Home » Мақалалар » МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ  МЕКЕМЕДЕ БІЛІМ БЕРУ ПРОЦЕСІНІҢ СУБЕКТІЛЕРІНЕ ЖОБАЛАУ ҚЫЗМЕТІ АРҚЫЛЫ МЕМЛЕКЕТТІК ЖӘНЕ АҒЫЛШЫН ТІЛДЕРІН ОҚЫТУДА ҚАТЫНАСТЫҢ ҚҰЗІРЕТТІЛІГІН ҚАЛЫПТАСТЫРУ

МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ  МЕКЕМЕДЕ БІЛІМ БЕРУ ПРОЦЕСІНІҢ СУБЕКТІЛЕРІНЕ ЖОБАЛАУ ҚЫЗМЕТІ АРҚЫЛЫ МЕМЛЕКЕТТІК ЖӘНЕ АҒЫЛШЫН ТІЛДЕРІН ОҚЫТУДА ҚАТЫНАСТЫҢ ҚҰЗІРЕТТІЛІГІН ҚАЛЫПТАСТЫРУ

 

 

 

Мектепке дейінгі білім беру мекемелерінде ерте жастан қазақ және ағылшын тілдеріне оқытуды енгізудің маңызы өте зор және мектеп жасына дейінгі балалардың шет тілде қарым-қатынас дағдысын қалыптастыруға септігін тигізеді.
Мектеп жасына дейінгі балалардың шет тілдік қарым-қатынас дағдыларын білуі мәдени шығармашылық қарым-қатынасты қамтамасыз етуін, шет тілде қарым-қатынас тәсілдерін игеруін айқындайды.
Мектепке дейінгі мекемеде мектеп жасына дейінгі балаларды қазақ және ағылшын тілдеріне үйрету үштілділік  қарым-қатынас дағдыларын қалыптастырады және келесі міндеттерді шешуге көмектеседі.

  • қарым-қатынас құралы ретінде екінші тіл туралы түсінігің қалыптасуы (осы тілде сөйлейтін адамдармен қарым-қатынасқа түсу үшін);
  • қазақ және ағылшын тілдерінде қарапайым ауыз екі сөйлеуі;
  • мектепке дейінгі балалардың лингвистикалық ойлау қабілетін кеңейту (екінші тіл қарым-қатынасын алғаш игеруі);
  • үйренген тілінің мәдениеті мен салт-тәсүрлеріне баулу;
  • жаңа тілдік әлемде келесі психологиялық келеңсіздіктен өтуде балалардың психологиялық қарым-қатынасқа бейімделуін қамтамасыз ету ;
  • ойын түрінде қарым-қатынасқа түсу процесінде балада ойлау, есте сақтау, назары, тұлғалық қасиеті қалыптасады;

Балаларда үштілділік дағдысын қалыптастыру бұл балалар мен ата-аналар және педагогтер арсындағы ұйымдастырылған оқу-тәрбие қызметінің ортақ процесі.

Заманауи білім беру жүйесінің бастапқы міндеті әр балада заманауи ақпараттық технологияларды қолдана алатын және өмір бойы оқуға ұмтылатын, креативті ойлау қабілеті дағдысы қалыптасқан тұлғалық қабілетін ашу.Тек осындай тұлға өмірде табысты бола алады. Мектепке дейінгі мекеме жағдайында жобаны жүзеге асыруда әр бала өздігінен белсенді қызметке түсуге ат салысады, ал үлкендер олардан түрлі жағымды шығармашылық қорытынды күтеді. Сондықтан мектепке дейінгі мекеме жағдайында тек жобалық қызметі арқылы креативті ойлау қабілеті бар шығармашылық тұлға тәрбиелеу және мектепке дейінгі балалардың танымдық қабілетін дамыту мүмкіндігі зор.

