Қазіргі таңда көп тілді оқыту – мектепке дейінгі ұйымдарда жас ұрпақтың білім кеңістігіне еркін, қанаттары талмайтындай самғауына, олардың жарқын болашақтарына үлкен мүмкіндік беретін бірден-бір қажеттілік негізі. Көп тілді оқытудың басты мақсаты – бірнеше тілді меңгерген, әлеуметтік және кәсіптік бағдарға қабілетті, бәсекеге сай, мәдениетті тұлғаны дамыту және қалыптастыру.
Қандай мемлекет болмасын оның ең әуелі мән беріп, ұлықтайтын тілі, әрине, бұл мемлекеттік тіл. Орыс тілінің лингвистикалық белсенділігін сақтау және ағылшын тілін жаһандану экономикасындағы ғылыми-ақпарат алудағы желісін кеңейту негізгі тақырыбына айналды. Үштұғырлы тілдерді ерте оқыту бүгінгі күні мектепке дейінгі ұйымдарда, дамыту орталықтарында, мектепалды даярлық сыныптарында іске асырылуда. Бірақ кейбіріміз үштілділік үдерісі жөнінде басқаша көзқарас танытып та жатамыз .
2007 жылғы « Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан» атты Елбасымыздың Жолдауында «Қазақстан бүкіл әлемде халқы үш тілді пайдаланатын жоғары білімді ел ретінде танылуы тиіс. Бұлар қазақ тілі – мемлекеттік тіл , орыс тілі – ұлтаралық қатынас тілі, ағылшын тілі – жаһандық экономикаға ойдағыдай кірігу тілі» деген болатын. Сонымен қатар Елбасының «Үш тұғырлы тіл мәдени жобасы ел болашағын баянды етуден туған, алысты көздеген мақсат, рухани негізі деуге де болады. Соның бірі – тілдік коммуникация. Бұл үшін халықаралық қатынас тілі болып жүрген ағылшын тілін үйренуге жастарымызды жатпай-тұрмай баулуымыз керек деп атап өткен болатын. Ал Т.Тәңірбергенқызы әрі қарай осыған байланысты былай жалғастырады: «Ағылшын тілін үйренгеннен біздер мәңгүрттенбейміз. Ағылшын тілі қазақ тілін үйренуге ешқандай кедергі жасамайды. Тек соны түсіне білуіміз керек. Себебі, ағылшын тілі мемлекеттік тілмен бәсекелес емес».
Көптілділік, мультилингвизм, полилингвизм – нақтылы коммуникативтік жағдайдың әсер етуімен белгілі бір әлеуметтік ортада, мемлекетте бірден үш, одан да көп тілде сөйлей білушілік. Адам баласының рухани байлығы, тәрбиесі, білімі бәрі де тіл арқылы келеді, жетіледі. Бөбекжайымызда ағылшын тілі мектепке дейінгі ересек және ортаңғы топтарда жүргізіледі. Балалар осы тілді үйренуге, оқу қызметтеріне үлкен қызығушылықпен қатысады.
Мектепке дейінгі ұйымдарда балалардың тілін дамытудың рөлі ерекше. Ғалымдардың зерттеуінше, бала жас кезінде бәріне белсенділік танытып, қанша тілді үйретсек те, соншалықты сол тілді еркін, әрі қиналмай меңгере алады екен. Ағылшын тілін ерте жастан оқытудың мақсаты – мектеп жасына дейінгі балалардың ағылшын тілінде қарым-қатынас жасай алу негіздерін меңгеруі болып табылады.
Ағылшын тілін оқытудың маңызы мен ерекшклігі – баланың қарапайым жеңіл сөздерді үйреніп қолдану дағдысының негізін қалау, сөйлеу тілін дамыту. Білім берудің мазмұны мен құрылымын жаңарту кезеңінде баланы балабақша қабырғасынан ағылшын тілін үйретудің өзіндік жолы айқындалуда. Сондықтан ағылшын тілін оқыту балабақшада ауызша сөйлеудің бастапқы сатысы дағдысымен есепке алынады. Бастапқы сатыда ағылшын тілін оқытудағы бір негізгі аспект – ойын элементтерін тиімді пайдалану болып табылады. Балабақшада ағылшын тілін оқытудағы мақсат – жаңа технологиялар үрдісі, тілдік қарым-қатынасты игеру болып табылады.
