Home » Оқу-әдістемелік материалдар » МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ БІЛІМ БЕРУ ЖҮЙЕСІНДЕ ИННОВАЦИЯЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ ЕНГІЗУГЕ ӘДІСКЕРЛЕРДІҢ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ-ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ДАЙЫНДЫҒЫ

МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ БІЛІМ БЕРУ ЖҮЙЕСІНДЕ ИННОВАЦИЯЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ ЕНГІЗУГЕ ӘДІСКЕРЛЕРДІҢ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ-ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ДАЙЫНДЫҒЫ

Әлім Гүлмира Әлімқызы
«Өрлеу» БАҰО АҚ филиалы
Атырау облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің
біліктілігін арттыру институтының
«Тұлғаны тәрбиелеу және әлеуметтендіру»
кафедрасының 
аға оқытушысы

 

Мектепке дейінгі ұйымдардағы педагогикалық үдерістердің инновациялығы – мектеп жасына дейінгі балалардың жан-жақты дамуына ықпал ететін жаңа технологияларды мақсатты ендіруінде болып табылады. Әр тәрбиеші өз іс-әрекетінде қажетті өзгерістерді, әр түрлі тәжірибелер жөніндегі  мағлұматтарды,  жаңа әдіс-тәсілдерді дер кезінде қабылдап, дұрыс пайдалана білуі керек.

Еліміздің экономикалық, саяси-мәдени дамуына үлес қосатын, әлеуметтік өркениетке көтерілетін, парасатты, жан-жақты азаматты тәрбиелеу – ұстаздар қауымының бүгінгі таңдағы мерейлі міндеті. Ғылым мен техниканың жедел дамыған, ақпараттық мәліметтер ағыны күшейген заманда ақыл-ой мүмкіндігін қалыптастырып, адамның қабілетін, талантын дамыту білім беру мекемелерінің басты міндеті болып отыр. Ол бүгінгі білім беру кеңістігіндегі ауадай қажет жаңару тәрбиешінің қажымас ізденімпаздығы  мен шығармашылық  жемісімен келмек. Сондықтан да әрбір баланың қабілетіне қарай білім беруді, оны дербестікке, ізденімпаздыққа, шығармашылыққа тәрбиелеуді жүзеге асыратын жаңартылған педагогикалық технологияны меңгеруге үлкен бетбұрыс жасалуы қажет. Өйткені, «Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту» стандарты деңгейінде оқу үрдісін ұйымдастыру жаңа педагогикалық технологияны енгізуді міндеттейді.

Қазіргі таңда мектепке дейінгі ұйымдарда инновациялық технологияны ендіруге көптеп күш жұмсалады. Сол себепті, мектепке дейінгі ұйымдарда педагогтардың негізгі міндеті: әдіс тәсілдерді дұрыс таңдау, жаңаша педагогикалық технологияларды дұрыс қолдана білу, жеке тұлғаның дұрыс дамып қалыптасуы үшін ыңғайлы жағдай жасау.

Балабақша өміріне еніп отырған жаңа технологиялардың ерекшелігі –өсіп келе жатқан жеке тұлғаны жан-жақты дамыту. Бұрын бала тек қана тыңдаушы, орындаушы болып келсе, ал қазіргі бала өздігінен ізденетін, ойлайтын жеке тұлға. Яғни, бұрынғы кезде тәрбиеші мен бала қарым-қатынасы «субъект-объект» бағытында болса, қазіргі кезде бала тұлғасын дамыту қарым-қатынасында «субъект-субъект», «тұлға-тұлға» бағытын ұстану керек. Өйткені, қазіргі бала бойында төмендегідей қасиеттерді қалыптастыруымыз қажет.

Қазіргі бала:  Дүниетанымдық қабілеті жоғары, дарынды, өнертапқыш, ізденімпаз, талапты, өз алдына мақсат қоя білетін болуы тиіс.

