Home » Балабақша » Мектепке дейінгі балалардың сөйлеуі мен ойлауын дамытатын ойындар

Мектепке дейінгі балалардың сөйлеуі мен ойлауын дамытатын ойындар

Балалық шақ — бала бойына адамгершіліктің негізін қалайтын кез. Сондықтан да бала бойына жас кезінен бастап ізгілік, мейірімділік, шабыттылық сезімдерін қалыптастыру — ата-аналар мен ұстаздардың міндеті. Балалардың жан-жақты дамуы үшін дидактикалық ойынның рөлі ерекше. Ойын баланың ой-өрісін, қиял сезімін дамытып, сөйлеу тілінің жетілуін, еркін пікір алысу, диалог, монолог түрінде өзара сөйлесу машықтарын қалыптастырады.

Логопед балалармен ойынды (заттармен, үстел үсті және сөздік ойын) үш түрлі етіп өткізуіне болады. Заттармен ойналатын ойын ойыншықтарды, табиғи заттарды қолдану арқылы өтіледі.

Сонымен балалардың сөздік қорын дамытуда ойындарды, тапсырма-жаттығуларды қолдану үлкен нәтиже береді. Ойын арқылы балалардың сөздік қорын дамытып, ауызша сөйлеу машығын игереді, таным белсенділіктері қалыптаса түсіп, ақыл-ойы өсіп жетіледі, әрі адамгершілік қасиеттер бойына сіңіреді.

Саусақ ойыны — бұл ұрпақтан ұрпаққа жалғасын тауып келе жатқан әрі үлкен мәні бар ойын түрі. Саусақ ойынын балабақшада және үй жағдайында әсерлі, көңілді түрде ұйымдастыруға болады.

Қорытындылай келе, мектепке дейінгі балаға берген білімнің нәтижесінде олардың болашақта сөздік қорының мол әрі сауатты азамат болуларының негізі осында қаланатынын біз әрдайым ұмытпауымыз қажет.

Эльмира Сейдельдаева

Тараз қаласы,  №10″Наурыз»

балабақшасының логопеді

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.