Егеменді еліміздің ең басты мақсаты өркениетті елдер қатарына көтерілу болса, ол өркениетке жетуде жан – жақты дамыған, рухани бай тұлғаның алатын орны ерекше. Ал Елбасымыздың соңғы Жолдауында «Мектепке дейінгі білім беру сапасын түбегейлі жақсарту керек.
Ойлау негіздері, ақыл-ой мен шығармашылық қабілеттер, жаңа дағдылар сонау бала кезден қалыптасады.
Білім беру ісінде 4К моделіне: креативтілікті, сыни ойлауды, коммуникативтілікті дамытуға және командада жұмыс істей білуге басты назар аударылуда» деп мектепке дейінгі білім саласына ерекше көңіл бөлді.
Білім сапасын жақсартудың бірден бір жолы «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы аясында–оқытудың жаңа технологияларын қолдану. Осындай аса қажетті технологиялардың бірі — Ақпараттық технология – қазіргі компьютерлік техника негізінде ақпаратты жинау, сақтау, өңдеу, тасымалдау істерін қамтамасыз ететін заманауи техникалық құралдар жиыны.
Мен мектепке дейінгі мекеме қызметінде қолданылатын ақпараттық технология түрлеріне қысқаша тоқталмақпын.
Білім беру саласы қызметкерлеріне таныс e.gov.kz , балабақша open.almaty, мемелекеттік сатып алу, ұлтық білім деректер қоры, enbek.kz, almatybala.kz интерент ресурстары мектепке дейінгі мекеме қызметін басқарудың ажырамас бөлігі және сыртқы ұйымдармен, қоғаммен тікелей қатынас құралы болып табылады.
e.gov.kz-электронды үкімет порталында жаңадан туылған сәбиді, мектеп жасына дейінгі балаларды мобильді қосымша арқылы балабақша кезегіне қойып, кезекті қадағалап отыра алады.
Мемлекеттік сатып алу порталы мекеме қызметін жүргізуге қажетті құрал-жабдықтарды дел-далсыз бірінші көзден алуға мүмкіндік береді.
ҰБДҚ –ұлттық білім беру деректер қоры
* ведомстволық статистиканы бірінші көздерден (білім беру ұйымдарынан) автоматты режимде жинауға;
* деректерді сақтау және өңдеуге;
* әкімшілік есептілікті қалыптастыруға жағдай жасайды.
“enbek.kz”-Электрондық еңбек биржасы –МД мекемеде пайда болған бос лауазымдық орындарға қызметкерлер табу жұмысын жеңілдетеді.
Біздің балабақша 74.almatybala.kz сайты — біздің уақытымызда ұйымға арналған веб-сайт болу — сәнділік емес, қажетілік екенін дәлелдеді. Веб-сайт балабақшаның заманауи, прогрессивті және ағымдағы стандарттарына сәйкес келіп, қоғам мүшелеріне жоғарғы ұйымдардың қызметкерлеріне, ата-аналарға балабақшаның жұмысы туралы толық ақпарат алуға мүмкіндік береді.
Балабақшаның іс қағаздарын жүргізу
МД мекеменің ішкі қызметін жүргізуде ақпараттық –коммуникациялық технологияларды пайдаланып заман талабына сай қағазбастылықтан арылып, деректерді құру, жинақтау, сақтау, жаңғырту электронды форматқа ауыстырылды:
Ішкі айналымдағы бұйрықтар;
- Жеке құрам бойынша бұйрықтар
- Негізгі қызмет бұйрықтары
- Еңбек демалысы, шара қолдану бойынша бұйрықтар
Қызметтік есеп;
- Тауарлар мен қызмет көрсетуді, мемлекеттік сатып алуды жүргізу құжаттары
- Мердігерлермен келісім-шарттар
- Қызметкерлердің жалақысы төлеу құжаттары
Жоғары тұрған мекемелермен байланыс;
- Алматы қаласы әкімдігі
- Білім беру басқармасы
- Аудандық білім беру бөлімі
Ата-анамен жұмыс;
- Ата-аналармен келісім шарты;
- Баланың әлеуметтік картасы
- Балабақша төлем ақысы сияқты ішкі айналымдағы құжаттар «оффистік» бағдарламалар арқылы, яғни Word, Excell, Power point т.б. жүргізіледі. Қаржылық есеп, жоғары тұрған мекемелермен байланыс, интернет ресурстары арқылы жүзеге асады.(1С, email, instagram, wattsap, twitter, вконтакте).
Бақылау мен басшылық
Бақылау- қызметті талдауға арналған ақпарат көзі, деректерді жинақтауға, жоспардан ауытқушылықты анықтауға, үздік педагогикалық тәжірибенің болуын айқындауға мүмкіндік береді.
Жоспарлы бақылау мақсатына қарай әр түрлі болуы мүмкін:
балалардың білім деңгейін, қабілеті мен дағдыларын анықтау;
тәрбиешінің кәсіби қабілетін бақылау;
режимдік сәттерді, жүйелік пен бірізділікті жоспарлау деңгейі;
ата-аналармен өзара қарым-қатынас;
педагог жұмысының нәтижелігін бағалау.
Бақылауды жүргізу үшін әр бөлімге бақылау парағы электронды нұсқада құрылған.
Әдістемелік жұмыста, МД білім беру стандартына сай оқыту мен тәрбиелеу жұмыстары: жылдық жоспар; баланың даму деңгейін анықтау;
топ құжаттарын жүргізу, педагогтардың құжаттары электронды түрде жасалып жұмыс барысында пайдаланылады.
Бес білім беру саласы бойынша педагогтар балаларды дамытуға арналған, қысқа видео-материалдарды, дамытушы ойындарды, көркем шығармаларды Ustaz.tilegi.kz , Bilimland.kz , Bilimainasy.kz сайттарынан жүктеп, шығармашылықтарын дамытып, оқу қызметін қызықты да табысты өткізеді.
Балабақша әкімдігі тарапынан педагогтардың шығармашылықпен жұмыс істеуі үшін: интербелсенді тақта, телекоммуникациялық желілер, моторлы экран, интернет желісіне қосылған компьютерлермен қамтамасыз етілген. Балабақша ұжымы тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламасы міндетіне сай білім берудің сабақтастығы мен үздіксіздігін қамтамасыз етіп «Мәңгілік ел» жалпы ұлттық идеясына негізделген ұлтжандылыққа және толеранттылыққа, жалпы адамзаттық құндылықтарға тәрбилеу бағытында жаңа технологияларды қолданып жұмыс жүргізіп келеді.
Қорыта келгенде қазіргі ақпараттық коммуникациялық технологияларды МД мекемеде пайдалану тиімділігі:
— Қажетті ақпаратты жедел түрде алу мүмкіндігі;
— Экономикалық тиімділігі (бару, келу, уақытты үнемдеу, материалдық шығынды қажет етпеу);
— Мемлекеттік мекемелердің өзара тығыз байланыста жұмыс істеуге ықпал етуі;
— Қажетті материалдардың электрондық нұсқасын сақтау;
— Қызмет көрсетудің ашық, жариялылығы.
Батқалова Жанат Шүкірбекқызы,
Алматы қаласы
МКҚК «№74 балабақша» меңгерушісі