Өз денсаулығын қорғау үшін оның қауіпсіздігін қамтамасыз ету адамзат мүдделерінің маңызды қырларының бірі болып табылады. Қазіргі уақыттағы күнделікті болып жатқан табиғи апаттар барша әлем халықтарын толғандырып отырғаны белгілі.Себебі адамдардың өмірін үзген және зор материалдық шығындар әкелген кезекті авария, апат, табиғи апат туралы жан түршігерлік жаңалықтарды күн сайын ақпараттық басылымдардан, жаңалықтардан оқып естіп қорқыныш сезімге бой алдырамыз. Жер шарында болып жатқан адамзатқа бағына бермейтін табиғи сипаттағы апаттар біздің елімізді де шарпып өтіп жатыр. Оның салдарынан қаншама тұрғындар зардап шегіп, еліміздің экономикасына қаншама зиян келуде.
Қазақстанда кең таралған табиғи апапттар: су тасқыны,жер сілкінісі, құйынды желдер, сел ағындары, қар көшкіні, өзендердегі құрғақшылық, бұрқасындар мен борандар, су басу мен теңіздер аймағындағы су тасқындары, орман және дала өрттеріжәне т.б.
Қазіргі таңда мектепке дейінгі ұйымдар берік қоғамдық құндылықтарды қалыптастыру, тұрғындарды апаттар кезінде мінез-құлық мәдениетіне тәрбиелеу міндеттерін жүзеге асыратын идеалды құрылымдардың бірі ретінде қарастырылуда.
Сондайлық бағдарлама негізінде халықаралық қатынастар 2015 жылдан кейінгі мерзімдегі қауіптерді төмендетуге бағыттылған, БҰҰ-ның балалар қоры негізінде мемелекеттік жоспарға сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі «осал топтардағы қауіп-қатерді төмендету негізінде көмек көрсету» бағдарламасы жүзеге асуда.
Бағдарламаның бағыттарының бірі мектепке дейінгі ұйымдардың апаттарға, қауіп-қатерлерге дайындығын қалыптастыру. Ұлттық деңгейде бағдарламаның басты міндеті апаттардың болу қауіпін төмендету негізінде мектепке дейінгі мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттың оқу жоспарына, ұлттық және тұрғылықты бағдарламалардың дамуына және Қазақстанның аудандар бюджетіне элементтерді кіріктіру.
Мектепке дейінгі ұйымдардың қауіпсіздік туралы маңызды өмірлік ақпаратты таратуда, төтенше жағдайларда балалар бойында қауіпсіз мінез-құлықдағдыларын қалыптастыруда маңызды рөл атқарады.
Осы сұрақты шешуде маңызды орынды тәрбиеші иеленеді. Ол жоғары кәсіби дайындығы бар, түрлі апаттардың болу қауіп азайту мәселелерін қамтыйтын тақырыптарды мектепке дейінгі оқу бағдарламасына қосуда, тиімді әдістемелерді қолдана алуы керек. Ал оларға бағыт бағдар беріп отыратын әрине меңгеруші.
Осы мақсатта сәуір айының 9-20 жұлдызы аралығында Қызылорда қаласында «Өрлеу» «БАҰО» АҚ филиалы ББЖҚБАРИ ұйымдастыруымен мектепке дейінгі ұйым басшыларына «Мектепке дейінгі ұйымдарда апатты жағдайлар қаупін төмендету» тақырыбында жоспарлы көшпелі курс өткізілді. Курс жетекшісі Айматова Гулмира Төлегенқызы бөбекжай меңгерушілеріне мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының тәрбиленушілеріне арналған «Қорғаубек сабақтары» курс бағдарламасы және мектепке дейінгі ұйымдардың тәрбиешілеріне мектеп жасына дейінгі балаларды төтенже жағдайлар және табиғат апаптардың алдын алу, қауіпсіздік мінез-құлық негіздерін оқытуға арналған әдістемелік ұсынымдарды һатысушыларды практикалық жқмыстарға тарта отырып,егжей тегжейлі түсіндіріп берді. Сонымен қатар курсқа қатысушылар өткізіліп жатқан тақырыптар аясында Қызылорда қаласындағы «Ертарғын», «Бегімана» балабақшаларына барып, тәрбиешілердің оқу қызметтерін, балалармен жасалып жатқан жұмыстарды іс-тәжірибиеде көрді. Нәтижиесінде мектепке дейінгі ұйым басшылары арасында пікір алмасу болып, курстан алған әсерлерін өзіндік тәжірибиелерімен бөлісті. Басты мақсат мектепке дейінгі ұйымдарда балаларға апатты жағдайларды қалыпты мінез құлық дағдыларын қалыптастыру болды. Бұл курс мектепке дейнгі ұйым басшыларына мектепке дейінгі ұйымдарда апатты жағдайлар қаупін төмендетуге алдағы уақытта атқаратын жұмыстарын жоспарлауға үлкен серпіліс берді
Гаухар Нұрсейітова,
№ 7 «Шұғыла» балабақшасының меңгерушісі
Қызылорда қаласы, Жалағаш ауданы, Аққұм ауылы