Home » Мақалалар » Мектепке дейінгі тәрие мен оқытудың жаңартылған мазмұнына сәйкес ерте жастағы топтарда пәндік дамыту ортасын құру

Мектепке дейінгі тәрие мен оқытудың жаңартылған мазмұнына сәйкес ерте жастағы топтарда пәндік дамыту ортасын құру

“Кішкентай бүлдіршіндеріміздің дамуына ықпал ететін үздіксіз білім берудің алғашқы сатысы ретінде мектепке дейінгі білім беруге назар аударған жөн. Және бұл сатыны олардың  шығармашылық және интелектуалдық қабілеттерін дамытуға арналған тиімді бағдарламалармен қамтамасыз ету қажет”.
                                                                                                     Н. Ә. Назарбаев 

              Мектепке дейінгі бүлдіршіндерді тәрбиелеумен жұмыстанатын іргелі балабақшалардың бірі  Қарақия ауданы Құрық ауылында орналасқан «Құлыншақ» балабақшасы. Балабақшада 2-жас пен 6-жас аралығындағы 310 бүлдіршін тәрбиеленуде. Бала бойындағы жақсы қасиеттерімен мүмкіндіктерді ашып олардың тәрбиелі болып өсуіне тікелей ықпал ететін балабақшамызда 40 педагог қызмет етеді. «Адамға ең бірінші білім емес,тәрбие берілуі керек.Тәрбиесіз берілген білім адамзаттың қас жауы,ол келешекте оның барлық өміріне апат әкеледі»-деп ұлы Әл-Фараби айтқандай жақсы тәрбие алған бала елінің қамын жейтін,ата-ананың қадір қасиетін ұға алатын азамат болары сөзсіз. Балаға тәрбие мен қатар білімнің сан түрін бойына сіңірте отырып тәрбиелеу тәрбиешілер қауымының ұлы парызы. Балалардың балабақшада әрбір күнін қызықты да тартымды,мәнді де мағыналы өткізуін жоспарлаған тәрбиешінің мақсаты- бала тағдырына жауапты екенін сезіну. Жылылық пен мейірімділікті,ізгілік пен парасаттылықты бала жүрегіне ұялатып,танысуына ықпал жасауда жаңа инновациялық әдіс-тәсілдерді қолданудың маңызы зор. Бұл бағытта  балабақшамызда  білім беру сапасын ерте жастан  дамыту бойынша  4 топ  80 бүлдіршін  тәрбиеленуде. Балабақшада ерте жастағы балаларға арналаған мерекелік ертеңгіліктерге, ойын-сауықтарға, спорт ойындарына аса көп назар аударылды. Тәрбиешілер әр ертеңгіліктерге мұқият дайындалыпа, қызықты өткізуге тырысты. Тәрбие жұмысы жан-жақты болуы  заман талабы. Осыған сәйкес көптеген іс-шаралар: «Алтын күз», «Елімнің еркіндігі – Тәуелсіздік», «Қош келдің, Жаңа жыл!», «Ана-өмірдің шуағы», «Армысың, аз Наурыз!», балалар арасында, педагогтар арасында «Пай,пай шіркін қазақтың келіндер-ай» байқаулары, ашық ұйымдастырылған оқу іс-әрекеттері «Түлкі мен қоян», «Қиылған суреттер», «Менің елім Қазақстан.», «Мөлдір су», «Бауырсақ» тақырыптары бойынша өткізілді. Балабақша облыс, аудан көлемінде өткізілетін шарларға да белсене  қатысты, солардың бірі «Мектепке дейінгі ұйымдарда  балаларды ерте жастан дамыту» тақырыбында өткен аудандық педагогикалық оқылымда Басбаева Ұлбөпе Оразымбетқызы жүлделі І орынға ие болды. Балабақшаішілік өткен «Менің  кәсіби өсуімдегі тәлімгердің көмегі» атты сайыста Елдесбекова Жұлдызай жүлделі Іорынға ие болды ол өзінің ашық оқу іс-әрекетінде  «тәй-тәй» технологиясының элементін пайдаланып жақсы деңгейде өтіп шықты.  Қаңтар айында І сәбилер арасында «Ғажайып ертегі» атты ертегілерді сомдау сайысы өтті бұл сайысқа  4  топ  түгелдей қатысып бүлдіршіндер әр ертегі кейіпкерлерін сомдап шықты. Ең жақсы ертегі  кейіпкерін сомдаған Акимова Сабина өте жақсы деңгейде сомдап әділ қазылар көз айымына ілінді. 1-маусым – Халықаралық  балаларды  қорғау  күніне орай «Әрқашан күн сөнбесін» тақырыбында аудандық сурет байқауында сәбилер тобының бүлдіршіні Тараз Айнияз жүлделі  ІІ орынды иеленді. «Астанам бас қалам» 3-6 жас балалар арасында өткен аудандық сурет байқауында Айтбай Нұрдаулет «Суретші болам өскенде!» номинациясына ие болды. «Ән шырқайық бәріміз» тақырыбында өткен 3-7 жас балалар арасында өткен сырттай аудандық байқауында «Ең үздік жеке орындаушы» номинациясын сәбилер тобының бүлдіршіні Сейтматтулла Іңкар ІІ орынға иеленді.
Ата-аналарға арналған  жиналыстар, дөңгелек үстел, пікірталастар өтікізіліп отырады. Балабақша мен отбасының ынтымақтастығының арқасында жүргізілетін жұмыстардың ғана нәтижесі болмақ. Соның айғағы балабқшада өткізілетін сайыс көрме «Менің Қазақстаным», «Менің жанұям» атты отбасылық газет шығару, «Әке, шешем және мен » отбасылық жарыстар, 8 наурыз Халықаралық әйелдер күніне «Супер мама» сияқты іс-шаралар ата-аналармен ынтымақтастықта жүргізілді.
Жас ұрпақ болашағының жарқын болуы үшін ерте жастан дамыту бойынша ұлттық асыл қасиеттерді бүлдіршін бойына сіңіруге, жаңалықты жатсынбай сан ғасырлық мәдениетпен үйлестіре қабылдай білуіне ықпал етейік! Қазақтың ұлы жазушысы Жүсіпбек Аймауытов «Баланың ынтасын арттыру үшін оқылатын нәрседен бір жаңалық болу керек» -деген жас ұрпақ жаңа талап, жаңаша көзқараспен келетінін ескерсек баланы жасытпай сеніммен туған елін,ата-анасын,қоршаған ортаны құрметтейтін бүлдіршін тәрбиелеуде дамыту ортасын құру арқылы жарқын болашаққа аяқ басайық.

Каржаубаева Маржан
 «Құлыншақ» балабақша
Әдіскер – психологы
Маңғыстау облысы
Қарақия ауданы, Құрық ауылы

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.