Home » Мақалалар » Мектепке дейінгі ұйымның білім беру кеңістігін қалыптастырудың негізгі компоненті ретінде даму стратегиясының рөлі  

Мектепке дейінгі ұйымның білім беру кеңістігін қалыптастырудың негізгі компоненті ретінде даму стратегиясының рөлі  

 

 

      Қазақстан 2030 стратегиялық бағдарламасы білім берудің ұлттық моделінің қалыптасуымен және Қазақстаның білім беру жүйесін әлемдік білім беру кеңестігіне кіріктірумен сипатталады. Қазіргі таңда қазақ тілі –мемілекеттік тіл, қарым-қатынас тілі-орыс тілі және ағылшын тілі-әлемдік кеңістікті тану тілін оқытуда жаңа идеяларды әр ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінде жан-жақты қолданып, жаңаша оқытудың тиімді жолдарын тауып,жүйелі түрде қолдану-заман талабы болып отырғаны рас, жаңаша көзқарас пайда болды. Осыған байланысты педагогтардың әдіс-тәсілдерін үнемі жаңартып отыру және технологияларды меңгеру, оны тиімді қолдана білуміндеті тұр. Мемлекетіміздің білім беру үрдісіне енген жаңартылған білім беру бағдарламасы-заман талабына сай келешек ұрпақтың сұранысын қанағаттандыратын тың бағдарлама.

Қай елдің болсын өсіп-өркендеуі, ғаламдық дүниеде өзіндік орын алу оның ұлттық білім жүйесінің деңгейіне, даму бағытына байланысты. «Ұрпағы білімді халықтың болашағы бұлыңғыр болмайды» дегендей, жас ұрпаққа сапалы , мән-мағыналы,өнегелі тәрбие мен білім беру-бүгінгі күннің басты талабы.

Шындығында тәрбиеші алдында тәрбиеленушілерге білім мен тәрбие берудің үлкен жауапкершілігі тұр. Әрбір баланы тәрбиелеуге байланысты мәселелерді өздігімен және шығармашылық  ынтамен  шешуге қабілетті жаңашыл педагог керек. Жаңа, тез өзгермелі, білімді де білікті, тың серпіліске өзгеруге дайын және жаңа талап межесінен көріне алатын шығармашыл да кәсіби шебер педогогтарды қажет етіп отырғанына көзіміз жетті. Жаңа заман педогогы күнделікті оқушылармен қарым-қатынас барысында әрбір жағдаят үстінде ерекше білім деңгейін көрсетуді және шығармашыл шешім қабылдай алуы тиіс. Оны талабына сай болу үшін қазіргі заман педогогы жаңашыл,икемді,өзгерісті тез қабылдай алатын, жан-жақты,жаңа педагогикалық инновациялық технологияларды меңгерген болуы керек.

Соңғы жылдары педагогикалық теорияда және оқу-тәрбие үдерісінде айтарлықтай өзгерістер болып жатыр. Білім берудегі жаңарту мен инновациялық үрдістердің жалғасуына ықпал етудің маңызды факторларының бірі педогогтың кәсіби шеберлігі. Солай бола тұра «кәсіби шебер» түсінігіне пәндік, дидактикалық, әдістемелік, педагогика-психологиялық білім мен дағды ғана емес, педагогтің жеке тұлғалық потенциялы , кәсіби құндылықтарыда жатады.Қазақстан Республикасының педагог қызметкерлерінің біліктілігін арттыруға арналған үш айлық курс бағдарламалары , білім беру жүйесінде педагогтар алдына жаңа міндеттер қойып , оларға жол ашты десекте болады. Білім мазмұнын жаңарту тікелей шығармашылық  ізденісте деп ауыз толтырып айта аламыз. «Мұғалім көп әдісті білуге тырысу керек. Оның өзіне сүйеніш, қолбағыс нәрсе есебінде қолдану керек», — деп Ахмет Байтұрсынов айтқандай, қазіргі заман талабына сай білім беру мәселесі сол қоғам мүдесіне сай болу керек. Өз ісінің шебері ғана жоғары жетістіктерге жетеді. Қазіргі таңда пәнді жақсы, терең білетін, күнделікті ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің тақырыпты толық қамтитын , оны тәрбиеленушіге жеткізе алатын, әр түрлі деңгейдегі тапсырмаларды білу іскерлігі, оқытудың дәстүрлі және ғлыми жетілдірілген әдіс амалдарын, құралдарын еркін меңгерген тәрбиеленушілердің қызығушылықтарын артырып дарындылығын дамыту іздену-зерттеу бағытындағы тапсырмалар жүйесін ұсыну заман талабы. Ал оның негіз балабақшада қаланбақ. Сондықтан да әр ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің әр түрлі тиімді әдіс-тәсілдерді қолдана отырып , тәрбиеленушілердің білім мен тәрбие сапасын арттыру ең басты мәселе.

Бүгінгі күн барлық елдер жоғарғы сапалы білім жүйесімен жұмыс істеуде. Өйткені қазіргі заман елдің бәсекеге қабілеттілігі оның азаматтарының парасаттылығымен анықталады, сондықтан білім бееру жүйесі болашақтың талабына сәйкес дамуы тиіс. Тәрбиеленушілерді заманауи әдіс-тәсілдерімен оқытып, ой- өрісі кең, сапалы , еркін азамат етіп тәрбиелеу қажеттілігіде осы себептен туындап отыр. Оның үстіне білім берудің жүйесін қарқынды дамытқан бұл үрдісті мектепке дейінгі ұйымдарға енгізуі көңілді қуантады.

Қорыта айтқанда жаңа бағдарламаның мәні, баланың функционалдық сауаттылығын  қалыптастыру. Тәрбиеленуші өзінің балабақшада алған білімін өмірінде пайдалана білуі керек. Жаңартылған білім- болашақтың кепілі.

Пайдаланған әдебиеттер тізімі:

1 Білім жолы нұрлы жол Алматы 2017жыл

2 Мұғалімге арналған нұсқаулық 2012 жыл

3Педагогикалық конфликтология қарағанды 2016 жыл

4 «Балбала» оқу-әдістемелік кешені Астана 2017 жыл

Серік Г.Б,
Қарағанды қ.
«Алпамыс» бөбекжайы КМҚК

 

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.