Оқыту жүйесінің қандай түрі болмасын, олар белгілі бір әдістемеге негізделеді. Әдістеме жан-жақты және өз орнында дұрыс қолданылса, өтілетін әрбір тақырыптың мазмұны да ойдағыдай ашылып, балалардың меңгеруіне  жеңіл тиеді. Әдетте, әдістеме өз-өздігінен келе қоймайды. Ол көп жылдар бойғы ұстаз қызметінің іс-тәжірибесімен, күнделікті сабақ беру процесімен тығыз байланысып жатады. Осылардың негізінде әр тәрбиешінің бойында, ойында әдістеменің озық үлгілері жинақталады. Жаңашыл –педагогтардың тәжірибелерін пайдалануға ыңғайлы, былайша айтқанда барша үшін қоғамдық маңызы мен мәні зор педагогикалық идеялар игеруге болатын нақтылы амалдар, әдістер, тәсілдер арқылы жүзеге асуда. Белгілі ғалым А.Маслоу тұлғаның:

– қиындыққа дайын болуы;

– қарым-қатынас;

– таным, сыйластық;

– қауіпсіздік;

– шығармашылық;

– өзін-өзі бекіту; т.б. қажеттілігі жүзеге асса, тұлғаның танымдық құрылымының дамитынын, қызығушылығының қалыптасатындығын ескертеді. Егер осы қажеттілік қанағаттандырылса, тұлғаның қызығушылығы оянып, белсенділігі артатыны белгілі.

Ал жүйелі білім беру мен баланы жан-жақты дамытуда инновациялық технологиялардың бүгінгі таңдағы өте жоғары.

Инновациялық педагогикалық қызметке дайындық құрылымы өзара шартталған және өзара байланысты, уәждік компоненттер жиынтығы ретінде қаралады. Бұның өзі педагогтың инновациялық технологиялар мен педагогикалық білім берудегі өзекті мәселелерді шешудегі олардың рөліне саналы қатынасын білдіреді.

Өйткені,  педагог инновациялық қызметке дайындығын қалай уәждесе, инновациялық үдеріске қатысу сипаты, балаларды оқыту мен тәрбиелеу нәтижелері соған байланысты болады. Педагогикалық инновациялық қызметке жағымды уәждігін жаңаны жасау және қабылдау, педагогикалық шеберлікті арттыру, кәсіби қиныдықтарды жеңу секілді жеке және кәсіби қажеттіліктерді қанағаттандыруды қалыптастырады. Құрылымы педагогтың тұлғалық құрылымына сай келетін қызметті саналы меңгеру іскерлігінде мынадай кәсіби іскерліктер белгіленеді:

— диагностикалық (өздігінен білім алу, толықтыру, кенейту, өз тұлғасы мен бала тұлғасын зерттеу)

— жобалық (оқу үрдісін оқыту мақсатына, психологиялық заңдылықтарына, әдіс пен амалға сай жоспарлау)

— коммуникативті (педагогикалық үрдіске қатынасушылардың тұлғааралық өзара қатынасын қалыптастырудың түрлі тетіктерін пайдалану іскерлігі, актерлік шеберлік техникасын қолдану).

Инновациялық педагогикалық қызметке дайындықтың шығармашылық компоненті. Ол педагогикалық міндеттерді соны шешу арқылы, суырып салмалық, тосын түрде жүзеге асырылады. Шығармашылық қасиеттер, жаңаны жасау қабілеті, оқу-тәрбие үрдісін ұйымдастырудың дәстүрлі емес амалы, кез келген кәсіби мәселелерді шығармашылықпен шешу.

Осыған орай, балалардың шығармашылығын қалыптастыру педагогтың келесі кәсіби іскерліктеріне байланысты:

— шығармашылық ойлау құндылығын мойындау;

— балалардың қоршаған орта ықпалына сезімталдығын дамыту;

— шығармашылық үрдістің ерекшелігін жан-жақты ашу іскерлігі;

— құрметтеуді ынталандыру.

