Home » Балабақша » «Мектепке дейінгі мекемелерде  инклюзивті білім беруді ұйымдастырудың маңызы»

«Мектепке дейінгі мекемелерде  инклюзивті білім беруді ұйымдастырудың маңызы»

«Мүмкіндігі  шектеулі  азаматтарымызға  көңіл  бөлу  керек.  Олар үшін  Қазақстан  кедергісіз  аймаққа  айналуы  тиіс.  Бізде  ондай  адамдарға  қамқорлық  көрсетілуі  тиіс, бұл – қоғам  алдындағы парызымыз»

                                               Н.Назарбаев

Біздің  мемлекеттің  Конституциясында: « Барлық     балалар  орта білім  алуы  тиіс », — деп  жазылған, бірақ  өкінішке  орай,  мүмкіндігі  шектеулі  балаларды оқыту  бүгінгі  күні  маңызды  проблемалардың  бірі  болып  саналады.  Мүмкіндігі  шектеулі  балалар  саны  жыл  өткен  сайын  артып  келеді,  сондықтан  да  оларға  білім беру  процесін  дамыту  қажеттігі  де  өсіп  отыр.  Арнаулы  психологияның  негізін  салушы  ғалым  Л.С. Выготскийдің  айтуына  қарағанда,  «Дені  сау бала  мен  мүмкіндігі  шектеулі  балалар  бірдей  заңдылықпен  дамиды.  Демек  олардың  даму  факторы  бірдей.  Ақыл-ой  жағынан  артта  қалған  бала  дені  сау  бала  өтетін  даму  деңгейінен  өтеді,  бірақ  сәл  шабандау  және  өзінің  арнайы  ерекшеліктерінің  деңгейінде ».  Қазір  олардың  мүмкіндіктерін  ескере  отырып,  оларға  дені  сау  балалармен  бірдей  білім  алуына  жағдай  жасалуда.

2008 жылы  мемлекетіміз  «  Мүгедектер  құқығы  туралы »  конвенцияға  қол  қойды  ( Нью – Йорк  қаласында  13.12.2006 ж.  БҰҰ  Бас  Ассамблеясының  61- сессиясының  76- пленарлық  мәжілісінде  қабылданған  61/ 106  Резолциясы )  және  мүмкіндігі  шектеулі  адамдардың  барлығына  жағдай  жасауға  міндеттенген.2

Инклюзивті  білім  беру —  мүмкіндігі  және  түрлі  қажеттілігі  бар  1-ден  6 жасқа  дейінгі  балаларға  мектепке  дейінгі  білім  беру  және  дамыту  процесі.  Кешенді  медико-педагогикалық,  әлеуметтік- психологиялық  арнаулы  білім  беру  түрлерінің  бірі  болып  табылады.

Инклюзивті  білім беру – қайырымдылық пен адамгершіліктің  бастауы.  Қазіргі таңда барлық  әлем  жұртшылығының  назарын  аударып  отырған  мәселе  балалардың жеке сұраныстары  мен  ерекшеліктеріне  ортаның, отбасының  қатысуымен  білім  беру.  Осы  жаһандық  мәселеге  әлем  ғалымдары  мынадай анықтама  береді:  инклюзивті  білім  беру  дегеніміз – барлық  балаларды, соның  ішінде мүмкіндіктері  шектеулі  балаларды  жалпы  білім үрдісіне  толық  енгізу  және  әлеуметтік  бейімдеуге,  жынысына, шығу  тегіне, дініне,  жағдайына  қарамай, балаларды  айыратын  кедергілерді  жоюға,  ата-аналарын  белсенділікке  шақыруға, баланың  түзеу-педагогикалық  және  әлеуметтік  мұқтаждықтарына  арнайы  қолдау,  яғни  жалпы  білім  беру  сапасы  сақталған  тиімді  оқытуға  бағытталған  мемлекеттік  саясат.  Инклюзивті  оқыту-  ерекше  мұқтаждықтары бар балалардың  білім беретін  ұйымдардағы  оқыту үрдісін  сипаттауда  қолданылады. Демек,  инклюзивті  оқыту  негізінде  балалардың  қандай да  бір  дискриминациясын  жоққа  шығару,  барлық  адамдарға  деген  теңдік  қатынасты қамтамасыз  ету,  сонымен  бірге  оқытудың  ерекше  қажеттілігі  бар балаларға арнайы  жағдай  қалыптастыру  идеологиясы  жатыр.  Осы бағыт  балаларды  оқуда  жетістікке  жетуге  ықпал  етіп, жақсы  өмір  сүру  жағдайын  қалыптастырады.

