Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру, ұрпақтар сабақтастығы» бағдарламасы аясында өткенді ұлықтау, ел үшін еңбегін еселеген ұрпақтарымызды еске алу қазіргі таңда өзекті мәселелердің бірі болып отыр. Қай заманнан Алматы десе алдымен көкмайсалы Көктөбе, биік шатқалдағы «Медеу» мұз айдыны, мұзарттағы Шымбұлақ ауызға алдымен ілінетін әдемі әдет бар. Мың жылдық тарихын әлемдік дәрежеде шегелеп тұрып мықтап алған Алматы бұл күндері шаһардың ең тарихи танымал тұлғаларын ұлықтау ісін одан әрі жалғастыру үстінде. Сол себептен, Алматы өзі өз болғалы тарихында тұңғыш рет биылғы ақпан айын толығымен Медеу Пұсырманұлының рухына арнады. Осы бағдарлама аясында Медеу ауданың әкімі Е.Жылқыбаевтың бекіткен жоспарына сәйкес, Алматы қаласының білім басқармасының қолдауымен, Медеу ауданның білім бөлімінің басшысы Ақайша Әмірқызының тапсырмасы бойынша Медеу Пұсырманұлына арналған айлық іс-шаралар атқарылуда.
Медеу Пусырманұлының өмір тарихына көз жүгіртетін болсақ, Медеу атамыз Алматы облысы қазіргі Жамбыл ауданында дүниеге келген.
(1850-1908ж.ж.). Қазақ, орыс тілін жете меңгерген, өткен ғасырдағы көзі ашық, сауатты адамдардың бірі. Қоғам қайраткері. Ұлы жүздің шапырашты тайпасының Есқожа руынан. Медеу 58 жасында қайтыс болған. Медеу мұзайдынының атауы-тарихи тұлға, Медеу ақсақалдың атына байланысты қойылған. Халық арасында Медеу ақсақал туралы көптеген аңыз бар. Медеу мыңғырған малы бар, дәулетті адам болған. Өзінің еңбекқорлығымен мал жиған дәулетті адам. Медеуден биігірек жерге сел тасқынға қарсы бөгет орнатқан.
16.01.2018ж. Медеу Пұсырманұлының өнегелі өмірін насихаттау және жас ұрпақты патриоттық рухта, Отан сүйгіштікке тәрбиелеу мақсатында Алматы қаласы Медеу ауданы №33 мектеп-лицей «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында «Мекені тұғырлы, есімі ғұмырлы Медеу Пусырманұлы» тақырыбында 1-11 сыныптар арасынан тәрбие сағаттары өтілсе, 5 сыныптардан ата-аналардың қатысуымен мәдени спорттық іс-шара өткізілді.
07.02.2018ж. Қазақ тілі мен әдебиет пәні бірлестігінің ұйымдастыруымен 5-8 сынып оқушылардан Медеу атамызға арнап «Есімі ел мен жердің жүрегінде» атты эссе байқауы өткізілді.
08.02.2018ж. Медеу Пұсырманұлының елі үшін жасаған еңбегін еселеп, бүгінгі ұрпаққа есімін қайта жаңғырту мақсатында эстафеталық жарыс ұйымдастырылды.Жүлделі орынға ие болған жеңімпаздарды мектебіміздің директоры Казиева Назгуль Алдабергенқызы мақтау қағаздармен марапаттады.
Артынан, эстафеталық жарысқа қатысқан қатысушылар спортқа деген қызығушылықтарын таныта отыра, мектеп әкімшілігіне және ұжымға өз ризашылықтарын білдірді.
Мектеп кітапханасы А.Айдаркулова көрме бұрышы ұйымдастырылды. Сонымен бірге қабырға газет пен сурет көрмесі шығарылды.
Медеу аудандық М.Пұсырмановқа арналған ХІ-ХХ ғасыр Алматы табиғат суреттеу, тарихи ғимараттарды бейнелеу тақырыбы бойынша 8 А сынып оқушысы Тілектес Томирис пен 6А сынып оқушысы Аликен Даулеттің шығармалары аудан бойынша 3 орынға иеленді . Жетекшісі сурет пәнінің мұғалімі Омарбекова Мақпал.
Мәдениет Нәйля Мәдениетқызы,
№33 мектеп-лицей директорының
тәрбие ісі жөніндегі орынбасары