Home » Жаңалықтар » Мектепке дейінгі білім беру жүйесінде мектепке дейінгі ұйымдар ұлғайды

Мектепке дейінгі білім беру жүйесінде мектепке дейінгі ұйымдар ұлғайды

Мектепке дейінгі білім беру жүйесінде мектепке дейінгі ұйымдар желісін кеңейту есебінен, оның ішінде жеке меншік балабақшалардың өсуі есебінен қамту ұлғайды. Қазақстан Республикасында білім беруді және ғылымды дамытудың 2016-2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын (бұдан әрі – БҒДМБ) іске асыру кезінде елдегі мектепке дейінгі ұйымдар желісі балабақшалар салу, жеке балабақшалар, шағын орталықтар ашу және басқа да енгізу тәсілдері есебінен 1839 бірлікке ұлғайды. Сәйкесінше, 3 жастан 6 жасқа дейінгі балаларды мектепке дейінгі тәрбиемен және оқытумен қамту 13,6% артты. Бұл туралы Білім және ғылым министрі А. Аймағамбетов Үкімет сағаты барысында мәлімдеді.

Мектепке дейінгі білім беру – оқыту мен өздігінен білім алудың ұзын сатысындағы алғашқы кезең. Бала өміріндегі бұл кезеңді бағаламай қалмауымыз керек екенін бәріміз түсінеміз. Өйткені, 6-7 жасқа қарай оның білімі мен дағдыларының қалыптасуы баланың мектепте одан әрі қалай оқитындығына байланысты.

Барлығы 10 673 мектепке дейінгі ұйым жұмыс істейді, оның ішінде балабақшалар — 6 470 бірлік, шағын орталықтар — 4 203 бірлік. Контингент 775 164 адамды құрайды (2015 ж. – 758 772 адам).

2017 жылы жеке тұлғалардың балабақшаларды ашу рәсімдерін жеңілдету және олардың одан әрі жұмыс істеуі үшін жаңа санитарлық нормалар мен ережелер қабылданды (ҚР ДСМ 2017 жылғы 17 тамыздағы № 615 бұйрығы).

Мектепке дейінгі ұйымдарға орындардың әділ бөлінуін және айқындылығын қамтамасыз ету үшін білім беру органдарының осы процедураға қатысуынсыз балабақшаларға жолдама беру автоматтандырылды. Балаларды мектепке дейінгі ұйымдарға автоматты түрде бөлу жүйесі қалаларда, аудан орталықтарында енгізілді. Ерекше білім беру қажеттілігі бар балаларға үлкен көңіл бөлінеді. 2018 жылы мектепке дейінгі ұйымдардың 20,1% — ында (1232 ұйым) инклюзивті білім беру үшін жағдай жасалған, бұл 2015 жылға қарағанда 11% — ға жоғары (9,1%).

Сондай-ақ, Білім және ғылым министрі А. Аймағамбетов ҚНжЕ мен СанПИН қайта қаралғанын, РБ-дан мемлекеттік тапсырыс ұлғайтылғандығын және жан басына шаққандағы қаржыландыру әдістемесі қайта қаралғандығын айтты.

— Мектепке дейінгі ұйымдарда орын беру тәртібін реттеу бойынша бірқатар шара қабылданды. Енді ата-аналар (7/24) өз баласының кезегін кез келген уақытта, онлайн режимінде көре алады. Босаған кезде орындар автоматты түрде бөлінеді, ата-аналарға балабақшаны өздігінше таңдау мүмкіндігі берілді, сыбайлас жемқорлық тәуекелдері азайтылды, — деді А. Аймағамбетов. Сонымен қатар, Министр ерекше білім беру қажеттілігі бар балалар жеңілдік берілетін санатқа енгізілгенін атап өтті.

 

 

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.