Үш тілді меңгеру – баланың кемел келешегінің кепілі, бала өзінше жан-жақты дамыған шығармашылығы мол тұлға ретінде өсіп-жетілуі үшін бірнеше тілді меңгеруі тиіс. Үш тілді меңгеруден жеке тұлғаның көптілді коммуникативтік және ойлап айту, шапшаңдық , айтып жеткізу құзырлығы артады. Бұл жерде баланың жас ерекшеліктерін ескере отырып, яғни психология тілімен айтқанда, 3 жасқа дейінгі балалар «жеке тұлға» немесе «индивид» бола алмайтынын психология тілімен айта кету керек. Жас ерекшеліктерін анықтайтын сыртқы жағдайлар балаға тікелей әсер етеді. Ортаның қайсыбірі болмасын, бұрын дамыған, қандайда бір психологиялық қасиеттері айқын көрініп те қоятын жағдаяттар балаға обьективті түрде әсерін тигізеді. Жас ерекшеліктер балаға оның дамуының сол кезеңде қойылатын талаптардың бірі, баланың психологиялық белгілі бір физиологиялық ерекшеліктердің жиынтығымен сипатталады. Балалар бақшасында сөздік қорларын дамытумен қатар фонетикалық құрылымды қалыптастыру, рифмовкаларды айту, шағын тіл ұстартуға байланыстырып сөйлеуді дамыту, ойын түрлері, рөлдерге бөлініп ертегі қойылымдарын қою сияқты міндеттер шешіледі. Ойын – баланың білім-білік дағдысын қалыптастыратын бірден-бір тәрбие құралы. Ойын тілді әр жаста тез меңгеруге өте жақсы жағдай жасайды, әрі көмектеседі. Ойындар арқылы мұғалім балаларға жаңа сөздерді, сөз тіркестерін үйрете алады. Ойын баланың жеке қасиеттерін дамытып, ішкі жан-дүниесін жаңартып, пәнге деген қызығушылықтарын да оятады, баланың байқампаздығын жетілдіреді. Ойын – қоғам тәжірибесін қайта құруға және қабылдауға бағытталған, бір шартты жағдайдағы қызметтің түрі. Ережеге негізделген ойындар балаларды жалықтырмайтындай әсем қойылған, балалардың көңіл күйлерін көтеретін, белгілі қызметке бағытталған болуы тиіс. Олар кез келген оқу материалын қызықты да тартымды қылып, өздерінің жұмыстарына қанағаттана алатын және өтілген тақырыпты жеңіл меңгеруге көмектеседі. Білім беру жүйесінің негізгі мақсаты – тұлғаны оқыту, тәрбиелеу, дамыту болса, ал сол балабақшалардағы тәрбиеленіп отырған бүлдіршіндерімізді әрі қарай дамыта, жоғарылату біздің құзыретімізде екенін есімізден шығармауымыз қажет.
Мектеп жасына дейінгі балаларды ағылшын тіліне үйретудің негізгі көздеген мақсаты – белгілі бір шет тілі бойынша оңай білімділіктерге, яғни қарапайым әнгімені түсінуге және ағылшын тілінде сөйлеуге, айтуға үйрету болып табылады. Тілді балаларға үйрету көп жағдайда мұғалімнің қандай технологияны қалай пайдаланғанына байланысты. Ұрпағы білімді халықтың болашағы бұлыңғыр болмайды, жас ұрпаққа саналы, мән-мағыналы, өнегелі тәрбие мен білім беру – бүгінгі күннің талабы. Қазақстан Республикасының тәуелсіз елге айналып, әлемдік өркениеттің даму жолына түсуі ағылшын тілін меңгеруді жолға қою мақсатында ерте жастан оқыту алға серпіліс беретін қатынас тілі.
