Home » Оқу-әдістемелік материалдар » Мектепке дейінгі мекемелерде үштілді білім берудің тиімділігі

Мектепке дейінгі мекемелерде үштілді білім берудің тиімділігі

          Қазақстан Республикасында ұлттық білім берудің жүйесінің жетілдіруінің негізгі мақсатының бірі – үш тілді енгізуі, былайша айтқанда жеткіншек ұрпақтың үш тілде – қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде сөйлеулері. Жаңа тілдік саясаттың жолы Қазақстан Республикасының Президентінің «Қазақстан — 2050 стратегиясы» Жолдауында көрсетілген: «Қазіргі таңда біздің балалар қазақ тілімен қатар, орыс және ағылшын тілдерін үйренулеріне жағдайлар жасап жатырмыз».

Қазіргі заманғы әлемде қоғамдық жұмыс барысының оңтайлы ағымының негізгі белгісі тұрақты даму болып табылады, оның шарттарының бірі ұлтаралық қатынастардың тұрақтылығы. Полиэтникалық мемлекетте ұлтаралық татулық, достық пен келісімді сақтау үшін тіл саясатына жағдай жасалу керек.

Әлемдік тәжірибеге сүйенсек, білім сапасы тек 12-жылдық жалпы білім беретін мектептер, яғни білім жөніндегі құжаттардың конверсиялануын қамсыздандырып, бағдарлы оқытумен көптілділік арқылы ғана мүмкін екендігін көрсетуде.

Мектепке дейінгі мекемелерде мемлекеттік тілді үйренумен қатар шет тілдерін үйренулеріне барлық жағдай жасалынып отыр. Мектепке дейінгі мекемелерде үштілділікті үйрету кіші топтан басталады. Тілді дамыту жүйесі кешенді жүргізіледі, сондықтан баланың санасында адамзат тілдерінің әр алуандағы туралы түсінікті және оларға деген құрмет сезімін дұрыс қалыптастыру керек.

Үштілділік оқытудың болашағы үлкен, алайда ол үздіксіз әрі қол жетімді болған жағдайда. Жаңа дәуірге аяқ баса отырып, біз әр бір баланың болашағын, оның өмірге деген дайындығына, әлеуметтік бейімделуіне зор мән беруіміз керек.

Үштілділік оқытудың нәтижесі ретінде, әрбір балада көргіміз келетін үйлесімді дамыған тұлғаны есептеуімізге болады.

«Елбасымыз қазір үштұғырлы тіл саясатын, яғни қазақ, орыс және ағылшын тілдерін балабақша, бастауыш мектептен бастап үйретуді ұсынды. Осы үштұғырлы тіл саясатында қазақ тілінің алатын орны ерекше.

Оқу іс-әрекетті үш тілде жүргізу барысында келесі мақсаттар көзделеді:

  1. балалардың, жеңіл, өздерінің даму деңгейіне сәйкес әрі қолайлы лексика түрімен таныстыру;
  2. күнделікті қолданыстағы тілдік құрылымының енгізілуі;
  3. тұлғаны берілген шет елдердің мәдениетін қатыстырумен балаға арналған халық ауыз әдебиеті (фольклор) арқылы дамыту мен тәрбиелеу. Жалпы міндет:
  4. ана тілін және шет тілдерін даиыту танымдық және ойын қызметінің негізі іспеттес;

Негізгі міндеттер:

Мемлекеттік тілдге, үштілділікке деген тиянақты, мүдделі көзқарасты және құрмет сезімін қалыптастыру;

