Республикада оқыту мазмұны жаңарып, жаңа буын оқулықтарының негізінде жасалған бағдарламалар бастауыш мектептің жаңа жүйеге көшуін, әрбір мұғалімнен жаңаша жұмыс істеуін, батыл шығармашылық ізденісін, оқушылардың белсенділігі мен қызығушылығын арттыруды талап етеді. Ұлы педагог К.Д.Ушинский айтқандай оқушыларды сабаққа тарта білу, олардың оқуға қызығушылығын арттырып, білімге құмарту керектігіне баса көңіл бөлді. Оның пайымдауынша, қызығушылық сапалы оқудың негізгі жолы, ешбір қызығусыз тек қана зорлық күшімен жүргізілген оқу оқушы бойындағы білім алуға деген құштарлықты жояды. Неміс педагогы И.Ф.Гербарт өзінің оқыту теориясының негізіне әр саладағы қызығушылықты алған. Адамдағы қызығушылықты қоршаған ортаны танып білуге немесе қоғамдық өмірге араласуға байланысты болады. Сондықтан, мұғалім өз білімін жан – жақты жетілдіре отырып, оқушыны қызықтырып оқыту керек екенін айтады. Біздің бақылауымызда осыны көрсеттік. Жас баланы не нәрсеге болса да білуге құмар, қызыққыш, қолымен ұстап көреді. Оқушының қызығушылығын арттыру жақсы ұйымдастырылған саббаққа байланысты. Сондықтан әрбір сабақты бұрыннан белгілі мәліметтерді қайталай бермей, оқытудың жаңа әдіс – тәсілдерін іздестіру қажет. Қазіргі сабақта сабақтың түрлері сайыс, жарыс сабақ, концерт, аукцион, кіріктіру сабақтары т.б. нәтижесін беріп тұр.
Бастауыш мектептің негізгі міндеті – баланың бастапқы жеке басын қалыптастыруды қамтамасыз ету, оның қабілеттерін анықтау және дамыту. Баланың бастапқы жеке басын қалыптастыру үшін біз ең алдымен балаларды мектепке бейімдеуіміз керек, ол үшін барлық күшімізді салуымыз екрек. Бұл жерде қоршаған ортаға қарым – қатынасы оған бейімделуі басқаша. Адамға тек қана орта ықпал етпейді, сонымен бірге адамның өзі әлеуметтік – психологиялық жағдаяттарды өзгертеді. Бала тек қана класына емес, жалпы мектебіне, мұғаліміне, сондай-ақ мұғалімнің өзі жаңа оқушыларына бейімделуіне тура келеді. Баланың барлығы өмірлік әрекеттің жаңа жағдайына табысты түрде бірдей бейімделмейді. Сонымен бірге баланы мектепке бейімдеуде мектепке дейінгі мекемелердің тәрбиешілері мен мектеп мұғалімдерінің педагогикалық қарым – қатынасымен жұмыс істеу әдістеріне сабақтастық маңызды рол атқарады. Осы жастағы балаларды мектепке бейімдеу кезінде жиі қиындық туғызатын себептердің бірі – педагогтың балаға деген қарым – қатынас кезінде де мұғалім жиі педагогикалық әрекеттің өктемдік етуі, қатты ұстау формаларын қолданады, ал мұндай жағдайларда мектеп жасына дейінгі балалар дағдыланбаған. Мектеп жасына дейінгі балалардың психологиясы көбінесе бала әрекетінің негізгі мазмұны – ойынға байланысты болады. Ойын арқылы бала өзін қоршаған дүниемен қарым – қатынас жасайды. Алты жастағы балалар үшін үйде немесе балалар бақшасында ұйымдастырылған сурет салу, саз балшықтан әр түрлі заттардың кескінін жасау, тақпақ үйрену, ертек айту, т.б. осы сияқты жұмыстар балалардың эститикалық сезімін оятумен бірге, оларды біліммен және іскерлікпен байыта түсетін болады. Мектепте оқытудағы баланың психологиялық даярлығы – мектепке дейінгі балалық шақ кезеңіндегі психологиялық дамудың басты қорытындыларының бірі. Мектепке бару бала өміріндегі шешуші кезең, өмір мен іс – әрекеттің жаңа күйіне, қоғамдағы жаңа орынға, үлкендер мен құрдастарына жаңа қарым — — қатынастарға көшу болып табылады. Оқушы орнының өзгеше ерекшелігі оның оқуының міндеті, қоғамдағы мәні іс – әрекет екендігіне оқу үшін бала мұғалімнің, мектептің, үй ішінің алдында жауап береді. Мектеп баласы оқуға жауапкершілікпен қарауға, оқудың қоғамдық мәнділігін ұғына білуге, мектеп өмірінің талаптары мен ережелеріне бағынуға міндетті. Табысты оқу үшін оған жетілдірілген нанымды ынта, едәуір ауқымды ақыл – ой шеңбері қажет. Педагогикалық әсер ету үлкендерге еліктеумен бірге жеке әдетті де, әлеуметтік сипатты әдетті де қалыптастыруға көмектеседі. Алты