Home » Мақалалар » Мектебім — мақтанышым

Мектебім — мақтанышым

                                                             

      

 

 

 

 

«Ескіден қол үзіп, жаңаға қол жеткізгендер мұғалім бола алады»
                                                                                               Конфуций

Қазіргі кезде жұртшылық арасында XXI ғасырда білімнің жоғары сапалы және әділ болуына ықпал ету үшін білім беру жүйесінде реформа жүргізу қажеттігі туралы ортақ пікір туындап отырғаны айдан анық. Оқыту сапасының тұрақты болуына қалай қол жеткізу керектігі көптеген елдердің білім беру саясатының негізгі мәселесі болып отыр. Бүкіл дүниежүзілік білім әлеміне кіру мақсатында  Қазақстанда білімінің жаңа жүйесі құрылуда.
2016 жылы Астана қаласындағы педагогикалық шеберлік орталығында мектеп басшыларының жаңа форматтағы курсыннан өтіп келгеннен бері , мектептегі ұстаздармен қысқа және орта мерізімді сабақты жоспарлай отырып, әлемдегі білім саласында болып жатқан өзгерістердің тиімді тұстарын саралап, жұмыс барысында қолданып, біздің мектептің бұл өзгеріске дайын екендігін анықтап, іске кірісу үлкен жеңіс болды. Сыни тұрғысынан ойлауды пайдалану, біліммен қатар дағдылардың қажеттілігін, көшбасшылық мектепті ұйымдастыру мен оқыту сапасына ықпал ететіндігіне көзім жетті. Ең маңыздылығы мектепті басқару ісін тиімді ұйымдастыру үшін директорлар бүкіл мектепті басқарудағы негізгі көшбасшы болып, мұғалімдерге оқыту мен оқуды дамытуда жанжақты  қолдау көрсету керектігіне көзім жетті.
Президентіміз Н.Ә.Назарбаев: «Бүгінгідей жаһандану жағдайында мемлекет пен адам озық, бәсекеге сай болу үшін, ең бірінші білім мен ғылым өркендеуі қажет» -деген пікірін іске асырудамыз, демек 2016-2017 оқу жылының қорытындысы бойынша аудандық тамыз конференциясында №4 БОМ-не мультимедиялық кабинеттің сертификаты ұсынылды. 2017 жылдың 1 қыркүйегінен қазіргі уақытқа дейін біздің мектептің мұғалімдері мен оқушылары әр түрлі оқу-тәрбие іс-шараларға қатысып жүлделі орындар алып көптеген жетістіктерге жетіп жатыр.  Осы аралықта мектептің ұстаздары біліктілгін арттырып, семинарларға қатысты. Қазақ тілі пәнінің мұғалімі Қантаева Марал Жақсыбайқызы мектеп тренерлерін оқыту  курсын,  Жаңартылған білім беру мазмұнын енгізу аясында   өткізілген облыстық семинар-кеңес жұмысына қатысты, сонымен қатар облыстық «Педагогтардың шығармашылық дағдыларын дамыту» атты семинар-тренингке қатысты.  Хозина Г.Д, Оралова Г. М және Қантаева М.Ж Облыстық дарын мектебіне барып зертханалық сабаққа қатысып, тәжірбие алды. 8 желтоқсан күні аудандық  жалпы білім беретін мектептер арасында өткен пәндер олимпиадасына  тарих,  орыс тілі,  математика, география,  қазақ тілі пәндерінен жалпы біздің мектептен 17  оқушы қатысып,  он оқушы екінші кезеңге өтіп, 7 оқушы облыстық кезеңге жолдама алды.
2018 жылдың қаңтар айының  5-6 жұлдызында,  Петропавл қаласында Жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиаданың облыстық кезеңінің 2 дәрежелі дипломмен 11 «Б» сынып оқушысы Дюсембаева Адия марапатталып, мектеп абыройын асқақтата түсті..
Солтүстік  Қазақстан облысы бойынша Жемқорлыққа қарсы мемлекеттік қызмет департаментінің агенттігі ұйымдастырған 9-11 сынып оқушылары арасында өткен эссе байқауында біздің мектептің 11 сынып оқушысы Кенесова Гүлсана облыста 1 орын иеленді. 30 қыркүйек аудандық және 24 қараша облыстық «Жас өлкетанушылар» слеті болып біздің мектептің 11 сынып оқушысы  Қырғызбай Аяулым бас жүлдені жеңіп алып, гран при иегері атанды. Сонымен қатар біздің мектептің ұжымы салауты өмір салтын сақтай отыра, аудан көлемінде өтетін барлық спорттық іс-шараларға белсене  қатысып, өз істерімен жас ұрпаққа үлгі- өнеге көрсетіп жүр. Мұғалімдер арасында «Жыл мұғалімі» өтті. Оған әр әдістемелік бірлестіктен бір мұғалім қатысты. Бұл қызықты да тартымды сайыста 1 орынды бастауыш сынып мұғалімі Избасарова Р.Т иеленді.  Тарих пәнінің мұғалімі Оралова Г.М  ҚР Білім министірі Е. К Сағадиевтің алғыс хатымен марапатталды. Міне, жаңа форматтағы оқыту оқушының оқуы мен мұғалімнің кәсіби дамуына оң ықпалын тигізіп жатқандығы істерінен көрініп-ақ тұр. Мектеп ұжымына айтар алғысымыз шексіз. Ұжым болып жұмыс атқарсақ әлі де талай биікті бағындырарымыз сөзсіз.

                               Нұрғожин Шегебай Мәруарұлы
№4 Булаево орта мектебінің директоры,
Мағжан Жұмабаев ауданы, СҚО

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.