  • қарапайым диалогтық және монологтық сөйлеуді қалыптастыру;
  • қарым-қатынас мәдениетін тәрбиелеу;
  • сөздік қорды толықтыру және жандандыру.Үштілділікті оқыту барысында мнемотехникалық әдіс баланың сөз материалын есте сақтауда қалдыру үшін қолайлы. Сонымен қатар дыбыстық және көру қабілеттері де дамиды. Мектепке дейінгілердің жас ерекшеліктеріне қараса, осындай қорытындыға келуге болады, сөйлейтін суреттерді пайдалану әңгіме құрастырғанда, өлең, логоритмикалық жаттауды жеңілдетеді және есте сақтау процесін тездетеді. Есте сақтаумен жұмыс әдістерін қалыптастырады. Сөйлейтін суреттер, сипаттау сызбалары қызығушылық тудырады және проблеманы шешуге көмектеседі. Баланың тілін дамыту үшін ересек тобындағы балалар шағын әңгіме құрастырады, өлеңдер, логоритмикалық жаттығулар жаттайды. Әңгіме сипаттағанда, өлең жаттағанда сызбалар қолданған қолайлы.Үй жануарларына арналған сызба бойынша балалар олардың түсін, не жейтінін, қайда тұратынын, төлін, адамға пайдасын сипаттап бере алады.Өлеңді оқып болғаннан кейін міндетті түрде әңгіме өткізіледі:
  • Жыл мезгілдеріне арналған сызба бойынша балалар ауа-райын, қалай киінетінін, аңдар, құстар қандай тіршілік жасайтынын айтуға болады. Міне, осылай әрбір жаңа тақырып бойынша сызбалар қолдануға болады. Мұғалім өз балаларының қабылдау қабілетін, жас шамасын ескере отырып, сызбаны өзі жасап алуына да болады. Өлең жаттауда әр сөзді рәміздермен алмастыруға болады. Кейбір жағдайда сөйлемді бір сызбада көрсетуге болады. Заттардың сынын, күйін, әрекетін білдіретін суреттерді құрастырғанда толық түсіну үшін балалармен бірге ойнау қажет және эмоциялы деңгейде әрекетті көрсетуге болады. Мектепке дейінгілерді өлеңдерді мәнерлеп жаттауға, шығармаға сай ырғақты сақтауды үйретеді. Балалармен бірге қайталағанда педагог интонацияға, дикцияға дем алуына назар аударады.
  • Мнемотехникалық әдістің міндеті: шет тіліне тән дыбыстардың дұрыс айтылуын жаттықтыруы, сөз қорының байытуы, белсенуі мен бекітуі, сөйлеудің грамматикалық дұрыстығын жүзеге асыруы және тілдің дамуы.
  • «Мнемотехника» әдісін қолдану – мектепке дейінгі балалардың коммуникативтік-тілдік біліктілігінің дамыту негізі. Мнемоника — грек тілінен аударғанда «есте сақтау өнері» деген мағынаны береді. Мнемоника бойынша алғашқы тексттерді ежелгі гректер жасаған. Мнемотехника есте сақтауға қиын, ауыр ақпаратты тез жаттап алуға қажетті техника болып отыр. Балалардың тілін дамыту мақсатымен мнемотехника әдісін қолдануды жөн көрдік. Үштілділікті оқыту балаға ертеңгі күні үлкен өмірге араласқанда оның бәсекеге қабілетті тұлға болып қалыптасуына көп көмектеседі. Шет тілін үйреніп жүрген балалардың тілі тез дамуы үшін оны қоршаған адамдар да осы тілде сөйлесіп араласуы қажет. Сондықтан кішкентай бүлдіршіндерге балабақша қабырғасынан бастап тіл үйретудің маңызы зор. Жетістіктеріміз ең алдымен жеткіншектерді мемлекеттік тіліміз, өз ана тілімен салыстыра отырып шет тілін игертуге бағытталған. Оқу іс-әрекетті өткізу үшін қажетті оқулықтар, әдістемелік құралдар жеткілікті мөлшерде болуға тиіс.
  • аударма жұмысын өткізу;
  • мұғалімнің сұрақтары;
  • суреттер қарау;
  • орыс және ағылшын тәлдеріне тән дыбыстарды дұрыс айтқызу, қайталау;
  • сызбалар арқылы жаттау;
  • Балаларға өлеңді есіне сақтау үшін, мұғалімге келесі әдістерді қолдануға болады:
  • бірінші жолды топпен қайталау және 3-4 балаға бір-бірден қайталатқызу;
  • фонетикалық жаттығу орындау;
  • әсіресе мәнерлеп оқуға талап ететін сөзді, жолды балаларға қайталату.

Ұсынған жаттығулар сипаттау сызбалар арқылы жатталады, содан кейін мұғаліммен бірге айтылады және әр түрлі қимылмен көрсетіледі. Логоритмикалық жаттығуларды орындағанда, балалар мұғаліммен бірге ортада тұрған жөн, сонда балаларға мұғалімді көруге, қозғалуға және сөйлеу материалын орындауға мүмкіндік бар.

