Облыс әкімі Б.М. Сапарбаевтың мемлекеттік қызметтер сапасын жақсарту бойынша бекіткен іс-шаралар жоспарына сәйкес Ақтөбе қаласындағы ЖШС «Алма Рай» балабақшасында мемлекеттік қызметтер көрсету сапасы мәселелеріндегі жауапты мамандардың кәсіби деңгейін арттыру мақсатында «Мектепке дейінгі ұйымдарда мемлекеттік қызмет көрсету» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.
Шараға балабақша директоры мен меңгерушісі, ата-аналар комитеті, педагогтар қатысты.
Аталмыш шара кезінде алғаш сөз алған ЖШС «Алма Рай» балабақшасының директоры Алмагүл Құрмашқызы Еңсепова балабақшаның 2016 жылдан бері Мемлекеттік тапсырыс аясында жұмыс жасап келе жатқандығын, балабақша 90 орындық екендігін айта келе, Мектепке дейінгі ұйымдардың мемлекеттік қызмет көрсетуі тақырыбына кеңінен тоқталды.
Сондай-ақ, дөңгелек үстел кезінде жауапты мамандар тақырыпқа орай Қазақстан Республикасының Заңының жалпы ережелері, «Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарына құжаттарды қабылдау және балаларды қабылдау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентінің жалпы ережелері, «Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарына құжаттарды қабылдау және балаларды қабылдау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының жалпы ережелері туралы сауалнама, сұрақтарға жауап беріп, мәселелерді жан-жақты талқылап, пікірлерін ортаға салды. Дөңгелек үстел соңында ата-аналар алған әсерлерімен бөлісе отырып, балабақша ұжымына алғыстарын жеткізді.
Болат Исмұқанқызы Нұрбаева,
ЖШС «Алма Рай» балабақшасының меңгерушісі