Жуырда Май ауданының Саты жалпы орта білім беретін мектебінде Елбасы Н. Назарбаевтың «Болашаққа бағдар – рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласын іске асыру мақсатында аудан әкімі А.Қаңтарбаевтың қатысуымен “Мектебіме тағзым” акциясы аясында мектеп түлектерімен және ауданның табысты адамдарымен кездесу өтті.
Бұл шараға Саты мектебінің мақтануға тұрарлық түлектері: Шарбақты ауданының әкімі Ж.Ибраев, аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Т.Ж. Сыздыкбаев, КВ «Феникс» ЖШС қаржылық директоры С.С. Солтанов, ардагер ұстаз Д.Ж. Ибраевалар қатысты.
Мерекелік шара шахмат кабинетінің ашылу салтанатымен жалғасын тапты. Шахмат кабинетінің ашылуына демеушілік көрсеткен Б.Ибраевқа мектеп ұжымы зор алғысын білдірді.
Л. Жунісбекова
Білім айнасы
Павлодар облысы