Home » Баяндамалар » Мектепалды балаларының коммуникативтік-тілдік құзіреттіліктерін жетілдіру

Мектепалды балаларының коммуникативтік-тілдік құзіреттіліктерін жетілдіру

Жаңа қоғам ертеңгі болашағын оқыту мен тәрбиелеу бесіктен, баланың нәрестелік шағынан басталады, үздіксіз даму барысында қалыптасады. Бұл білім беру жүйесінің барлық буындарына үлкен міндеттер жүктейді.

Егеменді еліміздің білім беру жүйесінде әлемдік деңгейге жету үшін жасалынып жатқан талпыныстар оқытудың әр түрлі әдіс-тәсілдерін қолдана отырып терең білімді, оқу барысында танымдық әрекеттерді бағыт ұстанатын, сол түрғыда өз болмысын таныта алатын жеке тұлғаны қалыптастыру ісіне ерекше мән берілуде. Бұл ретте мектеп жасына дейінгі балалардың коммуникативтік-тілдік құзіреттіліктерін қалыптастырудың білім, біліктерін жетілдірудің әлеуметтік мәні зор.

Мектепке дейінгі балаларды өз ана тілінде сөйлесуге үйретуде, тәрбие мен білім беру жұмыстарын ұйымдастыруда олардың сөйлеу тілін дамытуға, сөйлем құрастырып сөйлеуіне, сөздік қорының молаюына аса көңіл бөлген жөн. Сөйлеу бала үшін қарым-қатынас құралы болып табылады, оның ойлау қабілетін және мінез-құлқын реттеуде маңызды рөл атқарады. Сөйлеу қатынасы баланың білімді меңгеруіне, қажетті білік пен дағдыларды қалыптастыруға мүмкіндік береді. Балалардың ақыл-ойы мен мінез-құлқығының дамуына тіл маңызды рөл атқарады. Тілдің, сөйлеудің немесе сөздің әсерінен баланың қабылдау сипаттамасы өзгереді. Сөздердің ауызша көрсетілуі мен мән-мағынасын түсіне бастайды, демек, сөйлеу арқылы қабылдаудың сенсорлық типі мән-мағыналық, заттық типке ауысады.

Бала мектепке жақсы тілдік дайындықпен баруы тиіс. Бұл бағыттағы жүмыстарды жетілдіре түсу үшін тәрбиешілер тиісті әдіс-тәсілдерді қолдана отырып, балалардың тілдік даму деңгейлерін жүйелі түрде бақылап, тексеру жүргізіп отыруы қажет.

Тіл дамыту жұмыстарын тиімді ұйымдастыру үшін топтағы барлық балалардың тілінің даму деңгейін жақсы білу қажет. Кейбір балаларға ішінара бақылау, тексеру жүргізу арқылы бағдарламалық материалдардың қандай дәрежеде меңгеріліп жатқандығын, сабақ барысында қолданылып жүрген әдіс-тәсілдердің, дидактикалық ойын-жаттығулардың тиімді-тиімсіздігін анықтай алады.

Сөздің дыбыстық құрамын тексеруде: мектепке дейінгі балалардың дыбыс қолдануда жиі ұшырасатын кемшіліктер — сөз ішінде дыбысты дұрыс айтпау, сөз ішінде дыбыс қалдыру, не дыбыс алмастыру. Мұны анықтау үшін баланың өлең, тақпағын, таныс ертегіні қайталап айтып беруін өтіне отырып, көпшілік балалардың айтуға қиналатын р, л, с, ш, ж, з, б, п, ф дыбыстардың айтылуына мән берген дүрыс. Сонымен бірге баланың сөйлеу қарқыны, екпіні, мәнері де тәрбиеші назарынан тыс қалмауға тиіс.

Грамматикалық формада дұрыс сөйлеуін тексеру күнделікті өмірде үлкендермен қарым-қатынас барысында жүзеге асады. Баланың бір ойды әртүрлі сөздермен жеткізе алу қабілетіне назар аудару. Мысалы: «Сыртта жел соғып тұр», «Далада жел болып тұр».