Инновациялық педагогикалық қызметке дайындықтың рефлексивті компоненті. Бұл компонент — өзін-өзі тану, басқаны түсіну, өзін бағалау және басқаны бағалау, рефлексивті ойлау өз қызметін ұғыну, сын тұрғысынан талдау болып табылады. Ендеше, белгілі педагогикалық инновацияларды іздеу, меңгеру және қолдану, алынған нәтижелерді талдау және өзінің жұмыс жасау стилін талдау педагогқа жаңа инновациялық білім беру технологияларын жасауға көмектесуі мүмкін.

Курс тыңдаушыларына мектепке дейінгі білім беру жүйесінде инновациялық технологияларды енгізуге әдіскерлердің психологиялық-педагогикалық дайындығын тәжірибелі сабақта арқылы көрсетуге болады:

Тәжірибелік сабақ

Мақсаты: Мектепке дейінгі білім беру жүйесінде инновациялық технологияларды енгізуге әдіскерлердің психологиялық-педагогикалық дайындығын жетілдіру.

Талқыланатын сұрақтар:

  1. Инновациялық педагогикалық қызметке не үшін қажет?
  2. Бала тұлғасын дамытуды жекелендіруге бағытталған технологияларды атаныз?
  3. Мектепке дейінгі жастағы баланы когнитивті дамытуға және оның әдіснамалық құндылықтарын дамытуға бағытталған технологияларды атаңыз?

І тапсырма. Топтық  жұмыс:

Педагогтардың жаңаны қабылдаудағы психологиялық дайындығы

«Жеке бейнелеу»

Мақсаты: топқа қатысушылардың шығармашылық бастамасын ояту, оларға өз эмоциясын түсінуге көмектесу.

Тыңдаушылар шағын топ ішінде берілген тапсырмаларды қалай орындалатындығы туралы өз  ойларымен бөліседі. «Мен осы мәселені қалайша түсінемін?», «Ол бойынша ұстанымдарым қандай?» деген сынды сұрақтар төңірегінде бір-бірімен ой бөліседі.

 Педагог балаларға дайын білім бермеуі керек, олардың алдында ақиқатты ашпауы тиіс, ол ақиқатты өзі табуы қажет. Егер балалар сұрақ қоятын болса, сол уақытта дереу жауап бермеуі керек. Керісінше, ол өзі не ойлайтындығын сұрауы қажет. Оны талқылауға шақыру керек. Жетелеуші сұрақтармен баланың жауапты өзі тапты деуге алып келуі керек. Егер бала сұрақ қоймаған жағдайда, педагог қайшылықтарды атап көрсетуі тиіс. Баланы жауапты табу жағдайына, яғни құбылыс немесе заттың тануы және қайта түрленуінің тарихи жолын қайталауы керек жағдайға қояды. Сонымен, сабақ ақиқатты және мәнін іздеу ретінде өтеді. Баланы ағашты зат ретінде көп түрлі қолдану мәселесіне алып келеді және ыдыс-аяқ, жиһаз жасау кезінде ағаштың алмастырушылары бар екендігін түсіндіреді.

Тапсырмалар бойынша тыңдаушының сабақтағы жұмысын бақылау парағы

Тыңдаушының аты-жөніБақылау уақытыӨзіндік пікірлер келтіруіСұрақтар қоюыСұрақтарға жауап беруіТоп жұмысына араласуы

 Пайдаланылған әдебиеттер:

  1. Жанпейісова М.М. Модульдік оқыту технологиясы. – Алматы, 2002.
  2. 2. Бұзаубақова К.Ж. Жаңа педагогикалық технология. – Тараз, 2003.
  3. Назарбаев Н.Ә. «Қазақстан — 2030» Ел президентінің Қазақстан халқына жолдауы. – Алматы: Рауан, 1998.
  4. 4. Жұмабаев М. Педагогика. –Алматы: Рауан, 1992.
  5. Сарбасова Қ. Инновациялық педагогикалық технологиялар. – Алматы: Атлас баспасы, 2006.
  6. Бұзаубақова К.Ж. Мұғалімнің инновациялық даярлығын қалыптастыру. – Алматы: Жазушы, 2006.
  7. Әлімов А. Интербелсенді әдістемені ЖОО қолдану мәселелері. Оқу құралы. 2013ж

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.