«Өрлеу» БАҰО»АҚ филиалы Атырау облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты мектепке дейінгі ұйым психологтарына «Мектепке дейінгі ұйымдарда инклюзивті білім беруді психологиялық-педагогикалық сүйемелдеу» тақырыбында біліктілікті арттыру курсын өткізуде.
Курс тыңдаушыларына мектепке дейінгі ұйымдарда инклюзивті білім беруді психологиялық-педагогикалық сүйемелдеу және психокоррекциялық жұмыстың мазмұны мен әдістерімен тәжірибе алмасу бағытында және педагогтардың кәсіби құзыреттілігін дамыту мақсатында 2018 жылдың 19 қыркүйек күні Атырау қаласындағы №7 «Күншуақ» балабақша базасында «Психокоррекциялық жұмыстың мазмұны мен әдістері» тақырыбында көшпелі тәжірибелі сабақ ұйымдастырылды.
Көшпелі тәжірибелі сабақта №7 «Күншуақ» балабақшасының педагог-психологі Исаева Айнұр Мұхтарқызы курс тыңдаушыларына өзінің іс-тәжірибесімен бөлісті.
Қонқаева О. Б.
«Өрлеу» БАҰО»АҚ филиалы
Атырау облысы бойынша ПҚБАИ
«Тұлғаны тәрбиелеу және әлеуметтендіру» кафедрасының аға оқытушысы