2017 жылдың 18 қыркүйегінен бастап «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Қостанай облысы бойынша ПҚ БАИ»-да Қостанай облысы мектепке дейінгі ұйымдардың әдіскерлері үшін («Blended learning») аралас оқыту режимінде біліктілікті арттыру курсы жүріп жатыр.
Курстың мақсаты: еліміздің біліктілікті арттыру курстары үрдісінде қашықтан білім беру технологиясын жүзеге асыру. Қазіргі педагогикалық технологияларды педагогтардың практикалық әрекетіне сүйенумен енгізу.
Blended Learning — бұл дәстүрлі оқытуды қашықтан және онлайн-әдістермен қиыстыратын білім тұжырымдамасы. Курста келесі дайындық түрлері қарастырылған: «face-to-face» (дәрісханада оқыту), «off-line» (өз бетінше оқу) және «On-line» (қашықтан оқу). Тыңдаушылар үшін бағдарлама материалдарын меңгерту мақсатында білім порталында курсқа бейнематериал, барлық модульдерге бейнетүсірілімдер, барлық бейнематериалдарға мәтіндік материалдар, тақырыптарға толық мәтіндік материалдар, әр модульге және тақырыпқа сай презентациялар, әдебиеттер тізімі, СӨЖ үшін тапсырмалар ұсынылады.
Оқудың алғашқы күні курстың тьюторлары ақпараттық технология бөлімінің басшысы Худяков Р.В. және «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Қостанай облысы бойынша ПҚ БАИ» МДБОТТ кафедрасының аға оқытушысы Ионова С.П. Қазақстан Республикасы Педагогтардың Біліктілігін арттыру ұлттық Білім порталында тіркеу жүргізді.
Педагогтарға оқытуды аралас форматы өз уақыттарын үнемдеуге, уақыт пен орынға қарамастан өз беттерінше оқуға, ұсынады білімді шығармашылықпен қолдана білуге, сыни ойлауға мүмкіндік береді.
«Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Қостанай облысы бойынша
ПҚ БАИ» ҚББҚБ жетекші маманы Донскова К.А.