Жобалау қызметі бұл- ортақ нәтиже қорытындысына бағытталған ортақ міндеті, келісілген әдісі, қызмет түрі бар, барлық балалардың заманауи оқу-танымдық, шығармашылық және ойынының қызметі болып табылады.  Жобалау қызметінің негізгі міндетті  іс-әрекеттің соңғы қорытындысын  алдын ала белгілеу, яғни жобаның этаптары және оны жүзеге асыру.

Е.С.Полат ұсынған топтастыру Отандық педагогика жобаларының толық топтастырылуы болып саналады. Оны барлық білім беру саласының жобасында қолдануға болады. Автор тілдердің типологиялық классификациясын келесі белгілер бойынша топтастырды:

1) жобаның әдісі мен қызмет түрі: ізденіс, шығармашылық, рөлді-ойындық, ақпараттық, тәжірибелік т.с.с.;

2) пәндік-мазмұндылық саласы: моно жоба (білімділіктің бір саласы бойынша) және пәнаралық жоба;

3) жобаның сипатының үйлесімділігі: ашық, айқын сипатын(тікелей) және жасырын сиаты (айқын емес);

4) байланысының сипаты  (бір мектепте оқитын қатысушылар арасында, бір сыныпта, қалада, аудан, елінде, әлемнің әр мемлекетінде); ішкі немесе аудандық, халықаралық;

5) жобаға қатысушылар саны (өзіндік, жұптық, топтық);

6) жобаның ұзақтылығы (аз мерзімді, орташа мерзімді, ұзақ мерзімді).

Тіл үйренудің бастапқы мақсаты тіл үйренуге қызығушылығын  қалыптастыру, және де мектеп жасына дейінгі балалардың тіл үйрену мүмкіндіктері мен талабына сәйкес өзге тілде қарым-қатынасқа түсе алуды қалыптастыру. Балалардың басқа тілді ерте жастан меңгеруі тіл шеберліктері мен  дағдылары және біліктіліктерін практикада қолдану мүмкіндігін тудырады. Мектеп жасына дейінгі балаларды өзге тілде сөйлеуге, сол тілде ойлауға, талап етілген міндеттерді шешуге мүмкіндік тудыру қажет. Қазақ және ағылшын тілдерін оқытуда жобалу әдісін қолдану мектепке дейінгі балалардың өзге тілдерді үйренудің тиімділігін арттырады. Заманауи педагогикада жобалауны қолдану өзектілігіне байланысты біздің зерттеуіміздің тақырыбы құрылды: МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ  МЕКЕМЕДЕ БІЛІМ БЕРУ ПРОЦЕСІНІҢ СУБЕКТІЛЕРІНЕ ЖОБАЛАУ ҚЫЗМЕТІ АРҚЫЛЫ МЕМЛЕКЕТТІК ЖӘНЕ АҒЫЛШЫН ТІЛДЕРІН ОҚЫТУДА ҚАТЫНАСТЫҢ ҚҰЗІРЕТТІЛІГІН ҚАЛЫПТАСТЫРУ

Зерттеу жұмыстарының мақсаты: оқыту мен тәрбиелеу процесінде жобалау қызметі арқылы мемлекеттік және ағылшын тілдерін оқытудағы  қатынас құзіреттілігін қалыптастыруды жаңарту.

Қазақ және ағылшын тілдерін оқытуда жобалық жұмысты қолдану қарым-қатынас құзіреттілігін дамуына оң әсерін тигізетінін шамаладық.

2016-2017 оқу жылында біз үштілділік жобасы аясында білімділіктің барлық салаларына мемлекеттік және ағылшын тілдерін енгіздік.  «Денсаулық» саласы бойынша қазақ және ағылшын тілдерінде бір қатар сабақтасқан сабақ түрлерін жүргіздік.Сонымен қатар үш тілде таңғы жаттығулар мен ширату жаттығулары топтамасын әзірледік. «Әлеуметтік орта» саласы бойынша қазақ және ағылшын тілдерінде балаларды әдеби шығармаларымен таныстырудың сабақтасқан сабақ түрі өткізілді. «Таным» білімділік саласы бойынша тәрбиешілермен бірлесіп ортаңғы топта «Әдемі күз», ересек тобында «Жәндіктер әлемі» жобалары аясында қоршаған ортаны тану сабағымен сабақтасқан сабақ түрін өткіздік. «Қатынас» және «Шығармашылық» салалары бойынша бейнелеу өнері оқытушысымен бірлесіп «Жәндіктер әлемі» жобасы аясында бейнелеу және мүсіндеуден қазақ және ағылшын тілдерінде сабақтасқан сабақтар өткіздік. Үштілділік жобасының соңғы қорытындысы болып үш тілде дайындалған «Аралар –адал достар» қойылымы болды.