Ерте жастан ағылшын тілін оқыту балалардың коммуникативті даму біліктілігін, балалардың қызығушылығын ұйымдастыруға мүмкіндік береді. «Шетел тілі» пәнінің балабақшадағы басқа пәндерден ерекшелігі сол, ол тек тілдік білім жүйесін оқытумен шектелмейді, ең бастысы шетел тіліндегі сөз әрекетін мәдениетаралық қарым-қатынас құралы ретінде меңгеріп, нәтижесінде көптілділік және көптүрлі мәдениетті түсінетін тұлғалы қалыптастырудағы рөлімен ерекшеленеді. Ерте жастан ағылшын тілін оқыту балалардың коммуникативті даму біліктілігін, балалардың қызығушылығын ұйымдастыруға мұмкіндік береді.
Қазақстанның білім беру жүйесін жаңарту жағдайында мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың жаңа Жалпыға міндетті білім беру стандартын енгізу және мектепке дейінгі ұйымдағы, педагогикалық процесті бағдарламалық-әдістемелік құралдармен қамтамасыз ету әзірлемелерін дайындау қажеттілігі туындап отыр. Сонымен қатар мектепке дейінгі ұйымдардың педагогтері ақпараттық құралдарды жетік меңгеруі оның алға жылжуының бір кәсіби біліктілігін көрсететіні хақ. Бұл мәселе білім беруді ақпараттандырудың қажетті шартына айналып отыр. Осыған байланысты мектеп ұстаздары ғана емес, сонымен қатар мектепке дейінгі ұйымдардың педагогтеріне де кәсіби біліктіліктерін және құзыреттіліктерін дамытуға ықпал көрсету, мүмкіндік беру.
Ертеңгіміз бүгінгі күнімізге ұқсамайтындай, келер күннің келешегі еліміздің біртұтас іргетасы қаланған, өз елінің білім жүйесі мен оның дамуына тікелей байланысты. Осылардың бәріне оң көзбен қарап, игілігімізге жаратар істердің бірі білім беру саласында. Бірақ елімізде жүргізіліп отырған тіл саясатының бүгінгі ахуалына көз жүгірте келе осынау «көптілділік» мәселесінің, яғни оның коммуникативтік сипатының белсенділікке ие болып келе жатқандығының айқын көрінісі. Көптілділікке қатысты«Тіл туралы» Заңымызда «Қазақстанда тұратын басқа да ұлт өкілдері тілдерінің қолданылуына және оларды үйренуге жағдай жасалады» деп көрсетілген. Жаһандық сұраныстар мен қажеттіліктерге сәйкес «қазақ-орыс-ағылшын» көптілділігін қалыптастыру болып отыр. Н.Ә.Назарбаев өзініңҚазақстан халқына жолдаған Үндеуінде: «Біздің болашағымыз білікті де білімді жастардың қолында» деп атап көрсетсе, сол жастарды мектепке дейінгі ұйымдардан бастасақ, көш алдында келетіндігімізді көрсетеді.
Ұлттың бүгіні де, болашағы да тәрбиелі ұрпаққа байланысты. Жас ұрпақты ұлттық құндылықтар арқылы тәрбиелеуде халқымыздың сан ғасырлық тәжірибесі бар екені даусыз. Бүгінгі жаһандану үрдісі жүріп жатқан жағдайда ұлттық мүдде, ұлттық тәрбие, ұлттық рухты сақтап қалу – үлкен міндет. Біз білім беру азаматтың ортақ мүддесіне арналған дәуірде өмір сүрудеміз. Бір жерде жаңалықтар ашылса, басқа жерде оны тез үйреніп үлгеруде. Біздің міндетіміз барлық жаңалықтар мен дамуларды назарға ала отырып, одан да жақсысын, тиімдісін ұсыну. Әр салаларда даму қарқыны өте жедел жүзеге асырылуда. Ал дамудың негізі балабақшадан басталуы тиіс. Мен бүгінгі ұрпақтың үш тіл білуін қолдаймын. Бұл дегеніміз – бүгінгі таңда Қазақстан Республикасының мемлекеттік жүйесіндегі, білім саласындағы басты міндеттердің бірі.
Назгүл Жасұланқызы Жетесалиева,
№6 «Шолпан» және №19 «Золотой петушок»
бөбекжайларының ағылшын тілі пәні мұғалімі,
Орал қаласы, Батыс Қазақстан облысы