Home » Балабақша » Мектепке дейінгі жастағы баланы рухани — адамгершілікке тәрбиелеуде отбасы мен балабақшаның ынтымақтастығы

Мектепке дейінгі жастағы баланы рухани — адамгершілікке тәрбиелеуде отбасы мен балабақшаның ынтымақтастығы

 

 

 

Рухани-адамгершілік тәрбие – бұл үздіксіз жүретін үрдіс, рухани – адамгершілік тәрбиені баланың алғашқы қадам жасаған сәтінен бастау қажет, себебі мектепке дейінгі кезең баланың ізгілік, мейірімділік, қайырымдылық, яғни адамгершілік құнды қасиеттерді бойына сіңіретін ерекше кезең болып саналады. Халықта «Ағаш түзу өсу үшін оған көшет кезінде көмектесуге болады, ал үлкен ағаш болғанда оны түзете алмайсың» деп бекер айтылмаған. Сондықтан баланың бойына жастайынан ізгілік, мейірімділік,  қайырымдылық, шыдамдылық, аяушылық, дұрыс мінез-құлық сияқты адамгершілік құнды қасиеттерді сіңіру, өз-өзіне деген сенімділікке тәрбиелеу мектепке дейінгі мекеменің қабырғасынан қалыптасады.

Рухани-адамгершілік бағдарламасын балабақшаның білім беру үрдісінде табысты іске асыру мақсатында біртұтас рухани-адамгершілік білім беру ортасын: отбасы және мектепке дейінгі мекеме құру қажет.

Жас ұрпақтың бойына адамгершілік қасиеттерді сіңіру — ата-аналар мен мектепке дейінгі мекеменің басты міндеті. Демек, бала бойына жан –жақты терең білім беріп, оның жүрегіне адамгершіліктің асыл қасиеттерін үздіксіз ұялата білсек, ертеңгі азамат жеке тұлғаның өзіндік көзқарасының қалыптасуына, айналасымен санасуына ықпал етері сөзсіз.