Қазіргі таңда мектепке дейінгі ұйымдарда шет тілін үйреніп жүрген балалардың құзыреттілігінің жоғарылағаны жөніндн толықтай сеніммен айту әлі де қиын болып отыр.

Біздің бөбекжай-бақшасында оқыту үш тілде жүргізілуде. Қазақ тілі яғни өз ана тілі, орыс тілі және ағылшын тілдерінде.

Шет тілін оқытуда балалардың өзіндік ерекшеліктері болады.Ол балалардың өздерінің жасындағы психофизиологиялық дамуында негізделеді. Психологтардың пайымдауы бойынша, мектепке дейінгі ұйым балаларының қабылдауы, есте сақтау қабілеті және зейіні еріксіз түрде болып отыр. Балалар өздерінің қабылдауларын басқара алмайды, өз бетінше белгілі затты (нәрсені, пәнді) анализдей алмайды. Балалардың есте сақтау қабілетіне көзбен көрген нәрсесін есте сақтап қалу тән, алайда балабақшадағы бала өзінің қабылдап отырған нәрселерін кейін қайта еске түсіру керектігі жайлы ойламайды.

Балалардың көңіл аударуының ерекшелігі, түр сипаты тартымды, бояуы қанық заттар арқылы оянады. Қабылдап отырған нысанға деген қызығушылық сақталып отырған жағдайда, затқа, материалға көңіл аударулары сақталады. Көптеген негізге алынатын тілдік дағдылармен іскерліктері әзірге мектепке дейінгі ұйымдардағы балаларға қол жетпестік болып отыр. Бұл балалардың күрделенген логикалық сөздер тізбегін жинақтай алмай, бір типті сөз орамындағы сөздерді ауыстыра (өзгерте) алмай, сөздерді лексикалық бірліктер ретінде қабылдауына және т.б. жағдайларға әкеліп соқтырады.

Сондықтан, үш тілділікті оқыту осы ерекшеліктерді ескере отырып, және бастауыш мектептегі оқытудан едәуір өзгеше болуы тиіс.

Оқыту барысы аралығында жұмыс формалары мен түрлері бірегей сақталады, сонымен бірге көрнекіліктер мен көркемдік бейнелілік үстем болып отыр, себебі балалар сөздерді бөлек лексикалық бірлік ретінде емес, ұғымдар жиынтығы, топтамасы, бейнесі ретінде қабылдайды.

Осыған байланысты оқытуда тілдік құрылыстың заңдылық элементтерін қосу қажет. Сонымен қатар:

  1. көрнекілік пен көркемдік (бейнелілік) негізгі принциптерінен (ұстанымдарынан) ауытқымау, жас ерекшелігіне сәйкес;
  2. «менің жасағанымды жаса, (қайтала)», «менің айтқанымды айт (қайтала) деген принципті (ұстанымды, негізді) басшылыққа алу.
  3. тілдерді тек қана практика (іс-тәжірибе) жүзінде, теориялық тілдік түсініктерін, оның тіпті ең майда элемент түрін пайдаланбай үйрену қажет.

Мектепке дейінгі оқытуда негізгі алынатын тұжырымдамасының тұстары әдіс-тәсілдердің, қабылдауын формаларымен амал түрлерінің кең шоғырда (спектрде) қолданылуымен байланысты. Оның үстіне балалардың жеке-дара қасиеттері, сонымен қатар әсіресе отбасыларының жалпы мәдениетінің дамуы ескеріледі. Сонымен, негізгі амал-тәсілдер мыналар:

А) Имитация (ұқсастыру, бояма);

Б) Образ (бейне) жасау: оның ішінде: визуалдық, музыкалық, пластикалық образдар;

Оқу іс-әрекетінде вербалды емес оқытудың үстемділігінің нәтижесі ретінде суреттер, образдар, бейнелер, музыка және би арқылы бейнелеу.

