Home » Оқу-әдістемелік материалдар » Мектепке дейінгі балалардың ұсақ моторикасын дамыту

Мектепке дейінгі балалардың ұсақ моторикасын дамыту

Қазіргі кезде «Ұсақ моторика» деген тіркесті жиі естиміз. Ұсақ моторика дегеніміз не? Физиологиялық тұрғыдан айтқанда, ол — қолдың ұсақ бұлшықеттерінің қозғалысы. Сонымен қатар, «қол мен көздің» тепе-теңдігін де ұмытпауымыз керек, себебі қолдың ұсақ қозғалысы көздің бақылауымен жүзеге асады. Бала қозғалысы қоршаған ортадағы заттарды танып білу барысында қалыптасады. Ересек адам нақты бір әрекет жасағанда біздің білегіміз әртүрлі бағытта қозғалу арқылы қол қимылын жеңілдетеді. Ал балаға білегін айналдыру әлі де қиынға соғады. Сондықтан қозғалыс жасау кезінде оның қолының иықтан төмен барлық жері қозғалады. Яғни қарапайым қозғалыстың өзі баланың көп энергиясын кетіреді.

Неліктен баланың ұсақ моторикасын дамытуымыз керек? Адам миының сөйлеуге және қолдың ұсақ қозғалысына жауап беретін аумағы өте жақын орналасқан. Яғни ұсақ моторикаға стимул жасау арқылы біз сөйлеу әрекетінің белсенділігін арттырамыз. Ұсақ моторика баланың өсе келе киініп шешуіне, сурет салуына, жазуына көмектеседі.

Мақсаты: Ойын арқылы балалардың Ұсақ моторикасын дамыту.

Жүру барысы:

  1. Шаттық шеңбері,

Күлім қағып қолымды.

1, 2, 3 деп соғайық,

Қарап тұрған көршіме.

Қолымды мен былғайын,

Жылы-жылы жүзбенен.

Жүрегімді сыйлайын,

Ыстық алақаныммен.

Қолыңды бер, қысайын,

Амандасып өзіңмен.

Құшақтап бір алайын.

  1. «Не жетіспейді?»

Мақсаты: Балалардың зейінін қою, есте сақтау қабілеттерін дамыту.

Ойын шарты: Алдына суреттер қойылады, суретке не жетіспейтінін айтып, себеттен суретті алып қысқышпен толықтырады. (Күн, кірпі, сәбіз).

  1. Баулармен, кнопкалармен, ілгектермен, қапсырма (молния), жабысқыштармен (липучка) жұмыстанып үйренеді.

Мақсаты: Балалардың ұсақ моторикасын дамыту.

Шарты: Суретте көрсетілген аяқ киімнің бауын байлап көрсетеді, пирамиданың түстерін, үлкен кішісін ажыратып орын-орнына қояды.

Кірпіге саңырауқұлақ жинап ілгекпен және липучкамен орналастырады.

4. Жаттығу массаж.

Мақсаты: Балаларды рефлексивтік жағдайын жақсарту.

Массажды шарикті пайдаланып қолымызға массаж жасаймыз.

  1. Бас бармаққа
  2. Балаң үйрекке
  3. Ортаң терекке
  4. Шылдыр шүмекке
  5. Кішкене бөбекке
  6. Қуыр, қуыр, қуырмаш деп алақанға жасаймыз.

5. Сергіту сәті.

Шарты: Балалар, барлығымыз қолдарымызды екі жаққа созамыз. Өзімізді жанадан өсіп келе жатырған гүлдей сезінейік. Гүлдер керемет болып, жайқалып өсіп тұр. (Балалар қолдарын екі жанға қозғалтып тұрады). Кенеттен ауа райы салқындап, гүлдер тона бастайды, (балалар бүрсиіп тонып отыр, қолдарымен денелерін уқалап, тонғандарын көрсетеді). Бір сәтте ауа райы қайтадан жақсара түсіп, гүлдер жайқалып шыға келеді. Біздер жаңадан өсіп келе жатқан гүлдерміз.

6. Құм терапиясы.

Мақсаты: Балалардың ойлау қабілетін, зейінін, қиялын тыныштандыру.

Шарты: Магнитті құмнан неше түрлі фигуралар жасайды.

7. Сергіту сәті (аяқпенен топ, топ, топ)

Қорытынды. Бүгінгі сабақта қол моторикасына байланысты, «Не жетіспейді»,

Бауларды байлап, кнопкаларды, жабысқақтарды (липучка) жапсырып, замоктарды тағып үйренеді, қолға массаж жасап, құм терапиямен жұмыстар орындалды. Жалпы балар қол моторикасына бағытталды. Яғни ұсақ моторикаға стимул жасау арқылы біз сөйлеу әрекетінің белсенділігін арттырамыз. Ұсақ моторика баланың өсе келе киініп шешуіне, сурет салуына, жазуына көмектеседі.

Менешева Камшат Нурболатовна,
№18 «Балдырған» бөбекжайының педагог-психологы,
БҚО, Селекционный кенті, Өскен ауылы

                

 

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.