2017 жылы 23 маусымда Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Кітапханасының Музейінде дамуында ерекшеліктері бар балалар үшін «Өнердің ғажайып әлемі» арт-терапевтикалық сессиясы аясында жылдың көптен күткен оқиғасы – «Астана ЭКСПО-2017» халықаралық мамандандырылған көрмесіне арналған «Мейірім қуаты» шығармашылық мерекесі ұйымдастырылды.
Іс-шараны ұйымдастырып, бас-қасында жүрген Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының Кітапханасы ұжымы мен «Астана қ. мүгедек балалар қоғамы» АҚ, «Мое возрождение» психологиялық орталығы.
Ерекше балалармен жұмыс жүргізу – Елбасы Кітапханасы қызметінің маңызды бағыты.
Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті мұражай директорының орынбасары Ботагөз Қайыпова:
– «Ерекше балаларды» бейнелеу өнеріне, белсенді суретшілік шығармашылыққа, музей кеңістігі ерекшеліктерін және арт-терапевтикалық жұмыс істеу тәсілдерін пайдалануға үйрету, тұйықталу мен шектелуді еңсеруге, өзін-өзі жоғары бағалауға және әлеуметтік бейімделуге жағдай жасайды.
Арт-терапевтикалық сессиясында
– ғажайып құм шоуы;
– «Мен және менің қомандам» психологиялық тренингі;
– шығармашылық шеберхананың топтық жұмысы: кенеп маталарға «ЭКСПО-2017» нышандарын салу;
- жұмыстарды қорғау және тұсаукесері;
- «Сабын көпіршіктері» көңілді шоуы көрсетілді.
Іс-шара терапевтикалық, сонымен қатар эстетикалық сипатта жүргізілді. Акцияға кәсіби педагогтар мен психологтар қатысып өз пікірлерімен бөлісіп, кеңестер берді.
Ұйымдастырушылардың айтуынша Елбасы Кітапханасы Музейі қабырғасындағы бірлескен емдік сессиясы, мүмкіндігі шектеулі балаларды оңалту бойынша баламалы бағдарламарды енгізуге, арнаулы қорғауға мұқтаж балалар кездестіретін мәселелерге қоғамның назарын аударуға ықпал етуі тиіс.
Ұйымдастырушылар тарапынан естелік сыйлықтар мен кітаптар тарту тартылды. №1 Балалар музыка мектебінің шығармашылық ұжымы балаларға өздерінің музыкалық туындыларын тарту етті.
Білім айнасы