Байланыстырып сөйлеу қабілетін тексеру — ақыл-ой және эмоционалдық даму деңгейін байқатады. Оны мына тәсілмен жүргізеді:

  • әңгімелеу. (баланың өзі білетін ертегі немесе әңгіме мазмүнын айтып беруін сұрау);
  • өз бетінше әңгімелеуі;
  • жетекші сұрақтарсыз әңгімелей алады;
  • ересек адамның көмегін қажет етуі;
  • мәтін мазмұнын толық жеткізуі;
  • оқиғаны баяндауда бірізділікті сақтайды;
  • кейбір бөліктерінің орнын ауыстырып алады;
  • мәнерлеу құралдарын пайдалану іскерлігі;
  • мәнерлеу құралдарын жиі дұрыс пайдалана алады;
  • мәнерлеу құралдарын сирек қолданады,
  • мәтінді ешқандай мәнерсіз жеткізеді.

Мектепке дейінгі ұйымдардағы білім беру үнемі коммуникативтік-тілдік бағытқа негізделіп, оқу іс-эрекеттері қарым-қатынас және мақсатты тапсырмалармен ұйымдастырылуы керек. Осы бағытта түрлі мониторингтер жүргізуге болады. Балалардың коммуникативтік-тілдік құзыреттіліктерін жетілдіру жұмыстары мынадай бағыттарда жүргізілсе:

  1. Тәрбиеші ұйымдастырылған оқу іс-әрекеттері барысында баламен қарым- қатынас жасағанда әсерлі сөйлеп, тыңдаушысын өзіне қаратып баурап алуы, яғни тіл мәдениетінің өте жоғары болуы шарт;
  2. Бала тілін дамыту үшін ең тиімді әдісті пайдаланса;
  3. Өтілетін мәтін, тапсырмалар, илюстративтік материалдар қазақ баласының халықтық ұғымына таныс және жеңіл болуы;
  4. Тіл дамытуда көркем шығармалар, мақал-мәтелдер, санамақтар, жұмбақтар, өтірік өлеңдер, ертегілер, өлең, тақпақтар, қызықты әңгімелер, шешендік сөздер іріктеліп алынса;
  5. Сөздік жұмыстарын жүргізу, жаңа сөздерді үйрете отырып, оны іс жүзінде қолдану;
  6. Жеңіл сөйлемдер құрату және ауызекі сөзде қолдана білу;
  7. Билингвальды компоненттерді қолдану;
  8. Тілдік жаттығулар жүргізу;
  9. Тіл дамытуда ойын технологиясын қолдану;
  10. Ата-аналармен қарым-қатынас барысында тіл мәдениетін сақтау.

Қазақ балалар әдебиетінің атасы Ы.Алтынсарин да балаларды оқыту, тәрбиелеу ісінде ауыз әдебиеті шығармаларының маңызды орын алатынын айта келіп: «Өмірге қажетті ауызекі сөйлеу дағдыларына жаттықпайынша, қай-қай тілде болсада еркін, жүйелі сөйлеу мүмкін емес», — деген.

Сондықтан да, күнделікті тәрбиеде ауыз әдебиеті үлгілеріне мықтап жүгінуі керек. Жалпы, бала тілінің дамуы бесікте жатқан кезі «бесік жырынан» басталады. Ол жырларда ананың баласына деген ақ тілегі, алдан күткен үміті мен сенімі анық білінеді. ¥лы Абай: «Туғанда дүние есігін ашады — өлең, өлеңмен жер қойнына кірер денең», — деген сөз осының айғағы.

Қорыта келгенде, баланың коммуникативтік-тілдік құзыреттіліктерін дамыту үшін түрткі болатын екі күш қажет. Осы күштердің бірі болып ең алдымен ата-ана табылады, өз баласының ерекшелігін көріп, оны дұрыс бағалай жэне бағыттай біліп, біліммен, тәртіппен, еңбекпен ұштастырып отырса, бала тілінің дамуына қажетті жағдай жасаса, бұдан балаға, оның болашағына үлкен пайда болары сөзсіз.

Нұргүл Ғабитқызы Кенжебаева,

МКҚК №40«Балдәурен»МДҰның меңгерушісі,

Ақтөбе қаласы

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.