Жалпы  инклюзивті білім  беру – мүмкіндігі  шектеулі  балаларды  оқытып-үйретудің  бір формасы.  Нағыз  инклюзия білім берудің  2 жүйесін:  жалпы  және  арнаулы  жүйелерді  бір-біріне  қарама-қайшы  қоймай, қайта  жақындатады.

Инклюзивті оқыту- мүгедек пен дамуында сәл  бұзылушылығы  мен  ауытқулары  бар балалардың  дені сау  балалармен  бірге  олардың  әлеуметтендіру  және интеграция  процестерін  жеңілдету  мақсатындағы  бірлескен  оқыту.

Инклюзивті  оқыту – барлық  кемтар  балаларға  мектепке  дейінгі оқу  орындарында,  мектепке  және мектеп  өміріне  белсене қатысуға  мүмкіндік береді, олардың  тең  құқығын  анықтайды, адамдармен  қарым-қатынасына  қажетті  қабілеттілікті  дамытуға  мүмкіндік  береді.

нклюзивті  оқытудың  -негізгі  принциптері:

  1. Адам құндылығы  оның  мүмкіндігіне  қарай  қабілеттілігімен,  жеткен жетістіктерімен  анықталады.
  2. Әрбір адам сезуге  және  ойлауға  қабілетті.
  3. Әрбір адам  қарым-қатынасқа  құқылы.
  4. Барлық адам бір-біріне қажет.
  5. Білім шынайы  қарым-қатынас шеңберінде  жүзеге  асады.
  6. Барлық адамдар құрбы-құрдастарының  қолдауы  мен достығын  қажет етеді.
  7. Әрбір оқушы  үшін  жетістікке  жету – өзінің  мүмкіндігіне қарай  орындай алатын әрекетін жүзеге  асыру.
  8. Жан-жақтылық адам  өмірінің  даму аясын кеңейтеді.

Инклюзивті бағыт  кемтар балаларды  оқуда  жетістікке жетуге  ықпал етіп, жақсы  өмір сүру  мүмкіндігі шектеулі  балаларды  оқыту  әлі  де  өзекті  мәселе  күйінде  қалып  отыр. Олардың  қатары жыл сайын  өсіп  жатқандықтан, жарымжан  балаларға  білім беру  жүйесін  жетілдіру  қажет. Қазір  олардың  мүмкіндіктерін  ескере  отырып,  өзгелермен  теңдей білім  алуына  жағдай  жасау  қажет.

Ал,  мүмкіндігі  шектеулі  балаларды  тәрбиелеу  ерекшелікті  қажет  етеді. Ата-ананың  тарапынан ұстамдылық, шыдамдылық, төзімділік, сабырлық  сияқты қасиеттер болуы тиіс. Отбасының  бала тәрбиесіндегі  алар  орнын халқымыз  « ұяда  не көрсең ,  ұшқанда  соны  ілерсің»   деген  даналық оймен түйе білген.  Кемістің түріне де  және  күрделілік  деңгейіне  байланысты  балаларды  тәрбиелеу мүмкіндігі  де  өзгеріп  отырады.

Арнайы әдістерді  пайдалана  отырып,  тәрбиеші бала  тәрбиесіндегі  кемшіліктерді  тікелей  түзетуге  ықпал етеді. Мүмкіндігі  шектеулі  балаларды оқыту және  тәрбиелеу  кезінде  жаттығу  түзетудің арнайы  әдістерінің бірі  болып  табылады.  Жаттығуларды  орындай отырып бала өзін ортада дұрыс  ұстауға, мейірімділікке,  төзімділікке  үйренеді. Бірақ  жаттығуға  толығымен  жүгінуде  балаларды  агрессияға,  мінезіндегі  қиқарлықты  тудыруы  мүмкін.

Баланың  тузету дамыту  жұмыстарының бір  түрі ересектер  мен  құрбыларының  ықпалы.  Ересек  балалар үшін  қайталау  обьектісі.  Яғни  жүріс-тұрыс, сөйлеген сөзі, іс-әрекеті.  Баланы  ересектер әрдайым қадағалап  жүру  керек, дұрыс  іс-әрекетте  қолдап, бұрыс  істеген  жағдай  тәртіпке  шақырып, түзеп  отыру  қажет.