В) оқыту ойындарының қолданылуы;

Г) жұмбақтар;

Д) әуенді терапиялар, қол, саусақ моторикасын дамытатын жұмыстар;

Е) мини-спектакльдерді сахналау, әдіс-тәсілдер жетістіктерінің жорамалдауынша балалардағы психологиялық кедергілерді (барьер) жоюға, өзін-өзі бағалауының жоғарылауына, маңыздылығына жағдай жасайды.

Лексиканы жүйелі түрде енгізу: Бірінші оқу іс-әрекетт- 3 сөзді игерту. Екінші оқу іс-әрекетінде оны бекіту. Кейінгі оқу іс-әрекеттерде балалардың отыруына, шеңбер немесе жартылай шеңбер болып тұруына ыңғайлы, жылы психологиялық климат жасап, сонымен қатар іс-әрекет түрін жылдам өзгертуге мүмкіндік береді.

Оқу іс-әрекеттің шамамен алынған үлгісі:

  1. Амандасу.
  2. Фонетикалық сергіту сәті.
  3. Өткен лексикалық материалды қайталау.
  4. Сергектік (қозғалмалылық) ойын түрімен қолданылатын жаттығулар.
  5. Өткен материалды қарқындатып (активизациялап) және жаңа лексикалық материалды енгізу.
  6. Ұйқас өлеңдермен, жаңа материалға сәйкес түрлі өлеңдерді үйрену.
  7. Орыс, ағылшын тілдерінде мультфильмдер көру.

Оқыту мазмұны мен құрылымы: лексико- грамматикалық құрылымды тақырыптарды таңдауға, балабақшадағы балалардың танымдық қабілеттілігінің және де олардың даму деңгейіне, оқыту жоспарларына, олардың қызығушылықтармен мотивацияларына сүйенеді.

Балаларды оқытудың бұл сатысында, мектепке дейінгі ұйымдардағы балалардың жасында үштілділікті үйрету тәжірибесіне орай, төмендегі берілген тақырыптарды енгізу ұсынылады:

  1. «Кел, танысайық!» — Давайте познакомимся!- Let.s acguainted!»
  2. «Менің ойыншықтарым – Мои игрушки – Му toуs»
  3. «Жануарлар — Животные — Animls»
  4. «Түстер – Цвета –Сolors»
  5. «Жанұя- Семья – Family»
  6. «Дене мүшелері – Части тела – Body parts»

Қорытынды.

Егемен еліміздің ең басты мақсаты өркениетті елдер қатарын көтерілу болса, ал өркениетке жетуде жан-жақты дамыған рухани бала тұлғаның алатын орны ерекше. Қазіргі білім берудің басты мақсаты да сол жан-жақты дамыған, рухани бай жеке тұлға қалыптастыру болып отыр.

«Қолына қалам ұстаған әр азамат ана тілінің қорын игерумен бірге, басқа тілдердің де асыл қазынасын сусындауы оны кәдеге жарта білу абзал», — деп жазған еді қазақтың қаһарман батыры Бауыржан Момышұлы.

Еліміз Егемендік алып еңсесін көтере бастағанында қазақ, орыс, ағылшын тіліне деген сұраныс пайда болды. Демек біз өз мемлекетіміздің дүниежүзілік деңгейде беделінің өсіп, 50 елдің қатарында олармен иық тіресе сөйлесе алуымыз үшін қазақ орыс тілдерімен қатар ағылшын тілінде де сөйлеп тұрсақ, деңгейімізді танытқандығымыз емес пе.

Қысқасы мемлекеттігіміздің негізі – қазақ тілін пән ретінде оқыту мен бірге орыс ағылшын тілдерін бүгінгі таңдағы инновациялық технологиялардың озық тәжірибелерімен меңгертуіміз қажет. Ол – бүгінгі заман талабы.

Әдебиеттер

  • Қазақстан Республикасының Президенті – Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың

 

    1. «Қазақстан – 2050» стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауы
  • Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту № 1 – 2016ж [5 б.]
  • Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту № 3 – 2016ж [20 б.]
  • Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту № 4 – 2016ж [2б.]
  • Бала мен балабақша № 3 – 2015ж[6б]

Жанар Базаровна Сулейменова,
№ 21 «Ақбота» бөбекжай-бақшасының
қазақ және орыс тілі пәндерінің мұғалімі,
Көкшетау қаласы

 

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.