Home » Оқу-әдістемелік материалдар » Мектепке дейінгі жастағы балалардың тілін дамытудағы логоырғақ жаттығуларының маңызы

Мектепке дейінгі жастағы балалардың тілін дамытудағы логоырғақ жаттығуларының маңызы

       Ақтөбе қаласы Абай даңғылы бойында орналасқан №10 «Алма» мектепке дейінгі арнаулы ұйымы – біздің қаламыздағы «тіл мүкістігін түзетуге арналған» мекеме. Сол себептен де балабақшамыздың басты бағыты — тіл бұзылыстарын түзету болып табылады. Біз кешенді жұмыс түрлері барысында түзетудің кезеңдерінің бірізділігін сақтай отырып, логоырғақ пен саусақ моторикасын жетілдіруге басты назар аударамыз. Осы орайда, балалардың сөйлеу тілін жетілдіруде логоырғақ ойын жаттығуларының маңызы зор екендігін ескере отырып, «Тіл көркі – сөз» адаптивтік бағдарламасы құрастырылып, ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті кезінде жүзеге асырылуда.

Бағдарламаның мақсаты – Тіл мүкістігі бар балаларды әлеуметтік ортаға сай бейімдеу, балалардың ойлау әрекетінің дамуын тереңдетіп, қиялын шыңдау.

Бағдарламаның міндеттері:

  1. Балалардың тілін ұстарта отырып, сөз ішіндегі кейбір жеке дыбыстар мен сөздерді дұрыс айтуға машықтандыру, олардың көңіл-күйін шаттыққа бөлеу.
  2. Әуен ырғағына сай және қимыл мен сөзді байланыстыратын жаттамақтар, шумақтар мағынасын сөзбен және қимыл әрекеттерімен байланыстыра білу.

Логоырғақ ойын жаттығулары ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің лексикалық тақырыптарға байланысты арнаулы балабақшаларға арналған типтік бағдарлама талаптарына сүйене отырып құрылған. «Қатынас» білім саласына жалпы бөлінген вариативтік қосымша сағаттардан 1 сағат мектепалды даярлық тобының балаларына арналған адаптивтік бағдарлама құрастырылған. Ұйымдастырылған логоырғақ жаттығуларын логопед немесе тәрбиеші өткізеді.

Логоырғақ ойын жаттығуларын айына 4 рет өткізу ұсынылады.

Жалпы сағат саны – 36 сағат

Өту ұзақтығы – 25-30 минут

Логоырғақ ойын жаттығулары бірізді, қолайлы және қызықты формада дайындалған. Осы кезеңде басқа да ұйымдастырылған оқу іс-әрекеттерімен байланысты жүргізіледі.

Ғалымдардың дәлелдеуі бойынша, баланың сөйлеу тілі саусақ қимылының, қимыл мен сөз байланысының жетілуімен дамиды. Әрине, үздіксіз түзету жұмыстары жүргізілгенмен, логоырғақ жаттығуларының негізінде ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің маңызы зор деп есептеймін. Себебі, біздің балабақшаға келген балалардың жалпы және ұсақ саусақ моторикасы, қимыл координациясын жетілдірмей, сөйлеу тілін дамыта алмаймыз.

         Логоырғақ жаттығуларын өткізудің негізгі принципі – тілдің, музыка мен қимылдың өзара байланысы. Логоырғақ жаттығулары негізінде ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің негізгі жетекшісі де, ұйымдастырушысы да музыка болып табылады. Сонымен қатар, қимыл мен сөзді байланыстыру арқылы балалардың сөйлеу тілін дамыту.

Логоырғақ жаттығулары негізінде ұйымдастырылған оқу іс-әрекетін музыка сүйемелінсіз де, жай таңдалған әуен ырғағына сай және қимыл мен сөзді байланыстыратын жаттамақтар, шумақтар мағынасына сай сөздерді қимыл әрекеттерімен байланыстыруға болады.

Логоырғақ жаттығуларының мақсаты – қимыл мен сөзді байланысы арқылы балалардың сөйлеу тілін дамыту. Логоырғақ жаттығулары негізінде ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті ойын, ертегі немесе шағын қойылым ретінде құрылды, бұл балалардың және үлкендердің бірлескен шығармашылығының мейірімді, эмоциональды-көркем атмосферасын қалыптастырады, әр баланың оқу іс-әрекетінің белсенділігін арттырады, танымын, зейінін, қызығушылығын, тілін белсенділендіреді. Осылайша, аталған жұмыстар жүйесі тілдік дағдылар белсенділігін арттырады. Сонымен қатар, психологиялық ырғақпен дене қимылы жаттығуларын қарастырады. Жалпы сөйлеу тілі бұзылған балалардың саусақ қимылын жетілдіру мен логоырғақты қолданудың сәтті үйлесімділігі тіл дағдыларының дамуына оң нәтиже береді. Балабақшамыздан осындай нәтижелерімен түлеп отырған бүлдіршіндеріміз өз білімдерін жалпы білім беретін мектептерде шыңдап, талай үздік атанып жүргендері де аз емес.

 

Пайдаланылған әдебиеттер:

  1. Система коррекционной работы в логопедической группе для детей с ОНР.СПб.,2001
  2. Конспекты логоритмических занятий с детьми 5 – 6 лет. М.Ю. Картушина. М., 2005
  3. Уроки логопеда: Игры для развития речи. Е.М. Косинова     М., 2011
  4. Музыкально-двигательные упражнения в детском саду. Е.П. Раевская, С.Д. Руднева,      Г.Н. Соболева, М., 1991
  5. Қазақ балалар әдебиетінің кітапханасы. М. Жаманбалинов, Ә. Дүйсенбиев. Алматы, 1992
  6. Мектеп жасына дейінгі балалар тілін дамыту методикасы. Л. П. Федоренко,                    Г.А. Фомичева, В.К. Лотарев А., 1981
  7. Развивющие лексико – грамматические занятия. В. М. Акименко Ростов н / Д 2010
  8. Логопедия практическое пособие. В. И. Руденко. Ростов н \ Д 2009

                                      Балмагамбетова Гульшат Камаловна,

№10 «Алма» сөздері бұзылған балалар үшін

арнаулы (коррекциялық)

мектепке дейінгі ұйымының

жоғары деңгейдегі II санатты логопеді,

Ақтөбе қаласы

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.