Ұжымдағы бала  мәртебесін  өзгерту де  тиімді тәсілдердің  қатарына  жатады.  Мысалы,  баланың тұрақты теріс  қылықтарына  қарамастан, оған  жауапты  тапсырма беру.  Педагогика қолдау  әдісін  қолдана отырып,  ересек  адам  бала  тұлғасын, оның  тәртібін  негативті  бағалаудан  бас тартады, тәртіпті  сақтауға деген  тілекті қолдайды,  анық  және ашық түрде  балаларға  көмекке  дайындығын  білдіреді. Оқыту  мен  тәрбиенің  түзету  әдістері  баланың  тұлғасын,  оның  тәртібін  және  ұстаз  тұлғасына  сәйкес  өзгеруі.  Дұрыс ойластырылған  күн  тәртібі  ырықты тәртіпті  қалыптастырудың   оның кемшіліктерін түзетудің  қажетті шарты,  әрі  құралы  болып  табылады. Ұйымдастырылған  күн  тәртібі  баланың  психоэмоционалдық  жағдайына  жағымды  әсер  етеді.  Күн  тәртібі  кешенді,  көп  вариантты,  келеңсіз жағдайлары  ескерілуі  тиіс. Күн тәртібі  үшін  уақыт  дұрыс  анықталуы  тиіс. Баланы  оқытумен  тәрбиелеуде бала бойындағы  кемшілікті  түзету  үшін  негізгі бағытты   анықтаған  жөн.  Бірінші  баланың  оқу  мен  тәртібінде  тұлғалық  дамуында  жағымсыз құбылыстарды  ертерек  анықтау  және  түзету.  Екінші  педагогикалық  талдау  жүргізу,  түпкі  себептерді  анықтау,  оны жоюға  деген  диференциалдық көзқарас.  Үшінші  арнайы  әдістерді  пайдалану.  Педагогтар  мүмкіндігі  шектеулі  балаларды  тереңірек  түсініп, тыңдап,баланың  көңіл-күйіне  назар  аудару  керек.  Қазіргі  таңда  мүмкіндігі  шектеулі  балалармен   жұмыс  жасайтын  тәрбиешілерге  талап та  жоғары. Тәрбиеленуші  мен  тәрбиешінің  арасында  педагогикалық әдеп  пен  ынтымақтастықтың  сақталуы.

Тәлім- тәрбие,  ұсынылған  ойындарды  меңгерту, оның  бала   зердесіне  әсер   етуі, қабылдауы, есте  сақталуы бақылауда болу керек. Балаларға  тапсырманың  шектен тыс  ауыр  болмауы керек.

Тәрбие  жұмыстары  баланың  денсаулығын  нығайтуға  әсер  ететіндей  болуы  шарт.

Әр  тапсырмаларды орындау  барысында  балалардың  міндеті  мен  мүмкіндік  деңгейлерін  ескеру  керек. Мүмкіндігі  шектеулі  балаларды тәрбиелеу өте қиын  болғанымен,  әрқашан  қиындықтарға тап болу дегенді  білдірмейді. Мүмкіндігі  шектеулі  балаларға  да  жақсы  тәрбие  берсе, ол  да өз  ата-анасына  қуаныш  пен  бақыт  сыйлауы  мүмкін.

Мақсатымыз  мүмкіндігі  шектеулі  балаларға  білім  беру,  психологиялық- педагогикалық  көмек  беру. Мүмкіндігі  шектеулі  балаларға арналған  оқу  іс-әрекеттерін  жеке-жеке  өткіземіз.  Балалармен  жұмыстың  формаларында  ата-аналар  белсенді қатысуы  шарт.  Психолог  маман  баланың  психологиялық  жағдайын   қалпына  келтіруге  коррекциялық әдістеме  бойынша  жеке  жұмыстар  өткізеді,  көңіл  күйінің  қалыпты  болуын  қадағалайды,  өзін  танып білуге  көмектеседі.  Тренинг,  ойын-жаттығу, арттерапия, аудитренинг  баланың  психологиялық  тұрғыдан  дамуына  ықпал  етеді.  Психолог маман  ата-аналардың  сұрақтарына  жауап  береді, ата-аналарға  арналған  кеңестер беріп  отырады  және  отбасындағы  атмосфераның  қалыпты  болуына  көмек  көрсетіп  отырады.

Бала  материалды  өзі  іс-әрекетке   тікелей   қатысу   арқылы   есіне  сақтайды. Бұл  жастағы   баланың   ойлау  қабілеті   сапалық   өзгешілігімен   ерекшеленеді. Оған  қиял   мен   шындықты   ажырату   қиынға  соғады.  Ол- өзімшіл. Оған  анимастикалық   түсініктер   тән. Айнала  қоршаған   заттардың  бәрін  өзімен  салыстырады, олар  да  өзі  сияқты  ойлауға  және  сезінуге  қабілетті  деп  ойлайды.