Қазақ және ағылшын тілдерін оқыту процесіне жобалық жұмыс қызметін енгізу әр балада қарым-қатынас құзыреттілігінің өсу деңгейін аңғартты. Балалар мен ата-аналарда қазақ және ағылшын тілдерін меңгеру қызығушылықтары артты. Жобалау әдісінің іс-әрекеттің әр түрімен сабақтасуы оқу процесін қызықты, еліктіргіш, тиімді болуына әсерін тигізді.  Жобалық жұмысының дұрыс ұйымдастырудың арқасында түрлі қабілеті бар балалардың табысы байқала басталды. Жобалық жұмысты тапсырма ретінде емес, біріккен қызықты іс-әрекет ретінде қабылдап, балалар еш қиындықсыз  керекті лексикалық және граматикалық материалдарды қайталады.

Осыған орай жобалау қызметі жыл бойы ұйымдастырылған қызықты, жемісті жұмыстың ауқымын ашып, педагогтың, баланың және ата-ананың қарым-қатынасына негізделген, педагогикалық процесті ұйымдастырудың тәсілі  болып табылды.

  1. Жыл сайын театрлендірілген фестивальдің аясында көрермендерге үш тілде ертегі қойылымын ұсынамыз. Жобалау қызметі арқылы қойылымға дайындық және көрсетілім өте қызықты болады.
  2. Жобаның өзектілігі мектепке дейінгі мекеме жағдайында жобаны жүзеге асыруда әр бала өздігінен белсенді қызметке түсуге ат салысады, ал үлкендер олардан түрлі жағымды шығармашылық қорытынды күтеді.

 

  1. Жобаға қатысушылар: ересек топ балалары (5-6 лет), олардың атаналары, топ тәрбиешілері, музыка жетекшісі, хореограф, қазақ және ағылшын тілдері оқытушылары.
  2. Жоба түрі: шығармашылық, орта деңгейлі, топтық.
  3. Жоба мақсаты: .Музыка, театрлендірілген қызмет арқылы балалардың тілдерін қазақша және ағылшын тілдерінде дамыту: қазақ және ағылшын тілдеріне қызығушылықтарын арттыру, сол тілде сөйлеуге ынталандыру, ән айту және қатынасу.
  4. Алдын ала жұмыстар: «Аралар- адал достар» ертегісімен орыс тілінде таныстыру. Ертегідегі жәндіктер мен жануарлардың іс-әрекетін еліктеу этюды мен жаттығулары. Жаңа кейіпкерлерді енгізуде ертегіне шығармашылықпен жеткізу. Ертегіні қазақша және ағылшын тілдеріне аудару. Әр топта кейіпкерлері үшін үш тілде тақпақ, ән таңдау.
  5. Құралдар: кейіпкерлер костюмы (аралар, құмырсқалар т.с.с); макеттер: ара ұясы, шегіртке, ағаштар, гүлдер; әуендердің аудиосы.

Жоба қорытындысы: «Аралар адал достар» қойылымының үштілде көрсетілімі.

 

 

 

Демидова Светлана Викторовна
 ағылшын тілі пәнінің оқытушысы
Жунусбекова Анар Жанибековна
қазақ тілі пәнінің оқытушысы
Шығыс Қазақстан облысы, Өскемен қаласы
Баланы дамыту орталығы

 

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.