасалатын жұмыс түрлері де ұсынылған. Әрине, кез-келген бұйымды жасау үшін балалардың жас ерекшелік қасиеттерін есепке алу принципі бірінші орында тұрады. Мысалы, сабақта табиғи материалдармен жұмыс істеуде балаларға қазақтың ұлттық бұйымдарын – домбыраны құрастыру, сырмақ, ертоқым, сәукеле мен камзол, аяққап, т.б. жасау ұсынылған. Ал сазбалшық және ермексазбен жұмыс істеу барысында мүсіндеу жұмыстары іске асады. Кез-келген нәрсені мүсіндеуге болады, ал бағдарлама бойынша жеміс-жидек, көкөністерді, жан-жануарларды, аң-құстарды, түрлі көлемдегі моншақтарды мүсіндеу қарастырылған.

Әр түрлі жас топтарында мүсіндеуге үйретуде жүргізілетін жұмыстар.  Балабақшада мүсіндеуге үйретуге жүргізілген жұмыстар  балалардың мүсін өнеріне деген қызығушылығын арттыра отырып ұсақ қол моторикасының дамуы мен қол еңбегінің негізі болып табылады..

 

Канафинова Сымбат Жаслановна 

Алматы облысы Қарасай ауданы Қырғауылды ауылы

«Ақ көгершін» балабақшасы

әдіскері

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.