Home » Жаңалықтар » Мектепке дейінгі ұйымдарда қазақ тілі бойынша білім беру үдерісін жобалаудағы жаңа тәсілдер

Мектепке дейінгі ұйымдарда қазақ тілі бойынша білім беру үдерісін жобалаудағы жаңа тәсілдер

2017 жылдың 03 сәуірі мен 14 сәуірі аралығында «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы «СҚО ПҚ БАИ» базасында «Мектепке дейінгі білім беру мазмұнын жаңарту жағдайында қазақ тілін оқыту бойынша білім беру процесін жобалау» тақырыбындағы мектепке дейінгі ұйымдардың қазақ тілі педагогтеріне арналған біліктілікті арттыру курсы өтті.

Бағдарламаның өзектілігі мектепке дейінгі балаларға тәрбие мен білім  беру мақсаттарын жүзеге асыруға бағытталған және бірыңғай тілдік білім беру кеңістігін жобалау үдерісімен байланысты.

Курс бағдарламасы тақырыпқа сәйкес болды.

Курс барысында қазақ тіліне оқытудың бастапқы кезеңінде үдерісті ұйымдастыруды жетілдіруге және әр сабақтың тиімділігін арттыруға басты назар аударылды.

Дәріс, тәжірибелік сабақтарда білім беру мазмұнын жаңарту жағдайында қазақ тілін оқыту бойынша білім беру үдерісін жобалау тәсілдерін игеріп, коммуникативтік-тілдік ортаны құруға септігін тигізетін инновациялық оқыту технологияларының әдіс-тәсілдерімен таныстық. Сонымен қатар мектепке дейінгі балалардың дамуы мәселелері бойынша кәсіби білім және біліктерімізді арттыруға жетелейтін ақпараттар да ұсынылды.

Институт оқытушыларының материалды ұсынудағы креативтілігін, дәріс, тәжірибелік сабақтарының мазмұндылығын ерекше атауға болады.

Институт ұжымына біліктілігімізді арттыруда жайлы жағдай жасаған үшін алғысымыз шексіз.

Біліктілікті арттыру жүйесіндегі еңбектеріңіз жемісті және табысты болсын!

Мектепке дейінгі ұйымдардың қазақ тілі педагогтеріне

арналған біліктілікті арттыру курсының тыңдаушылары

 

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.