Нысандарды  қарастыра   отырып  әдетте, ол  заттың  едәуір   ашық  бөлігін  ажыратады.

Мектепке   дейінгі  кіші  жастағы  балаларда  кеңістік, уақыт, сан  туралы  қарапайым   түсініктер   қалыптаса   бастайды.

Баланың  шаршауының  алдын  алу  және  қызығушылығын  әрі  қарай  бекіту  мақсатында  міндетті  түрде жеке  тіл  табысуды  қолдап  және сабақтың  ұзақтығын  15 минуттан  аспауын  бақылауымыз  керек.  Балаға   өз  ойынымызды  ойнауға  мәжбүрлемей,  тек  сол  ойынды  қолдана  отырып,  оны  қызықтыра білуіміз қажет.

Алғашқыда  үстелге  немесе  басқа  затқа  сүйеніп,  саусақ  гимнастикасын  жасау  ұсынылады.  Саусақтық  ойындарды  ең  қарапайым  жаттығулардан   бастау  қажет, мысалға «Сорпаны  тұздайық» ( саусақтың  ұштарын  қимылдатамыз),  «Құстар» ( құстар-саусақтар  «тұмсығымен  шұқиды», мысалы,  берілген  дыбыс бойынша сөздер).  Бірте-бірте қиын  ойындарға  өтуге  болады. Саусақтық  ойындарды  сөздік  сүйемелдеу  ретінде де  пайданылады. Тағы  да  атап  айту  керек, баламен  осы  сияқты  жаттығуларды  жиі өткізсе, яғни сіздің  балада  ұсақ  қозғалтқышын, сөз сөйлеуін, есін, ынтасын,  көру  және  есту  қабілетін  дамытуға жақсы  нәтижеге  қол  жеткізуге мүмкіндік  молаяды.

Қол  моторикасының  жоғары  деңгейі  баланың мектепке  деген  психологиялық  дайындығын,  ақылы  кіргенін  түсіндіреді.  Қол  моторикасын  арттыруға  арналған  ойындар  мен жаттығулар  баланың  тілінің  тез дамуына да  әсері ерекше.

Баланың  қол  моторикасын  арттыру  үшін  күнделікті  өмірімізде  төмендегідей  іс-әрекеттерді пайдалансақ:

-Қолмен  ермексазды  жұмсарту

-Әр  саусақпен  тасты, шарикті  айналдыру

-Алақандарымызымызды жұмып, ойын  ойнау( таңертең  тұрдық-ашылу,  кешке  ұйықтадық- жабылдық)

-Жеке бір  саусақты –үлкенін

-Ауада әртүрлі сурет салу, жазу

-Қол соғу:  ақырын,қатты, әр түрлі әрекетте

-Жуан жіпке  түймелер, моншақтар өткізу

-Қалың  арқан, жіп  ұштарын  байлау

-Түймелерді, ілгіш, замок, қақпақтарды  жабу, механикалық ойыншылықтарды кілтпен  жүргізу

-Құммен, сумен ойнау

Сурет салу, бояу

Әр түрлі  материалдармен сурет салу(қарындашпен, қылқаламмен, бормен, түрлі-түсті бояу, гуашьпен, көмірмен   т.б)

-Қолмен  поролон шарларды,  губканы жұмсарту    т.б.

Басты  мақсатымыз — рухани дамуы  үшін психологиялық-педагогикалық  жағдай жасау, өз-өзіне  сенімді, белсенді,  сау  балалармен  қарым-қатынас жасауға үйренген, өзіне-өзі қызмет жасай алатын  бала тәрбиелеу.

 

Пайдаланған    әдебиеттер

 

  1. «Қазақстан Республикасының Білім туралы Заңы»  №319 заңы.  27 шілде  2007 ж.
  2. Кемтар  балаларды әлеуметтік  және медициналық – педагогикалық түзеу арқылы қолдау  туралы   №343  заңы.  11 шілде  2002 ж
  3. Лисина  М. И.  «Общение,  личность  и  психика  ребенка»  М.МПСИ.  2001 -384с
  4. Тулебаева Г.Н.  «Мектеп жасына дейінгі  жалпы сөйлеу тілі  дамыған  балалардың диалогтық сөзінің  ерекшеліктері».   «Хабаршы»,  №4 (39), 2014 ж.

Хайрошева Айгүл Нығметоллақызы

Атырау облысы,  Исатай ауданы

Тұщықұдық ауылы

«Құлыншақ» бөбекжай – балабақшасы

І санатты психологы

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.