жастағы балалардың өздерінің жолдастарымен қарым – қатынасты, сөйлеген сөздерін талдағанда үлкендермен сөйлескен сияқты, олардың өздерімен сөйлесіп байқағанда алты жастағы балаларда сапалылықтың алғашқы формалары барлығын байқауға болады. Баланың ойы, ойлауы, сөйлесуі, бақылауы – олар мектеп жасына дейінгі балаларға ең керегі. Тіл дамыту, көркем әдебиет сабақтарында суретпен жұмыс, үлестірмелі қағаздармен жұмыс жасап, не көріп тұрсың, суретте нелер бар, суретке ат қой, адамдарға есім беру сияқты сұрақтар қойып, балалардың сөздік қорын, байланыстырып сөйлеуге, өз ойын анық, нақты сөйлеуге баулу. Мектеп жасына дейінгі балалардың сөздік қорының көбеюі тек зат есім арқылы емес, сын есім арқылы іске асырылады. Мектепке дейінгілердің есінде бар сөз қорына негізделе отырып, тілдің тиісті ережелерін пайдаланып, жаңа сөйлемдерді құра бастайды. Бұл жерде жаңа сөйлемдер дегеніміз тек сол сөздерде бар сөйлемдер емес, тіпті жоқ сөйлемдерді де құруды айтады. Сауат ашу сабағында дыбыстарды (мысалы: р, ш, с, ң, ф) дұрыс айтуына көңіл бөліп, қиындық келтіретін сөздерді күнделікті қайталап отыру мақсатында көптеген дидактикалық ойындарды өткізіп «Көп ойла, тез ойла», «Не артық», «Кім жылдам», т.б. ойларын тұрақтандырып, зейінді болуға, математикадан: «Жоғалған сандар», «Бірдей пішіндерді тап», «Анықтап қара», «Неге ұқсайды» деген ойындар арқылы сабаққа деген қызығушылығы артады. Баланың ойлау порцесінің дамуын қарастыратын болсақ, есі кіре бастаған кезде бала дүниедегі қоршаған заттар мен құбылыстардың сырқы пішініне, тұрмыста қолдануына, түр – түсіне, саны мен сапасына байланысты белгілі бір классификацияға жинақтап тоқтатуға болады. Топтасыру қасиетіне бала 5-6 жасында ие болады. Айталық шелек, тостаған, құмыра, мес, т.б. бала оны «ыдыс» деген ұғымға жатқызып, осыларды әртүрлі нәрселермен мысалы: орындық, үстел, сандық, т.б. ажырата алады. Топтастырудың бұл түріне мектепке дейінгілер үйрене алмаса, психологиялық даму жағынан оқуға дайын еместігін көрсетеді. Мектеп жасына дейінгі баланың сөзді игеріп алатындығы соншалық, ол ана тілінде емін – еркін сөйлей береді. Осы жастағы балалардың негізгі әрекеті ойын болғандықтан қиялдау процестері жақсы дамиды. Ойында арнайы ережелер болмағандықтан ойын арасында балалар өздері түрлі нәрселерді, ережелерді, персонал аттарын қиял фантазия арқылы дамыта алады. Бұл жастағы балалар өз қиялын алуан түрлі оқиғаларды тудырып, өзі сол оқиғалардың арасында ең жақсы қасиеттерімен көріне алады. Мектепте ұйымдастырылған саяхаттар балаларға өте қатты ұнайды. Мысалы айтатын болсақ: табиғатқа шығу, көшеге, театрға, музейге барған кездегі оқиғалармен қызықтырады. Жоғырады жүргізілген жұмыстардың нәтижесіеде балалардың сюжеттік – рольдік ойындарына қызығушылығы артады. Еңбек ірекетінде де балалардың ынтасы өте зор, үй ішіндегі тіршіліктерге көмектесу, өз киімдерін жинап қою, өз –өздеріне қызмет ету сияқты. Қиялды үнемі дамытып отыру – балаға айналадағы дүниені танытып, меңгерудің ең бір сара жолы, аясы тар жеке тәжірибенің өрісін кеңейтудің бірден – бір әдісі. Мектеп жасына дейінгі балалардың интеллектуалдық дамуына көмек, психологтар бұл жастағы «операцияға, яғни ойлануға дейінгі жас» дейді. Бірақ бұл жастағы балалар үлкендермен проблемалық мәселелерді шеше алмаса да, тапқырлық пен аңғарғаштық қасиеттері өте жақсы дамыған. Ойлау қабілеттері жағынан оларда жақсы қалыптасқан. Нақты бейнелер балалар үшін түсінікті, бірақ елеатері үзік – үзік келеді, яғни жалғастырып қорытынды шығара алмайды. Сабақта жақсы оқитын балалармен ғана белсенді жұмыс істеп қана қоймай, барлық баланың дамуы үшін қолайлы жағдай туғызып, қабілеті жеткен жерге дейін еңбек етуі ойластырылса, әр баланың оқуға деген қызығушылығы артады.
Жонысова Ақмарал Темирхановна,
№34 орта мектебінің ІІ санатты
бастауыш класс мұғалімі
Ақтөбе облысы, Ақтөбе қаласы