«Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Қостанай облысы бойынша ПҚ БАИ» мектепке дейінгі, бастауыш оқыту және тұлғаны тәрбиелеу кафедрасының күні өтті.
Кафедра күні аясында бастауыш сынып мұғалімдерінің және мектепке дейінгі мекемелердің қатысуымен 5 ашық сабақ өткізілді. Оқытушылар сабақта курс бағдарламасының мазмұнын терең білуді, оқытудың белсенді әдістерін меңгеруді, коллаборативті орта құру дағдыларын, белсенді тәсілдерді қолдануды және сабақта оқу ресурстарын тиімді қолдана білуді көрсетті. Тыңдаушылар оқу тапсырмаларын орындау кезінде шығармашылық көрсете отырып, жұмысқа белсенді қатысты, жұптық және топтық жұмыста тиімді өзара іс-қимыл жасады, мақсатқа жету, жоспарлау, талдау, рефлексия және өзін-өзі бағалау туралы білімдерін көрсетті. Мектепке дейінгі ұйымдардың педагогтарына «Жоғалған кітапты іздеу» квест өткізілді.
Күннің екінші жартысы қанық болды. Мектепке дейінгі, бастауыш оқыту және тұлғаны тәрбиелеу кафедрасының оқытушылары «Жаңартылған оқу бағдарламаларын енгізу аясында саралап оқыту»тақырыбында фасилитациялық сессия өткізді. Оның мақсаты — оқыту ортасын құру, саралау әдістерін меңгеру, жоғары деңгейдегі когнитивті дағдыларды және кретивтілікті ынталандыру. Педагогтердің алдына қойған міндеті-педагогтардың қабілеті мен бейімділігін дамыту үшін білім беру процесіне барынша қолайлы жағдай жасау, білім беру мазмұнын табысты меңгеру.
Бүгін, мұғалім оқушы үшін ақпараттың жалғыз көзі болудан қалды, сондықтан қазіргі оқытуда жаңа құралдар мен тәсілдер, ойлау, түсіну, талдау жасау дағдылары қажет.
Осы іс-шараның жұмысында бейім жасалған білім берудің жаңартылған мазмұны бойынша курстар бұған ықпал етеді.
Қостанай филиалында кафедра күні мазмұнды және тиімді өтті. Бастауыш және мектепке дейінгі білім беру педагогтары көптеген жаңа білім алды.
Бакуменко С.В.,
«Өрлеу» БАҰО»АҚ филиалы Қостанай облысы бойынша ПҚ БАИ,
қоғаммен және басылым қызметімен
байланыс жөніндегі бөлімнің жетекші маманы