Құрметті Сара Алпысқызы!
Сіз «Бөбек» қорын ашып, игі іс-шаралар өткізіп мыңдаған адамдардың алғысын алудасыз.
Біз «Өзін-өзі тану» пәні арқылы рухани байып, Саодат апайымның сапалы дәріс алудамыз. Бұл пәннің арқасында өмірге деген көзқарасым өзгерді. Мейірімділікті, сабырлықты, имандылықты осы пән боымызға дарытты. Осы пәнді мектеп бағдарламасына еңгізгеніңіз үшін сізге алғысым шесіз!
Мен сізді осы пәннің арқасында Елбасымыздың адал жары мейірімді ана ретінде танып білдім. Сіздің салихалы мінезіңізге тәнтімін. Сіздің әрбір сөзіңіз өмірлік ұстанымыма айналды. Сіздің елге жасаған еңбектеріңізді бағалаймыз.
Сізге ешкімнің бақшасында піспейтін, уысына түспейтін зор денсаулық тілеймін. Күміс күлкі жүзіңізден арылмасын. Болсын деймін. әрдайым бағыңыз басым. Әрқашан елімізге нұр шапағатыңызды шашып жүріңіз. Бақыттың базарында, Алланың назарында болыңыз.
Сізге деген махаббатпен, Шілдебаева Гүлзина
№69 Бескепе негізгі орта мектебінің
9 сынып оқушысы