Біздің қызметтестігіміз «Біз бәріміз, бір-біріміз үшін қажетпіз!» ұраны арқылы іске асуда.Рухани-адамгершілік бағдарламасын балабақшаның білім беру үрдісінде қолдану мақсатында балабақша мен ата-аналардың қарым – қатынасы іске асырылады: :
-Ата-аналар жиналысы (рухани-адамгершілік тақырыптарға), слайдтар
-театрлық қойылымдар
-ата-аналар лекторийі
-ата-аналарға арналған «Жүректер үндестігі» клубы
-ата-аналар конференциялары
— қайырымдылық акциялары – балалар үйіне бару, еңбек және соғыс ардагерлерімен кездесу, музыкалық мектеп және мектептің балаларымен кездесулер
-Ата-аналар мен балалардың біріккен нәтижелі іс-әрекеттері
— көрмелер, тақырыптар мен слайдтар
-фотокөрмелер
-тәрбиешілерге арналған оқулар «Сүйіспеншілік сабақтары», ата-аналарға, балаларға, немерелерге арналған хаттарын оқу,
-анкеталау
-мерекелік және спорттық іс-шараларды өткізу
-консультациялар
Ата-аналармен жүргізілетін жұмыстың ең маңызды түріне ата-аналар жиналысын жатқызамыз. Дәстүр бойынша әр жаңа оқу жылының басында, балабақшаның әр тобында ата-аналарға арналған жиналыстар өткізіліп, рухани- адамгершілік тәрбиеге арналған біріккен ата-аналар лекторийі өткізіледі. Жиналыстар қандай тақырыпқа арналса да, оның басты мақсаты болып, рухани – адамгершілік тәрбиені отбасымен қатар балабақшаның күнделікті өмірінде жүйелі түрде қолдана білу болып табылады.
Баланы рухани-адамгершілікке тәрбиелеуді іске асыру мақсатында педагогтар жүйелі түрде «Жағымды тәрбиенің әдістері», «Қайырымды істер», «Үлкендер және достарыңмен қарым- қатынас  мәдениеті» «Ұл мен қызды тәрбиелеуде әкенің атқаратын рөлі», «Ана- қыз бала үшін үлгі» т.б тақырыптарда кеңестер беріп отырылады.
«Үш жүрек» бірлігі тақырыбындағы ата-аналарға арналған конференцияны өткізу игі дәстүрге айналды.
Мерекелік, спорттық іс – шаралар мен байқауларды өткізу, сонымен қатар біріккен нәтижелі іс-әрекет ата-аналар мен балалардың бір –біріне деген  қарым-қатынасының нығаюына себеп болады.
Осы мақсатта төмендегі іс-шаралар өткізілуде:
Әкем, анам және мен (спорттық сайыс)
Театрландырылған қойылымдар: «Алтын күз» , «Қайырымды істер» , «Бақыт дегеніміз не?» т.б
Тілдер апталығы
— Наурыз мейрамы
— Мейірімділік күні
Махаббат пен шығармашылық» тақырыбындағы байқаулар
— «Әжемнің мейірімді қолдары», «Мейірімділік біздің қолымызда»
 -Қолөнер көрмесі «Күз сыйы», «Біздің отбасының жаңа жылдық ойыншығы»
Фотокөрмелер «Менің сүйікті отбасым», «Отбасындағы туған күн», «Біздің дәстүрлер», «Балаларды алақанымызда аялайық»
— Жекелей қалташалар, қалташаларға тәрбиешілер аптасына екі рет ата-аналарға арнап баласының соңғы жетістіктері туралы, оның табысы және ата-аналарға арнап жазылған ақыл-кеңестер жазылған хаттарды салып қояды.
— Ата-аналардың балаларына арналған хаттары, қайырымдылық пен сүйіспеншілік тілеген жылы сөздері
— балалардың портфолиосы
 Ата-аналарды рухани-адамгершілік тәрбиемен таныстырудың тағы бір формасы — көркем құралдар: (қабырға газеті, стендттер, қозғалмалы папкалар мен жағымды отбасының тәрбиені насихаттау т.б.) балалардың жалпы адамгершілік қасиеттерін дамытуға зор үлесін қосады.
 Ата-аналармен қырым-қатынастың тиімді жолы, үлкендер мен балалардың ынтымақтастығын рухани-адамгершілік тәрбие арқылы іске асыру әрекеті. Осы бағытта «Отбасым – берік қорғаным», «Отбасының қоғамдағы орны», «Менің отбасымның дәстүрлері мен салттары», «Өзге ұлт өкілдерінің ұлттық ойындары», «Денсаулық отбасынан басталады», «Менің отбасымның батырлары» тақырыбында біріккен жоба жұмыстары жасалды. Өз отбасының тарихына үңілу, Отанының мақтаныштары туралы білу балада жағымды эмоцияның, аяушылық, жанашырлық сияқты сезімдердің тууына ықпал етті. Педагогикалық жұмыс керемет қорытындыға ие болды: оған тек ата-аналар ғана емес, аталар мен апалар да қатысты.
Балабақшаның пилоттық жұмысының алғашқы кезеңінде өткізілген анкеталау, ата-аналармен жүргізілген әңгімелесулер, ата-аналардың кейбір бөлігінің баланың мектепке дейінгі кезеңде әлеуметтік нормалар мен моральдық талаптарды меңгеретінін, дәл осы жаста қайырымдылық пен зұлымдықтың  мағынасы туралы бала ұғымының қалыптасатыны, адамгершілік көрініс, адамгершілік тәртіп пен қарым-қатынас нормалары  баланың осы жасында қалыптасатыны туралы білмейтіндерін көрсетті.
Сондықтан да біз өз жұмысымызда рухани- адамгершілік білім берудің – жас ұрпақтың бойына өмірдің мәні, сүйіспеншілік, бақыт, сыйластық, татулық, бірлік, төзімділік сынды құндылықтарды дарыту арқылы баланың қоғамда өз орнын табуына, қабілет-дарынының ашыла түсуіне, ақыл-парасатын дамытуына, мәнді өмір сүруіне қызмет ететінін ата-аналармен біріккен жұмыс барысында көрсетіледі.
Бала түсінігінде отбасы орталық рөлді ойнайды. Балаға отбасының берерін ешкім де, ешқашанда толық көлемде бере алмайды.
Біздің міндетіміз – ата-аналарға ең бастысы, отбасында рухани және адамгершілік дәстүрлер мен құндылықтардың сақталуы қажет екенін түсіндіруіміз қажет. Рухани-адамгершілікің тәрбиені ата-бабаларымыз мирас етіп қалдырған, баланы рухани-адамгершілік тәрбиелеуде ата-ана жауапты болып табылады және отбасы бала үшін тәрбиенің негізі қалыптасатын рухани әлем, сонымен қатар баланың адамдарға, табиғатқа деген қарым-қатынасы отбасында қалыптасады. Сондықтан да ата-анармен жұмысқа көп қөңіл бөлеміз, отбасын нығайту үшін балалардың рухани-адамгершілік тәрбиесіне көбірек назар аударамыз. Осыған орай біздің мектепке дейінгі мекемемізде ата-анамен қарым-қатынас кеңес берудің дәстүрлі формалары арқылы іске асырылады, сонымен қатар кызметтестіктің жаңа, белсенді түрлері арқылы орындалады.

Рахимжанова Ляйла Муратпековна,

                         Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің

                                                       №87 «Қадыр» балабақшасының меңгерушісі

 

 

 

 

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.